#әңгіме #әңгімелерім
КИЕ
Сормұрын барамыз дегелі дегбірім қашты. Өзі - аймаңдай ақындар алысқа ойлы көзбен қарап тұрып, бір баспа табақ өлеңді жіберіп жататын жер.
Бармайтын адам жоқ. Сол жердің киесі оңынан атып әкім болғандар бар деседі жұрт. Солынан атқандар әлдеқашан молада көрінеді. Былайғы академиктер ақырған кейпінен жаңылып, үрпиісіп суретке түсетін де жер. Әлгінде ғана ауданның маңдайына біткен екі ақынның бірі жазыпты. "Сездім сенен Сормұрын, аманатын бабаның!". Сосын, "бірдеңе де бірдеңе, жерді қайдан табамын?!" деп біте ме, ұмытып қалдым. Бір адам айтса әй дейсің, екі адам айтса өй дейсің, ал енді дүйім жұрт жапырылып жатса - шынымен киесі бар шығар дейсің.
Айтпақшы, баратынымды білгелі, жүріс-тұрыстан қалған көшенің шал-кемпірлері қуансын. Топырақ ала кел дейді. Сосын, Сормұрынның мына біздің руға, оның ішінде әулетке тікелей қатысы бар екен. Ақтардан ба, әлде қызылдардан ба - қашып келе жатқан бір атамыз Сормұрынның басына барып, шоқиып отырып алыпты. О тоба дейді жұрт, сонда әлгі қуғыншылар атамызды көрмей, екі жанынан өтіп кетіпті.
- Лапша! - дейді оған материалист Мерқан көкеміз, - лапша емес, лағман! Біріншіден, атамызды қуған ақтар да, қызылдар да емес, жарықтық өзі еді ауылға сыймай жүретін. Болысты боқтап кеткен адам қайда сыяды? Болыстың қолшоқпарлары атаңды өлімші қылып сабап әкелген Сормұрыннан. Қуып барған кезде, көрінбек түгілі көзге сүйел болып отырыпты. Қасқа шал, мыналар Сормұрынның киесінен қорқып, тиіспейді деп ойлаған да, жаны ышқынған кезде. Ақтар, қызылдар, қайдағы, түк политика жоқ еді бұл уақиғада, біхә-хә-хә-хә-хәәә!
- Өзің сенбесең сенбе, баланы неге азғырасың? - деп кейиді шал-шауқан ондайда Мерқан көкемізге, - бұл иттің айтқанын мына құлақтан кіргіз де, мына құлақтан ағызып жібер! Сұмдық киелі жер! Ертең барғанда көресің: түнде жарық жылтырайды басынан!
- Тағы да лапша, жоқ, спагетти дер едім мұны! - дейді Мерқан көкем екіленіп, - бері кел бала!
Бардым. Үйінің терезесіне қолын сұғып жіберді де, қоңырауы бар сағатты алып шықты.
- Бері қара, бала! - деді сосын сағатты күнге тосып, - мына сағаттың тілі фосфор. Күнге қаратып аламыз, сосын, айн момент - қараңғы жерде қараймыз! Кәне, күпәйкеңмен жауып көре ғой. Жылтырай ма?
- Жылтырайды... Бірақ Сормұрынның сағатқа не қатысы бар?...
- О, надан! Фосфордың не қатысы бар деп сұра сен!
- Фосфордың не қатысы бар...
- Фосфордың қатысы сол: Сормұрынның басы толған адамның сүйектері. Фосфордың кеніші, "Алға Фосфор Заводы", біхә-хә-хә-хә-хәәә. Адамның сүйегінен қалған фосфор күні бойы күнде жатып, сосын түнімен осы сағаттың тіліндей жылтырайды!
- Ааа...
- Бәәә саған. Сен бала, сен мына Мерқан көкеңе сен не болса да. Мыналарға сенбе. Бұлар туралы саған бірдеңе айтайын. Мынабір жездеміз мысалы, қазір "Құрметті теміржолшы". Бірақ, теміржол салына бастағанда салдырмаймыз деп, паровозды атпен қуған надан да осы, әх-хә-хә-хә-хәәә.
Қариялардың аузына құм құйылды, сірә рас болса керек. Мерқан көке - жайсыз куә. Сөзқағыс бола қалса, шал-шауқанның біз білмейтін қылықтарын шетінен шығарып қана отырады осылай. Ондайда қариялар қолын бір сілтеп, зытады.
*
Жеттік Сормұрынға.
Зиратқа алғаш барғаның есіңде ме? Менің де есімде жоқ, бірақ қорқып-үрпиіп, бар тазамды киіп, білетін-естіген дұғаларды аттаған сайын айтып барған шығармын деп ойлаймын.
Ендеше Сормұрынға да сондай, киесін сезініп пе, әлде сезінгім келіп пе - келдім.
Әкім-қаралар шатыр тігіп, шопыр-қаралар қой сойып, тіршілік басталып кетті.
Мен болсам, кие іздеп жүрмін. Қайда әлгі жұрт айтатын... не ше? Әлгі, жүректі тербетіп пе, көңілді толқытып па, не деп жатушы еді газетте маңдайымызға біткен екі ақынымыз?
Қарайлап жүріп, үнемі газетке шығатын тасты тауып алдым. Бораған құмға көмілуге қарапты. Соңғы рет, анабір ақынның арнауын демеген суретте - тізесіне дейін жетіп тұр еді. Енді менің тіземе де жетпейді.
Аяғымды қойып, шығыс жаққа ойлы көздермен қарап көрдім. Тура қазір әлдеқандай керемет арқадан кіріп, ағыл-тегіл ойларға шомам-ау деп. Жоқ. "Конструкторымның" жоғалған дөңгелегі бәрібір есімнен шықпады. "Қайрат ұрлап кетті білсем, мал!"...
*
Қайтып келеміз.
- Сормұрынға