Қолдан жасалған тапшылық кезінде кез келген кітап оқылды. Түк таба алмағасын ақыры синустар кестесін әншейін оқып жататын адамдар болушы еді бала кезімде.
Қазір тапшылық жоқ.
Сондықтан мұқабасы Office 97 пакетіндегі PowerPoint-та автормен жобаланған, парақтары тағы бір өңдегеннен кейін әжетханаға жол тартуға дайын тұрған кітап иесінде - жақсы сатылымға, өзіне танымалдыққа титтей де үміт болмауы тиіс.
Бәлкім, мазмұнын қатырғаным сондай, оқырман пішінін елемей-ақ ала салады деп ойлауы мүмкін. Өз басым ондай екі-ақ кітапты білем.
Біріншісі - алғашқы Конституция, облыстық сот жүйесіне алуға мәжбүр болдық. Әлем-жәлем ылғал тартқан көк кітапша еді. Соттар амалсыз алды.
Екіншісі - тағы да Конституция, жаңа нұсқасы. Бірақ сол қағазда әлі.
Парақтарынан ацетонның иісі мүңкіген қазақ ертегілері мен қызылды-жасылды «Оксфорд энциклопедиясы» қатар тұрса, әрине, екіншісін аламын. Қисынға да ерік беру керек қой анда-санда, өзіңді қинай бермей. Сұлулыққа құмармын! Әдемі кітап аламын!
P.S. Егер мұқабасы курсив Times New Roman-мен жазылған, ал мәтіні justify екшеленген кітап көрсеңіз - алмаңыз. Жеке тәжірибеден.