#барақ
ЕКІ ДОС
Джамшут пен Равшан дей салайын. Олар да сол шығыстан еді ғой.
Джамшутты миграциялық полиция алып кетсе, Равшан барып, есігінің алдында тосып отыратын. Көргендер, ол тіпті ит сияқты шоқиып күтіп отырады дейтін.
Джамшут темекі сұраса, екеуін сұрайтын. Біреуіне де жарымай тұрып, ананы қарашы деп, бригадир жырқылдайтын. Мазақтайтын. Бірақ. Бірақ осы байғұстардың бірдеңесін қызғанатын.
Равшан ортаға тасталған тандыр наннан жалма-жан Джамшуттың да үлесін алып, күпәйкесінің ішіне тыға қоятын.
- Сарт, таста нанды, уақытында келмесе - біз жейміз! - деп жағадан алатын байғұсты. Қайда барады, зәресі ұшып, қайта тастайтын. Бірақ енді - өзінің үлесінен бөліп алып қоятын. Әлімжеттік жасайтындар осы түгі жоқ байғұстарды бірдеңесін қызғанып тиісе беретін.
Бірде Равшан екі күнге жоғалып кетті. Оны мына біздің сұмырайлар құлдыққа алып кетті деп, бейшара Джамшутты боздатып қойды. Сол екі күн бойы көзі құрғаған жоқ. Тасты қалап тұрып, еңкілдеп жылап тұрады. Күбірлеп дұға қылады. Ішқұса деген осы сірә.
Екі күннен кейін Равшан табылды. Миграциялық шенеунік жай, үйінің малайшылығына көшеден тиеп кетіпті. Кинодағыдай қауышуды сонда көргем. Айтып жеткізіп әлек болудың да қажеті жоқ.
Бір күні екеуі Орынбор шекарасымен Ресейге қалай өтіп кете аламыз деп сұрастыра бастады. Кімге орамал беріп, қайда бет түзейтіндерін айтқан болдық. Неге кетіп барасыңдар дедік.
Джамшут:
- В Рассия брат хорошо устроилса, завет. У нас тоже будит красивый паспорт, ми можем потом спокойно ходит, работат! - деді.
Кетті содан. Жолдары болған шығар деп үміттенем. Қайдам бірақ.
...Бір күні барақта әдеттегідей төбелес болды. Әлгі байғұстардың жұртты қызғандырып, ішін тырнайтын не қасиеті барын сонда түсіндім.
- Джамшут сияқты жоқсың! - деді бригадирдің цемент ұрлай келген інісі, сірә, ең мықты балағат ойлап таптым деп тұрса керек.
- Қайдағы, Джамшутқа бәріміз де жете алмаймыз! - деді бригадир.
-О қалай сонда? - деді мұндай жауапты күтпеген інісі.
- Өйткені ешқайсымыздың Равшан сияқты досымыз жоқ!!!
Барақ жым болды. Іліп аларлық дәнеңесі жоқ екі қаңғының қандай бай екені сонда жетті...