TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Yerlan Ospan

13 May 2018, 05:25

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

#әңгіме #ЖексенбіТәбәрігі

ОРЫНБЕТТІҢ АЙЛАСЫ НЕМЕСЕ БАС ПАРТИЯНЫ ТРОЛЛЬДЕУ ХИКАЯСЫ

Осы, былайғы жұртта, «кез келген адам бастық болғысы келеді» деген соқыр сенім бар. Кәсібінің қызығы мен шыжығына шыжғырылып жүріп, жайбарақат қоңыр тірлік кешкісі келетін адамдар да болатынын түсінгісі келмейді. Оқудан қызыл диплом алып келген кісіге сыртынан - «қызметте алысқа шабатын адамның» айдарын тағып қойып, тіпті - «құда түссең - қызымды беремін» деп меңзейтіндер де шыға келетін ертеректе ел ішінде.

Орынбет теміржолды бала кезінен армандапты. Жұрттың айтуынша, тепловозға жасырын кіріп алып, талай таяқ жеген. Шынашақтай баланың табандылығы ақыры жеңіп, жүріп кеткен пойыздан сайтан сияқты шыға келетін Орынбетке ұрысуды қойып, машинистер жұмыстың қыр-сырын үйрете бастаған.

Ендеше, Орынбет мектеп бітіргенде-ақ дап-дайын теміржолшы болатын.

Бірақ Орынбет алдымен оқуын оқимын деп, Мәскеуге тартып отырыпты. Бес жыл бойы білігін біліммен ұштап, ауылға алқызыл дипломмен оралады.

Мәскеулік қызыл дипломның ауылда қандай күшті әрі күші болғанын білсеңіздер сіздер. Жұрт оны құрығанда бастық, әйтпесе ауданның атқамінері болады ғой деп, сыртынан тон пішеді. Орынбет болса, «мені жол жөндеу бригадасына жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын» деп арыз жазыпты. Мәскеулік қызыл дипломның киесінен қорыққан дөкейлер оны бірден бригадир қылыпты. Нағыз маманның жұмысын сонда көрдік дейді үзеңгілестері.

Бұл кезде кадр тапшылығынан әбден күйзелген аудандық партия комитетінде Орынбеттің әрі қарайғы тағдырын шешіп қойған еді. «Бір жыл жұмыс істесін, сосын аппаратқа аламыз ол баланы. Дипломы қызыл, елден шыққан - нағыз пролетарды құдай бізге де берді ақыры!» деп масаттанады аудан атқамінерлері.

Сөйтіп, араға жыл салып, Орынбет аупарткомға шақырылады.

- Бала, партияға өт сен. Сосын аппаратқа жұмысқа кір! - дейді аупартком бастығы.

Орынбет жауабын әуелі жақсы бастайды.

- Білімім мен білігімді халық үшін жұмсауға мүмкіндік бергеніңізге рахмет, жолдас төраға! - деп саңқ етеді Орынбет.

- Білесің ә дұрыс жауапты? Алысқа барайын деп тұрсың қу бала! - деп, кеңк-кеңк күледі аупартком.

- Бірақ... - деп күмілжиді Орынбет.

- Немене бірақ?

- Бірақ, партияға өтуге әлі лайық емес сияқтымын! Маркс пен ұлы Лениннің асқақ идеяларын сай сүйегімнен өткіздім деп айта алмаймын! Әлі дайындық керек маған!

Төрағаның көзі шарасынан шығып кете жаздайды. Сірә, мансаптан өз еркімен бас тартатын жындыны бұрын көрмеген болса керек.

- Сен немене, ақымақсың ба? Не түсінбейтіні бар оның? «Жерді кедейлерге, байларды итжеккенге» - бітті! Мұның не қиыны бар?!

- Солай ғой, бірақ ертең біреу келіп, «НЭП науқанын қалай түсіндік? Неге жекеменшікке қарсы Ленин - кенет осындайға рұқсат берді?» деп сұраса - не деймін? Жауабын өзім де білмеймін. Менің надандығымның кесірінен - Брежнев жолдас бастаған, Қонаев жолдас қостаған Партиямызды жаманатты қылғым келмейді! - деп тақ-тақ етеді Орынбет.

- Шық бұл жерден оңбаған! Кет! Құры! Көрмегенім сен болсын! - деп бақырады төраға. Осы әңгіменің куәсі болған аудандық газет қызметкері айтып еді, «айдап шықты» деген сөздің мағынасын сонда түсіндім» деп.

«Көрмегенім сен болсын!». Ат баспаймын деген жерін үш басады деген бар емес пе. Ендеше жыл өткен соң аупартком төрағасы Орынбетті есіне алуына тура келеді. Оның себебі мынада болатын.

Жыл ішінде, «үлгілі отбасынан шыққан үлгілі жұмысшы, дипломы қызыл, бірнеше патенттің авторы, еңбек озаты» Орынбеттің даңқы берісі - облыс, әрісі республика әйтпесе одақ деңгейіндегі атқамінерлерге жеткен еді. Олар болса ауданға хабарласып, жергілікті аупарткомның неліктен осындай кадрды партия қатарына қағып түсірмей жүргенін, жұмсартып айтқанда, «түсінбейтіндерін» жеткізеді. «Мақұл, мақұл басеке: орындалад мәселе!». Осылайша, кешегі ақырған аупартком төрағасы Орынбетке кіріптар болып шыға келеді. Сөйтіп, Орынбетті тағы шақыртады.

- Сен бала, түсін, - дейді төраға сыбырға көшіп, - ана жақта (төбені көрсетіп), сосын - мына жақта (еденді нұсқап: ол кезде КГБ-ның өкілдігі болыпты төменгі қабатта) бізді бақылап отырған адамдар бар. Солар да сұрап жатыр. Отанның есебінен оқып-тоқыды, енді парызын өтейтін уақыты болмады м

89 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot