БОНИ МЕН КЛАЙДТЫҢ САЛАМАТЫ ҮШІН
Банктерге банк тонаушылар жөніндегі хабарға ат салысуының қажеті жоқ))
Орта ғасырларда Австрияның күміс кеніштерінің ірілері, атын ұмытып отырмын - бір банкирге тиесілі болған. Сол кісі аңдаса, кеншілер әңгіме арасында бұған өлім тілеп, лағнат айтып қойып, отыра береді екен. Қаратабандардың мұнысын өзінің сараңдығына балаған банкир дереу кеншілердің рационын күшейтуге пәрмен беріпті. Сөйтіп, дастарханда кесек-кесек ет, ағыл-тегіл сүт пен нан пайда болыпты. Қазіргі апта демалысына келетін - демалуға үзіліс те енгізіпті. Бірақ, халық енді - шат-шадыман көңіл-күймен өлім тілеуді шығарыпты; жылнамашылардың айтуы бойынша, тоқшылықта шығарған лағнаттары тіпті сүйектен өтеді екен))
Өткен ғасырдың отызыншыларының тоқырауында бүкіл Америка банк тонаушылар туралы қылмыстық хроникаларды демін ішіне тартып отырып күтетін болған. Оңбағандар сазайын тартсын деп емес. Оларды құтылып кетіпті деген хабарға қуану үшін. Әй, біреудің жолы болды-ау деп, күпті көңілдері бір сәтке жадырап сала береді екен, дағдарыстан мойындары ырғайдай болған жарықтықтар.
Халық алаяқтар мен педофилдерді - тіпті полицияның кеудесінен итеріп қойып, өзі іздеуге бар. Тек банкирлерге ешқашан болысқан емес. Ендеше кері нәтиже алып жүрмеңіздер, банқілер))