TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Yerlan Ospan

14 May 2018, 15:44

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

#бірде #случай
Бірде Алматыдағы іссапарымнан бухгалтерияға сыраның чегін тапсырдым. Ұмытпасам, 16 мың теңге шамасы.
- Жалақыңнан ұстап қаламыз. "Представителськие расходы" статьясына келмейді - деді бухгалтер.
Жас едім. Тура бастыққа бардым.
- Шаруаларыңыз біткені рас қой?
- Расы рас қой, бірақ, 16 мыңға сыра ішкені несі? Саптыяғы жүз қырық теңгеден болғанның өзінде...
- Респондент алқаш болса қайтем енді? Сосын, қу сырамен отырмадық қой. Балығы-құрты, ащысы-тәттісі бар дегендей...
- Жоқ, мен еркек ретінде барлығын түсініп тұрмын. Бірақ прецедент жасағым келмейді...
- Не прецедент?
- Шаруа үшін - қажет адамды саунаға апаратындар да бар мысалы. Ертең солар - сауна, қыз-қырқынның чегін әкеле бастаса қайтемін? Басқа шықпаңдар олай.
- Енді, сыра ішпесем қолым жүрмейді деді. Қайтемін?
- Енді, сол чекті былай, әдемілеп, жалпылама "тамақ іштік" деп жаздырып алуға болмады ма сонда?
- Олай да бола ма? Қайдан білейін...
- Сонда немене, караокеге барсаңдар - оның да чегін солай әкелер ме едің?
- Онда тұрған не бар?
- Басымды қатырма! Білмесеңдер білетін адамдардан неге сұрамайсыңдар! Жалақыңнан ұстаймыз, қайқай!
- Онда біржола кеттім бұл жерден. Ни...я себе!
- Э, сен өзі... Қалай етсек екен... Сен жалақыңнан төлей бер енді. Бухгалтердің көзінше принцип ұстау керек бастық адамға. Бірақ, 22 мың теңге премия берейін, келістік пе?
- Премияға былай да дәмем болып еді...
- Қап... Онда...
Қалтасынан бір бума ақша шығарды. Жүз теңгеліктер 15 мың теңгеге жетіп жығылды.
- Мә. Келесіде чектерге шамалы... нетіп жаздыруды ұмытпа... Сыра ішіп, қыдырып келгендей болып тұрсың ғой сен бухгалтерияға.
Кейін 3 мыңға қонып, түнгі Алматыдан 5 мыңның квитанциясын тауып алатын әккі болдық қой.
Ал осындай жақсы бастық барлығыңа бұйырсын...

105 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot