Мәдениеттанушы, фольклорист.
Бұлар - тоқсаныншыларда абыройсыз қалған мамандықтардың бірі. Әдебиетте де, сахнада да мұғалімдермен бірге - аш-жалаңаш әрі сүмек боп сомдалатын бұл ғазиз мамандықтардан алдымен жастар шошыды. - Әкесінің, найух, - деуші еді менің замандастарым,- аргоносварка оқимын одан да!
Мектеп кезінде - болашақта культуролог болып, атасының басын үйітіп жейтін тайпалардың мәдениетін түсінемін деген бала-арман болған көбімізде. Бірақ, заманның арынынан шошыдық. «Лох», «кембағал» боп сомдалатын мамандардың кейпінен; құдағилардың: «күйеу бала еркек емес, оқымысты, содан жарымай жүр» дейтін әңгімелерінен, тарихшыдан - саудагерге кетіп қалып жататын қыздардан секем алдық.
Кәсіби мәдениеттанушылар, фольклористер бұрын да болмап еді, ал тоқсаныншыларда ешкім оларды екібастан іздеген жоқ. Сондықтан да радикал ағым өкілдерінің өміріміздегі анау-мынау көріністерді «серік қосу», «мәкүрік» дегендері білгірлік көрінді. Ата-баба салты санада осылайша тірілей көмілді.
Мына жерде - Хеллоуин мейрамы мен орыс халқындағы соған ұқсас ғұрыптар мен нанымдар туралы.
Кейбір тұжырымдар:
- Наным мен білімді шатастыруға болмайды. Құдайға сену - наным. Ал әруақтар мен өлілер әлемі - бабаларымыз үшін кәдімгі білім, тұрмыс шындығы болған. Яғни әруақтар мен жындар өмірдегі кез келген құбылыс сияқты үйреншікті болған.
- Бабаларымыздың әлемдері: о дүние, бұ дүние және өліара әлем.
- Ырым ету бабаларымыз үшін - табиғатпен кәдімгідей келісім-шарт.
Кей тұстарда қазақ язычествосына да («пұтқа табыну» дегеннің мағынасын діндарлар қиратып тастауы себепті орысша жазып отырмын) ұқсас элементтер көп.
Қараңыз, өкінбейсіз. Бабаларға қараңғы көргенсіздер ретінде емес, дегенмен бірдеңе білген жандар ретінде қарай бастайсыздар.