Қытайдан ауып келген қандас суретшіміз бар екен. Тапсырысымды айтып болып, салған суретін сканерлеп, поштама жіберуін сұрадым.
- Айтпақшы, - деймін, - резолюциясы 600 болсын, жарай ма?
- Ол не? - дейді таңырқап.
- Орысша разрешение дейміз ғой осы...-деймін мен.
- Ааа, тұнықтық деңгейі десейші! - дейді ол!
Осылайша, тіл функционерлері мен оларды жағалағандар "туып" берген "экранның рұқсаттығы" деген құбыжық аударма әдірем қалды. Тілін мәжбүрліктен емес, қазақ болғасын білетін қытайлық қандастан тағы айналдым.
Тоқетері: Қандастармен көбірек сөйлесейік.
P.S. Қаптаған тіл ұйымдарының жұмыс методологиясын тексеруді сұраймын.