TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Yerlan Ospan

15 Jan 2018, 08:27

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

ТОРТТЫҢ ТӘМСІЛІ
1990 жылдары ауылда біреу Mazda мініп алды.
Қарғалардың үйіріне аққу қосылып кеткендей, бұл мәшін басқа мәшіндерден де,
жұпыны да сұрқай ауыл өмірінен де оқшау да оғаш болып, бөлініп тұрды.
- Мынау үш «уазиктің» ақшасы тұрады екен, басы істемейді осының! - деді, велосипедті де сұрап мінетін Ш.
- Біздің елге келмейді мынау. Ырғызға бір барып келгеннен шашылып қалатын ойыншық қой - деді Ш.А. (алдыңғы Ш-ның тегі - К., шатастырып алмаңыздар).
Не керек, көре алмаудың қазанына біржола қойып кеттік. Өткен-кеткен сайын бірдеңе деп қалу парыз болды. Кәсіп қылып, Mazda мінген адам емес, сол машинаның көрінеу кемшілігін тауып айтатын адамның беделі болды.
Бірде, «За рулем» журналына ма екен - осы машина туралы мақала шықсын. Бір жерінде - отын жүйесінің процессоры («айншприц») минус 30 градуста істен шығып қалған оқиғалар туралы жазылыпты. Өйдөйт! Минус отызың біздің ауыл үшін сирек емес. Сыншылар ендігәрі термометр қарауды әдетке айналдырды.
- Әй, бүгін алыс жолға шықпа! Айдалада оталмай қалып, үсіп өлерсің. Бәсе, біздің елге қол емес мәшін екенін айтпап па едім! - деп мүсіркеген болады менің журналымды оқып алған білгірлер.
Мәшінің өкінішімізге қарай - қыңқ еткен жоқ. Тіпті қожайыны минус қырық градуста майкішең отырып, облыс орталығына дейін барып қайтуды шығарды. Мұнысы енді, кәдімгідей күйдірді...
Жиырма жылда шыр бітіп, жан-жақты танығаннан кейін, өзгерген шығармыз деп ойлаушы едім. Жоқ. Торттың пыш-пышынан сол бір ұсқынсыз, жаман, болмасын деген ескі түйсікті шырамыттым. Тіпті қазақтың міндетті жоралғысы - жұбайларға бақыт тілеуді де ұмытып кетіппіз. Жиіркенішті...

157 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot