«САКРАЛДЫ ҚАЗАҚСТАН» ПРОВАЛИЛСЯ???
#СакралдыҚазақстан
Менде Яссауи кесенесінің термоядролық сападағы фотолары бар. Кәсіпқой фотограф әдейі барып, ұшар құс биігінен, құмырсқа бойы төменнен, алдынан, артынан, жанынан түсірген. Айуан оптикамен. Түнде прожектормен.
Бір жоба құрылтайшылары осыларға көп үміт артты. Жобаға оппонент тарап болдым. Себебі Яссауидің өмірхаятын жүз мың екінші рет айтқанның не қызығы барын түсінбедім. «Ғұлама Данышпанов мың сегіз жүз сексен сегізінші жылы Итөлген ауылында дүниеге келген» деп басталатын әңгіме мылионыншы рет кімге қызық болуы мүмкін?
Энциклопедиялық статикалық контент қазір өңешке бармақ тыққандай құстыратын жағдайға жетті. «Сапалы фотомыз бар!». Ол қазірде кімде жоқ? Яссауи кесенесінің алдында селфи жасаған жүздеген адамдардың фотосына сенің фотоң не қоса алады? Бар болғаны басы артық пиксель қоса алады.
Қазіргі контент-стратегия тек эксклюзивте ғана. Тарихнама майын әбден сорып, мұжып тастаған фактілерді беретін қырлары да таусылды. Жаңа қыры жоқ. Не Сейфуллин туралы өсек жазасың, әйтпесе Сейфуллин туралы жаңа ештеңе жоқ.
Пысықайлар «Сакралды Қазақстан» бойынша тапсырысты осындай ахуалда алып отыр. Тамғалы мен Сарайшықтың арасын кезіп әлек. Ең мықты креативтері - дронмен түсіру шығар. Кейбіреулер «киелі орынның» ел тұрғысынан - өзінің ауылына ғана киелі екенін түсінгісі келмейді. Батыр? Бізде де бесеуі бар! Ол не қоса алады? Жалғыз шапқан? Оу, бізде - жалғыз шаппақ түгілі, жауын шалқасынан жатып-ақ өріктің сүйегімен атып өкірткендер бар.
«Сакралды Қазақстан» маған о баста жасанды, шыңғырып құрастырылған, ебедейсіз көрінген. Бірақ «көзқарасымызды бір жерімізге тығып» үйрендік қой. Енді президенттің өзі мынадай дегесін шамалы батылдық келіп отыр. «Сакралды Қазақстан» басталмай жатып сөнген сияқты. Дұрыс. Биетамның басында Қайрақ бидің мазары барын білемін. Кереметтігі сондай, әуелде Биетам орта мектебінде әжетхана жоқ деп ойламайсың.
Басқаша жасау керек. Бағдарламамды сатамын керек болса.
http://ult.kz/post/kundelikti-festivalderdi-rukhani-zhangyruga-zhatkyza-salatyn-akimdikter-bar-nazarbaev