TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Yerlan Ospan

5 Oct 2017, 18:38

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

ПСАЙ

«Міне бүйтіп, міне үйстіп, үйстіп - саусақтарымен үстелді барабандатып тықылдатып отыратын адам - неврастеник» - деді психолог.

Тыңдап отырған адамның аузы аңқиып қалыпты. Ал мен шошып кеттім: сүйікті әдеттерімнің бірі еді, сүйтсем - ауру боп шықтым ба?

«Ал қолдарын айқастырып, төсіне қойып алатындар - бейсана деңгейде әлемге «мен жабықпын, сырласуға жоқпын» дегісі келеді».

Кейде әлемді жердің бір жеріне жібергіміз келетіні рас, бірақ ол үшін осынша күрделі құпия ымдау жүйесін жасап қор болудың қажеті қанша? Ет жақынымен теріс қарап тұрып та сөйлесе беретін мен ше, мысалы?

«Екі қолын екі жаққа сермеп жіберіп, көкірек тұсын ашық ұстауға тырысатын адамдар контактіге тез барады. Және жұрт сондай адамдарға тартылады».

Мұнысы енді, рас сияқты: Христос дәл солай тұр, нәтижесінде жер бетінде екі млрд христиан бар.

«Алақанын үстелге сырт жағымен қоятын адамдар да - жабық болады; сөйлесуге ынтам да, зауқым да жоқ дегені».

Әнеки, тағы да. «Өй, сөйлесуге дымым құрып тұр, кетші әрі» деп айта салуға не кедергі сонда? Мәдениет, такт дегендерді бір адамдай естідік, бірақ жұдырықпен емеурін білдіру тым күрделі сияқты.

«Алақанын үстелде ашып, жайып отыратындар болса...».

«Қайыршылар» дей жаздадым. Сүйтсем, сіз аңдағандай, дәл өзі: ашық әм береген, қайырымды энд мейірімді, кеңжүрек ва ақкөңіл жандар. Бірақ мен үстелге алақанын жайып отыратын адамды кездестірмеппін.

Енді аз-мұз трагедия. Осы арзанқол интернети ақылдарды тап бүгін бір бизнесмен - «Киевтен келген» делінетін, әлбетте - «атақты», «танымал»; Майданның медиациясына қатысқан; ДАИШ содырларына буддизмді үгіттеген; сұмдық қиын балаларды бағуды оңайлатқан (жетістіктерін әрі қарай, осылай ойдан шығарып ала берсеңіз болады: ол кісі «жоқ» демейді) «корпоративті психологтан» қоралы ақшаға сатып алды.

...Киевке тіркеуге тұрып, елге қайта кірсем бе екен...

185 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot