ӘКІМГЕ СЕРІК ҚОСУ
"Тұра тұрыңдар, оның хикаясын мен айтып берем қазір!" деп, келіп ортаға отыра қалып, дауысын "криминалды төмен" деңгейге түсіріп, көзді бақырайтып қойып әңгіме айтатын ағеден де ақкөңіл таныстарыңыз бар ма?
Жаңа әкім - орынбасарын келе сала тоңқалақастырғанын түрліше жорып, дауырығып отырған жұрттың ортасына әлгі танысым топ ете қалды. Билік дәліздерінен өсек таситындай алыс-берістері бар деген қауесет естіп едім. Ендеше, демді ішке тартып, тына қалдық.
- Тұрыңдар-еу, тұра тұрыңдар, дүрррррр! Тұра тұрыңдар! Оның историясын қазір мен айтып берем сендерге!
- Сөйтіп?
- Орынбасардың өзінің кесірінен барлығы. Астанадан жаңсақ әңгіме естіп, әкім болуыңызбен құттықтаймын деп... аэропортта басқа біреудің алдынан гүл алып шығыпты!!!
- Әттеген-ай!
- Өзіне де сол керек!
- Болмапты, болмапты...
- Әкімге серік қосқан ба сонда? - деп қалдым бір кезде тілім қышып.
- Астапыралла, күнәһар болма балам! Тек құдайға ғана ширк қатады! - деді, ішімдіктер шығарыла бастағанын көріп, кетуге жиналып жатқан молда...
Абайла, жас шенеунік! Сабыр, сабыр және сабыр!...