#Бірде #Случай #IT
Бірде, колледждегі принтерлердің термобарабандарын сүртуге 150 грамм спирт алуға кафеге бардым (иә, ол кезде талғамы еректер үшін таза спирт те сатылатын!).
Ыдыс жоқ, графинге құйып беремін деді даяшы.
Спирт құйылған графинмен колледжге келе жаттым.
Алдымнан бастығым шықты.
- Ереке, бұған үйір екеніңді білеміз, бірақ студенттер көрсе не ойлайды? - деді бастық.
- Ағай, принтерлерге ғой... - деп қалбалақтай бердім мен.
- Е, ақыр аяғы принтерлер де ішіп кетті ме, жақсы емес, жақсы емес... - деп, езуін бір жағына қарай жымитып кете барды Асекем (сол кекесінді жымиысы есіме түссе - әлі күнге дейін арқам құрысып қалады; кейде - әдейілеп барып ұрғым келеді).
Лабораторияға көңілсіз келдім. Лаборанттарға тап қазір жұмыстан бос екендерін айттым. Әп-сәтте лаборатория қаңырап қалды.
Көңілсіздігімнің себебі бар. Мұның алдында ғана енді ішпеуге өзіме ант беріп, тура 25 күн бойы татып алмаймын дегенмін. Ал бастығым соның барлығын шайып кетті.
Партада жайылып жатқан термобарабандарға тамшы қалдырмастан графинді қағып салдым.
Ал осындай тамаша бастық барлығыңызға бұйырсын, ауысса - маған да қалсын.