ПАРАНЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АЛАТЫН КӨРГЕНСІЗДЕРГЕ
«И ғыррсын!» /c/Aigerim
Пара алу-беру деген жақсы салт бар еді, оны да тұл қылып біттіңдер түге! Ақшаны қолма-қол алғаны несі??? Шынымды айтсам, «пара алу кезінде ұсталу» деген сорақылықты мен Астанаға келгенде көрдім! Ақымақтық па, ақкөңілдік пе - білмедім, бірақ пара алғаннан бұрын, ұсталған ұят қой!
Ақтөбеде бүйтпеуші едік! Парақорлық-жемқорлық бойынша Ақтөбе жаңалықтарының хроникасын қараңыздаршы! Онсыз да қақпанға түскелі жүрген мүсәпірлер, «қайыр-садақа» деуге де келмейтін бес-он тиынмен ұсталып жатқаны болмаса, былай тыныш екенін көресіздер. Мұндай «мұнтаздай тазалық» неден? Жамиғы қазақтан жасырып жеп жатқан сиқырлы дәріміз жоқ. Бірақ бізде пара алардан бұрын ойлануға қауашаққа он-он бес минут пұрсат береді адамдар. Есесіне тұрмыс та жақсы; «тілім-жаным», «елім-жүрегім» деп ұрандатып жүріп, жұртқа да жақсы боп қала бересіз!
Айталық, тендірден 15 мың доллар сыйақы алуың керек. Анау автобазарда адамың болады. Ол сау-тамтығы қалмаған «Жигули» сатып тұрады. Рас, 15 мың доллар сұрайды. Пара беретін адамға әлгі машинаны сатып ал дейсің. Әлгі сатады да, ақшасын саған әкеп береді. Болды! Барлық тарап тап-таза!
Немесе, пара алу науқаны басталған кезде газетке «аяғы бастырмайтындар мен ішіне ас тұрмайтындарға жүз пайыз ем қондырам!» деген хабарландыру береді. Пара берушіге сол хабарландыруды көрсетіп, құрыс-тырысын емдеп алуды меңзейсің. Әлгі «емші» құшақ жая күтіп алады. «Өмір бойы мазалаған сырқатты» әп-сәтте сылып алу өте қымбат тұратынын айтып күмілжиді. «Ойбай, малым жанымнан садаға!» деп сайқалданады пара беруші. Тіпті түбіртек те береді «емші». Тағы да - барлық тарап пәк боп қала береді...
Иә, әркімнің үлесі бар мұнда. Базарда дрәндөлетке он бес мың сұрап күлкіге қалып, өтірік үсіп-тоңған кісінің, көзін адырайтып жынды болған «емшінің» ақысы; сандырақ сауданы рәсімдеген мемлекеттің салығы; ақшаны кассаға қабылдап, банкоматтан қайта беретін банктің пайызы бар. Параның он пайызына дейін кетіп қалуы ықтимал. Еее, сендер сол он пайызды да қимай ұсталып жатқан боларсыздар? Онда ұсталуың дұрыс. Сараңдарға аяушылық жоқ. Қолды қол жуып, иықты иық тіремей ме, ағайын! Аға салтынан садаға кеткірлер, жалғыз жеймін деп ұсталған болсаңдар - құдай аясын!
...Енді бір балетмейстер парамен ұсталса, семинар ашатын шығармын. Ұяттан өліп жүрмін сендер үшін...