TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Yerlan Ospan

6 Nov 2017, 19:43

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

«ТУЫСҚАНДАРЫМНЫҢ ТОҒЫШАРЛЫҒЫ» /басы/
#schildburgers

«Мың бір түнде» ме, осындай бір әңгіме бар еді ғой. Комедия көргендей қайта-қайта оқитынмын.

Кейін өмірдің өзі-ақ комедияға тойдырады емес пе.

Бір танысым мұнай компаниясына жұмысқа тұрайын десе, «ең болмаса «заочно» оқуға түсіп кел, әйтпесе алты ай болмай зытырады мұнда» деген екен тілеулесі.

Сол, ауылдың ақкөңіл аңқылдақ қара жігіті. «Оқуы несі, не оқу ол, орамалды кімге берем, оқымай-ақ қойсам болмай ма?» дейді баяғы.

Содан, қаптаған колледждердің біріне «заочно» оқуға түсірдік жабылып. Еш қылмыс жоқ: оқу ақысын төлесең барлық жер қабылдай бермей ме осы. Мамандығы - «Эксплуатация нефтяных и газовых месторождений».

Қалай түсті - солай жұмысына тайып тұрды. Содан алғашқы семестр бітер алдында бір-ақ келді.

- Өй... жұмыстан шығарып жіберді...

- Не болды?

- Негізі шығармайтын еді... Өзімнің «дауылбайлығымнан» таптым...

- Қалайша?

- Оқымаған адамбыз ғой... Комиссия менің алдымдағы жігіттен «кімге оқып жатырсың?» деп сұрады. Ол: «Энергетика» факультетінде, энергетикке» деді...

- Ал сен?

- Енді мен... ұмытып қалғам ғой. Оқып жатқаным «эксплуатация...» деп басталатын болса, «эксплуататор» болам дедім.

- Ойбууу... Сосын саған не деді?

- Анау: «бізге плантаторлар керек емес, боссың!» деді де, өзі күлкіден домалай кетті... Айтшы, орысша жаман сөз бе не сонда, «эксплуататор» деген???...

Шымылдық...

«Аққа құдай жақ», уайымдамаңдар, қазір үбірлі-шүбірлі, үлкен үйдің отағасы...

154 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot