TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Yerlan Ospan

15 Nov 2017, 05:56

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

ДИВЕРСАНТ-ДӘНЕКЕРШІ МЕН ЭЛЕКТРИКТЕР ЕЛІ

Мысалы, мен бір жерде редактор болдым. Ендісі сол: менің - әлде ішіп келген, әлде шизофрения меңдеген қызметкерімнің сайтқа абайсызда - антиконституциялық я экстремистік материал салып жіберуіне мүмкіндік жоқ. Мақала қадағалау-бақылаудың-жариялаудың үлкен тізбегінен өтеді.

Өнеркәсіпте де солай. Болуы тиіс еді. Форд атамыз конвейерлік өндіріс енгізгеннен бастап, адамзат дәнекерші мен еден жуушының қатесіне бола тұралап қалмау әдісін ойластырған және бұл істе айтарлықтай табыстарға жетті. Өндірісті модульдерге жіктеу, аса қауіпті учаскелерде - тез қалпына келтіру, бірін бірі қайталайтын функциялар енгізу, өндірістің басшысына орынбасарлар тағайындау жүйесі (анау кенет жүрек талмасынан өліп кетсе мысалы) - тұралап қалмау шараларының бір парасы ғана. Мысалы, бұрынғы «КИПиА» жүйелерінде запаста электронды блоктардың үшеу-төртеуі болады. Бірі өртеніп кетсе, суырып алып, екіншісін сала қоюға. Әйтпесе қазандық тоқтап қалып, дүйім жұртты аязға қатырасың, немесе Чернобыльдегідей кесапатқа тап боласың.

Егер өндіріс осынша қадағалау-бақылау сатысы бола тұрып тұралап қалса, онда бұл - кәдімгі диверсия. Себебі өндірісті тоқтату үшін - технологиялық тізбектегі барлық адамдардың сыбайластығы керек. Совет кезінде енді, бұл үшін бірден атып тастайтын. Ал қазір - тіпті осындай күрделі, қасқаналықтың барлық белгісі бар әрекетке жауапты адам жоқ. Табылыпты-мыс. Кім? Дұрыс: топ-менеджер, министр емес әрине. Дәнекерші!

Қайбір жылы ресейлік «Протон» оталып барып, омақаса құлағанда, кінәлі ... жоқ, Рогозин емес, электрик «боп шығып» еді. Сүйтсе, бір релені теріс қаратып іліп қойыпты-мыс. Сәтсіздіктің бұл нұсқасы абырой әкелмеді бірақ. Космос шенеуніктерінің біразының басы кетті.

Ұқсаймыз көршімізге, аумаймыз. Презентация-жиналыстардан, одан қалды - асқақ рухани сұхбаттардан қолы тимейтін шен-шекпенділердің қарапайым дәнекершіні «лақтыруы» - әкімшілік-өндірістік жүйенің ауру екенін айқын көрсетеді. Ал мұның кесірі кәдімгідей, достар. Мұндай басшылардың «кидаловосын» көріп, шошып-үркіп отырған жастар бар. Кәмелетке жетпегендері кәмелет жасын, жеткендері - аз-мұз тиын жинап алғанын күтіп жүр. Зытуға. Батысқа. Кремний алқабына. Түркияға. Италияға. Германияға. Олар қаһарман емес. «Бермесең де баспанаңды, тастамаймын астанамды» дейтін жанкештілік оларда жоқ. Олар жай ғана - кәсіп қылып, өмір сүргісі келеді. Болғаны сол. Ал оған елімізде кедергі, өздері айтатындай, мынау:
- Қой енесін, біреудің бірдеңесіне алдап қол қойдырып алып, түрмеден бір шығармын, елді сыртынан да сүйе аламын!

Дәнекершіні жазаламауларыңызды сұраймын, ол прозалық пианист сияқты, «қолынан келгенін істеп бақты».

155 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot