КІМ «ТОТАЛИТАРЛАУ»? ЕЩЕ НУЖНО ПОДУМАТЬ, ХЕ-ХЕ.
Соңғы кездері, «Совет үкіметінің басшылары барлығын біржақты, «үстелді дүңк еткізіп», жалғыз өзі бәрін шешіп тастаған» деген тұспалдарды, тіпті сенімді тұжырымдарды жиі оқып, естимін. Сосын таң қаламын.
Достар, Советтер Одағында шешімді қабылдаған Төраға емес. Тек Политбюро ғана қабылдады. Ал онда - түрлі ұлт-ұлыстармен бірге, партияішілік баланс орнаған. Ендеше Төраға болғаныңмен, шешіміңді аппараттық соғыстарда қорғауыңа тура келеді. Біреулердің артында обкомдар тұр. Біреулердің артында әскер тұр. Біреулердің артында өнеркәсіп бар.
Келіспейтіндерді, қазіргі қазақ практикасындағыдай - шұлық сияқты шешіп тастай салу мүмкін болған жоқ. Кеңес шақырудың қатаң регламенті бар. Ол кеңес боламын дегенше карта әлі-ақ мың құбылуы мүмкін.
Сайып келгенде, Тәшеновтың басын жұлып ала салу мүмкін болмағаны содан. Ішкі қарым-қатынастардың ретін, аппараттық ойын ережесін тамаша білген жан (БҰҰ-ға арызданамын дегенін әлі дәлелдеу қажет, стенограммасын таба алмадым). Енді қазір бірдеңені «бермеймін» дейтін әкімді елестетіп көріңізші! Хе-хе, аяғы аспаннан келетінін түсініп-ақ тұрсыз.
Ендеше, қай жүйе тоталитар екенін әлі де сараптау керек, жолдастар.