TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Yerlan Ospan

30 Jan 2018, 00:53

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

#ҰраТолыШер #литературщина #фразеологизм #идиома
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРГЕ БАЙЛАНҒАН ӨМІР. НЕМЕСЕ ТҰРМЫСТА ӘДЕБИЕТТІҢ ҮЛЕСІН АЗАЙТУ КЕРЕК ПЕ?

(Қурап отырған ауылдың жерлерін біріктіріп, шаруа жүргізгісі келген кісіні ауылдастары бүкіл оқымыстылар мен моралистерді жауып, сотқа сүйрегенін естігеннен туған шытпақ)

Публицистер «литературщина» деген сөзді көбірек айтып жүр.

Ол былай.

Баладан бастап, орта жасқа дейінгілерге - «отан, отбасы, ұлт, туысқан» деген сөздерден тұратын фразеологизмдер миына құйылады. Экономика, бақуатты тұрмыс, жақсы жұмыс, әділ заң - аналардың түкке тұрмас бөліктері сияқты беріледі. Ондай адамдар кейін өзінің де, өзгенің де өмірін құртады деген тұспал бар.

Айталық, данышпан ғалымға: «тапқан техникалық жаңалығыңызды сатыңыз!» делік. Ол:
- Тек отаныма сатамын, ал отанымды сатпаймын! - деуі мүмкін. Қызыл сөзге; бір минуттық монументалды келбетпен ұлы фраза айтуға бола жақсы контракттан айырылып қалды. Иә өзіне де жоқ, ал әлем оның алақанына қарап қалмайды ғой.

Мұны ойдан айтып отырған жоқпын. 199X жылдары қазақ ғалымдарының электроникадан бастап, архитектура, металлургиядағы шешімдеріне, әсіресе математикалық зерттеулеріне (иә, бірдеңе бар еді бізде де!) дейін әлемдік алпауыттар құда түсіп жүрді. Сонда әлгілердің біразы: «өмір берген туған мекен, қалай ғана сатам екен!» деген сарындағы әсірепафосты сұхбат беріп, елге бір жақсы көрініп қалды. Ал ел жақсы көріп қалған кісісін асырауға келгенде теріс айналатын циник қой. Сол әлем алпауыттары «қазақ ғалымдары жасағанын бермеді» екен деп, тоқырап қалған жоқ. Әлемде бізден басқа бес мыңға тарта ұлт пен ұлыс, қазір енді, 8 млрд-тан астам адам бар. Өнертапқыштық - біреу болмаса біреудің миына келетін шытырман. Әйтеуір әлем ғарышқа ұшып, оралмалы телевизор жасап жатыр. Ал отансүйгіш ғалымдар қоңыз теріп кетпесе, өліп кетті. Әміркеннің қолын алмаймын деп алып, Пәкістандағы жұмысқа разы боп жүргендері және бар.

Бұл кесел мектептен басталады-ау. Негізсіз намыс егу - арамшөп еккеннен де жаман. Себебі шөпті отап тастауға болады. Ал адамды отауға келмейді де, болмайды да.
Мектепті «таныстырсам өзімді...» деген тақпақпен бастап, «оң келгенін оң атып, сол келгенін сол атып...» деген батырлар жырымен өсетін, ұйқасы ұйып тұрғанмен, өмірден алыс бата-тілектермен бітіретін бала бақытты бола ма? Қит еткен сайын әуелі өзінің арымен соттасатын адам баяулап қалмай ма? Әдебиет неге оған - өзінің өмірінің құнды екенін, қарны тоқ, дені сау күйінде қоғамға пайдалы екенін үйретпеді? Біздің әдебиет неге өміршеңдікке емес, жанкештілікке тәрбиелейді? Дарақы күлкі дұрыс емес, бірақ тарихымыз бен әдебиетіміз тұнған қайғы культінің де опа әкелгенін көрген емен.

«Ұлт-діл-дін-бауырластық» тандемі базисіндегі қоғам құқықтық мемлекетті армандамаса да болады. «Қанына тартпағанның қары сынсын» дейтін судьямен әділет іздеу; «ағайынның тайы озсын» дейтін шенеунікпен өрге жылжимын деу - күліп үлгермесең жылатып жіберетін қылық.

Ал енді, ішім сезіп тұрғандай, бұл шытпақты теріс айналдырып, «сонда сатқындықты дәріптейік пе?», «тілімізді ұмытайық па?» деп тиіспегін. Біріншіден, мен олай сөйлетіндерге ес білгелі сенбеймін. Шашын Бурабайдың желіне желбіретіп жыр оқитындардың да қолының сұғанағы барын көзіммен көргем. Екіншіден, бұл айтып отырғаным - публицистикадағы бір сарынға шолу. Үшіншіден, менен жау жасау тіпті мүмкін емес, тыныш ұйқы үшін көптеген сөз саптауларымды қайтып ала саламын.

Ұмытпаңыз, бұл әңгіме намыс-қамыс туралы емес, «литературщина» деген құбылыс туралы ғана. Одан да осы жәйттің бар-жоғына ой қосыңыз.

135 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot