Кез келген кәсіпте ысылған сайын хайуани түйсік пайда болады.
«Газельші» аялдамаға жақындап келіп... бәрінде «проездной» екенін сезіп қойып, зу етіп өтіп кетеді.
Саудагердің көзбен мөлшерлеп күреп салып бере салған қантын кірге тартсаң - тура 1 килә шығады.
«Қырық қалмаққа» тамақ пісіретін аспаз қазанға бір уыс тұз, сосын ойланып тұрып - тағы бір шымшым тұз салады. Неткен дәлдік дейсің, ботқасын жеп отырып.
Журналистер әлі болмаған оқиғаның «болванкасын» жазып қойса, оқиғаның сол жазғандай болып өтетініне күмәнің болмасын.
Менттер топырлатып ұстап алған тобырдың ішінен ұрыларды алып қалып, қалғандарын жібере салады.
Тек сал-серілер ғана ысылмайды-ау деймін. Сұлу атаулының барлығына «қыңырайып құр кетпейтін» жігіттің сұлтанын кісі болған кезінде кездестіріп, «әлі баяғы жүріс пе?» деп сұрасаң:
- Е қойдық қой... Түстік қой құрыққа, хе-хе...- деп, ыңғайсызданып ыржалаңдайды.
Бәсе. Әйелді танып-біліп болдым деу сірә жоқ...