СЕМИНАР ЕМЕС, КУРС ҚОЙ
Ерік Мария Ремарктің «Батыс майданда өзгеріс жоғында» соғыстан уақытша демалысқа келген офицердің - туған мектебіне соға кететін сюжет бар. Мұғалімі Конторик әлі өзгермепті: бейбақтардың келесі толқынын жалынды ұрандармен соғысқа қайрап жатқанының үстінен түседі. О, міне, сөзіме дәлел адам да келді, қазір сендерге соғыстың қызық-шыжығын айтып береді деп, офицерді кеу-кеулейді. Сонда офицер соғыстың шын мәнінде сұм, лас іс екенін айта жөнелгенде, майданды көзімен көрмегендер оған сатқын, қорқақ демеуші ме еді?
«Жақсы пост жазуға», «тез баюға» әлде «әдемі кедейленуге» үйрететін адамдар кейде маған сол Конторик; ал сондай семинарларға қатысатындар маған әлгі шикіөкпе балалар сияқты көрінеді.
Семинарға қатысатындарға:«табыс - бір қыр ассаң алдыңда жатыр, қай бағытта екенін көрсетемін!» деп уәде берудің не қажеті бар? Семинардың миссиясы - кәсіп шамшырақтарына сүйсіну емес, тәжірибемен бөлісу. Бұрыннан «тақырыптағы» адамдар жиналып, ағымдағы кәсіби проблеманы талдайды. Мұғалімдер, «апай, секс деген не?» деп қалған оқушыдан кім қалай әдемі құтылып жүргенімен бөліседі. Электриктер ана жабдықты мына жабдықпен ауыстырып лаждап жүргенімен бөліседі. Семинар - тәжірибе алмасу, бөлісу.
Ал енді «жақсы пост жазуға үйрету» - ол КУРСТЫҢ еншісіндегі шаруа. Арнайы жасалған жоспармен. 36 немесе 48 сағат. Аралық пысықтаумен. Әне, КУРСТЫҢ барысында «жақсы пост жазуды» үйретпегенмен, әркімге өз әлеуетін сездіруге брлады. Семинар - курстың, немесе арнайы дайындықтың мәселелерін еш шеше алмайды. Он бір жылдық мектептің орнына он бір семинар өткізе салайық десе келіспес едіңіз ғой, солай ма?
Семинарлардың мазмұнын біздікілер өңін айналдырып жібергені сонша, соңғы кездері ресейлік тренерлердің дайындықсыз, әншейін келе салатынын байқап жүрмін. Дұрыс олардыкі: өзі алдануға сұранып отырған адамдарға ақиқат айтып керегі не?