TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Yerlan Ospan

16 Mar 2018, 10:11

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

ЧЕКИСТЕРДІ НЕГЕ БАҚЫЛАУДА ҰСТАУ КЕРЕК?
1. «Штази». Сен есіңнен адасқан жоқсың
#Zersetzung
Әлемдегі ең қуатты барлау ұйымдарының бірі болған шығысгермандық «Штази» - барлау мемуаристикасынан өзіне лайықты орнын ала алмай жүрген сияқты. Әйтеуір естеліктерде - әбден жарнамаланған КГБ мен, ағылшын және әміркен барлау ұйымдарының көлеңкесінде қалып жүреді. Типі «бірәтишке». Бір жағынан, советтер мен ресейліктер әрине, кілең дерлік ГДР-лық барлау жабдықтарымен жұмыс істегенін қайдан мойындасын. Ал ГДР - шпиондық жабдық индустриясының әлемдік лидері болғаны рас.
Ал енді таза «штазилік» әдіс - «Zersetzung» деп аталады. Адамды есінен адастыруға, өзіне сенімсіздік ұялатуға, апатияға түсіруге бағытталған оперативтік шаралар. Жұмсартып айтқанда.
Ол бойынша, тыңшылар «жаудың» өмірін тозаққа айналдырады. Мысалы көшеге шығып келдің - үйіңдегі мебельдердің орны ауысып кеткен. Күндегідей шайыңды қойып, қантыңды салып, рахаттана ұрттай бастасаң - тұз татиды. Көшеден аппақ қудай қаймақ балмұздақ алдың - шоколадтың дәмі шығады. Бірақ әйеліңнің тап сондай балмұздағы еш өзгеріссіз! Қайсыбір күні қала сыртына серуендеп келдің, бәрі орнында, тек... ваннаңның есігі ішке қарай ашылады!
Басында «бұл не боп кетті өзі...» деп, жүре бересің. Сосын Кафканың өзі қызғаныштан табытының қақпағын сабайтын ит өмір басталады. Тиындарыңның арасында өмірде жоқ... жетітеңгелік, онбіртеңгелік бақырлар шығады. Түнде әлдеқашан өліп қалған туысың телефон шалып, тек екеуіңізге белгілі жайтты айтып күледі де, тұтқаны тастап жібереді. Жөндеуден әкелген аяқ киіміңнің екеуі де оңаяқ болады. Үйдегі сағаттардың бірі теріс жүре бастайды. Ыстық суды ашсаң - салқын су ағады; телевизорда қызықты программа болып, жұмыстағыларға айтып келсең - ондай болған жоқ дейді.
Ақыры «жау» - яғни диссиденттер, құқық қайраткерлері мен т.б. - есінен адаса бастайды. Не өзіне қол жұмсап, не жынданып тынады.
Өкініштісі, бұл әдіс жауға емес, өз халқына қолданылды ғой. Чекистердің билікке келуінің ең қауіпті бір мысалын білемін деп жүріңіздер, достар.

134 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot