TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Yerlan Ospan

25 Jan 2018, 16:42

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

ҚАЗІРГІ АҢШЫЛЫҚТА НЕ ҚЫЗЫҚ ҚАЛДЫ?

«Іріп-шіріп бара жатқан капитализмнің» ордасы АҚШ-та аң аулаудың мынадай ережесі бар.
Тамақ іздеп, қалаға кіруге мәжбүр болған аюды атуға болмайды. Қасына қонжық ерткен аюды атуға болмайды. Әлденемен шұқынып, бар әлемді ұмытып, жайбарақат өзімен өзі отырған аюды атуға болмайды (майтабанның ондай да әдетті болады еткен!).

Бұл ережелер - «жануарға құтылуға мүмкіндік беру» деп аталады. Яғни, елікті джиппен тырқыратып қусаң - түрмеден бір шығасың.

Қазақ та сондай еді бір кезде. Қазақтың саятшылығына дейін тұнған тәрбие еді. Қазақ арыстанша - тек жейтінін ғана аулайтын. Киіктің буазына тимейтін. Бертінге дейінгі шалдар, «баланың қолына түскен не оңған қасқалдақ дейсің, ауру шығар» деп, жемей қоятын. Қоянды, «жүгіргенде атып алдың ғой әйтеуір?» деп сұрап алып барып жейтін. Қапияда қолға түскен жануар харам еді.

Аңшылық өнер еді. Жебе тартқан жігіт пен қасқырдың тіршілікке мүмкіндігі тең еді. Қасқыр алудағы қару емес, айла-тәсіл ғана абырой еді. Ту биемен қасқыр алғанын айтушы еді мақтанып. Бір атамыз саршұнақ аязда биесіне мініп, қасқырдың ізімен жүреді де қояды екен. Ізінде біреу барын білетін қасқыр өз аймағында олай қашып, бұлай қашып, ақыры бауыры терлеп, ұйықтап кетеді екен. Сонда бауырына мұз қатып, атамыз көзін жәудіретіп тұрып сойылмен соғып алады екен. Ел-жұртқа сонысымен сыйлы болды. Қақпаншылар да құрметті болатын.

Аса дәл оптиканың, джиптің заманында қасқырды үйірімен қырып, қабанды үрім-бұтағымен отап жүрген бүгінгі аңшылар тек мүсіркеуге ғана лайықты. Геймерлік пен шын өмірді шатастырып алғандар болса керек. Бір адам 15 қасқыр алуға болмайды, бұл тым ерсі! Лазермен көздеп атып, әлде эхолотпен балық үйірін тауып алып, динамитті былш еткізу - аңшылық емес, көргенсіздік. Қазіргі мылтықпен тигізбеу мүмкін бе өзі? Ал автоматпен тіпті мүмкін емес. Қазір керісінше, бір жәндікке қамқор болу керек боп тұр. Далалықтағы көлдердің маңын қараңыздар. Аңшылар қамыс-қоғасын жапырып тастаған. Бейшара доңыздарда қазір қонатын да жер жоқ. Себебі әкім-қараларда «Мозберг» бар. Атпаса болмайды ғой енді.
Қазірде қанжығам майланды деудің өзі ұят. Аңшылықтың қазіргі түрі тым анайы боп кетті. Бұлай кете берсе, жеріміздің жан-жануарлар әлемінің жалғыз куәсі - қызыл кітап боп қалатын түрі бар. Себебі қазіргі аңшылық - саятшылықтан өнеркәсіпке айналды.
Ауырмаңыздар.

126 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot