TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Yerlan Ospan

24 Jan 2018, 20:00

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

ҚАЗАҚ ТАРИХЫ СОВЕТ ТАРИХЫНЫҢ КЕБІН КИМЕЙ МЕ?

Осы бар ғой, ентерлеттер мен сканерлер; ал қаймана қазақтың смартфоны - анау-мынау патапараттан артық заманда ол-бұл тарихи құжаттың көшірмесін сұрайсың ғой. Басың бәлеге қалады. Не тұрады, «мә!» деп, құжаттың фотосын лақ еткізсейші! Жоқ. Неге сенбейсің, космополитсің бе, ұлттың жауысың ба дейді. Лажы болмаса, «өй, мылжыңға бас қатырмаймын», «көрмес - түйені де көрмес» деп, күрсінген болады.

Сондықтан ба, анау-мынау данышпандарымыздың бұрын естімеген «қанатты сөздеріне» етіміз үйреніп қалды. Абай мен Шәкәрімнің бұрын белгісіз боп келген конъюнктуралық шумақтары мен сөздері «табылып» жататынына таң қалмайтын да болдық осы күні.

Мінеки мысалы. Ахмет Байтұрсыновтың соңғы хаты дейді. Осыны таратқан адамдардан дереккөз сұраудан жалығар емеспін. Олар мені «әжемнің ауылына» жұмсаудан жалығар емес. Сосын күдіктің ұрығы түспей қайтеді?

Ал, айталық, өлеңде:
«...Міржақып, Сәкен, Мағжан мен Мұхтар,
Болса екен аман,—деп тілек тілеп.
Атырам таңды, батырдым күнді,
Бар шығар жандар менен де мұңды...» - дейтін жолдар бар екен.
Ахмет Байтұрсынов 1937 жылы қамауға алынды.
Ал Міржақып Дулат 1935 жылы қайтыс болды.
Жақсы, Міржақыптың өлі-тірісін білместен қамалды дейік.

Тағы да:
«...Ашылса көзі басынан
Жатырмын тілеп, Бейімбет, Сәкен,
Мағжан мен Мұхтар болса деп аман...» - деген жолдар бар.

Міржақыптан басқалары Ахметтен кейін атылды. Бүгіндері енді, Мағауиннің шаңына да ілесе алмай отырған Бейімбет - 1938, Сәкен - 1939 жылы.

Құдайым-ау, бұл не «подстава»?! Хатты НКВД ашып оқитынын Ахмет білмеді деуге негіз жоқ. Оны өлеңінен де түсініп тұрсыздар. Ендеше, «үш бәйтеректің» атын атап-ақ бастарын өлімге байлап бергендей ме?
Жалпы, жазуға, хат-хабар алмасуға рұқсат берген НКВД курортқа айналып кетпей ме бұдан?

Айтып отырғандарым ақиқат қосын тіккен жерден әлдеқайда алыс жатқан шығар. Тұспалға тұспал табыла кететінін білемін. Бірақ Алаш арыстарын ұлықтаушылар неғып құжаттың көшірмесін дүңк еткізе салмайды? Не драматургия екенін ескертсін, ойдан шығарылған хикая болса.

Неге совет тарихымен салыстырамын? Себебі совет тарихы шылқыған өтірік еді. Мамайдың сазайын бердік деп оқытады, онымен сусындап өскен бала ертең археолог болады да, Куликово жазығынан бір түйір жебе таба алмай қайтады. Сосын қайран қалады. Кейін күдіктенеді. Немесе Катынь. Немесе қу басы таңға дейін жүз бірдеңе тонна көмір қазып тастаған маскүнем Стақанов. Совет тарихы осындайдан ел ішінде күлкіге, әжуаға айналды. Зоя тек мектепте қаһарман болды, ал ас бөлмелердегі әңгімелерде «өкпелі жәлеп» еді. Мынадай тарихнамамен қазақтың тарихы сол совет тарихының кебін киюі мүмкін. Кабинеттерге сыйлы, жастарға жексұрын тарих болып кетпек. Болғанды болды деп мойындап, мынау өздеріңіз күлетін «мақта күпәйке» кигендерден әлдеқайда озып кетуге болар еді. Германия сияқты. Жоқ. Болмай тұр.

Иә, жас пен тәжірибені алға тартып, қазымырлана беріңіздер, шеттеріңнен ең болмаса ауыл мектебінің ауласындағы бюстке лайық болыңыздар.

Бірақ жастардың мұндай тарихқа уақыты да, құлқы да жоқ. Бұған енді кепілдік бере аламын.

https://m.facebook.com/groups/1657850627815144?view=permalink&id=1956709614595909
Log in to Facebook | Facebook
Log in to Facebook to start sharing and connecting with your friends, family and people you know.

123 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot