келсең бар ғой, сондай бір рахаттанееееееееп қаласың иә? - деді мэр.
- Бар ғой бар, бар, бар, бар! Ешкімге айтпаушы едім. Мына белім жазыдрмайтын. Бүкіл Алматы қарап берді бұл белді. Өткен жылы осында келгелі оқтаудай болдым! Құдірет емей немене ал? - деді академик пе, әйтеуір дөкей ғалым біреу.
- Ал мен егіз ұлды болдым - деп қалды шопыр.
- Айтпақшы иә! Мына Қали осында тәу еткеннен кейін қос ұл тапты ал! Бұған не дейсіз? - деді мэр, тағы бір мысал табылғанына қуанып.
- Бар ғой бар, бар, бар, бар! - деді академик те масаттанып.
Киелі мекеннің кереметін барып көргеннен, жұрттың айтқанын тыңдаған қызық сияқты. Жолаушылар ауылға жеткенше Сормұрынның кереметтерін тізіп барды. Аңқиып тыңдап отыруды ғана білдім.
Ауылға жеткесін, машинадан түсер-түспестен жақсы хабар айтты жұрт маған. Мектептің атынан пионерлер слетіне делегат қылып мені сайлапты! Сормұрынның киесі қалай, ә! Жолымды да қамдап тастапты жұрт: тек пиджактың жеңін қысқарту ғана қалыпты.
Сормұрынның киесіне делегат болған тура екі күн ғана имандай сендім. Себебі үшінші күні Мерқан көкемді көрмесім бар ма. Иығындағы зілмауыр темірін топыраққа бұрқ еткізіп тастай салды да, құйрықсыз сасық темекісін тұтатып, сөйлей жөнелді:
- Сормұрынға бардың сонымен?
- Бардым...
- Қалай екен? Сендің бе ондай-мұндай әңгімелерге?
- Сендім...
- Неменеге?
- Енді... Қарашы көке, алты жүз баланың ішінен, оның ішінде - он бірінші кластар да бар - жалғыз мен делегат болдым...
- Лапша! Бұл жолы - ұйғырлар созған ұзын лапша!
- Қойшы, көке! Сіз де бір...
- Жақсы, жақсы, сен делегат болдың ғой, сөз жоқ! Бірақ сенімен бірге барған мэрдің кеше сотталып кеткені қалай? Әх-хә-хә-хә-хә-хә-хә-хәәә...
***
Кейде бекер ме дейсің. Кейде тегін емес дейсің. Билетсіз жүз адамның ішінен тап сені ұстап алып, ойбайлатқанда - киесін ұрайын дейсің. Дәрігер "көретін жарығың бар екен бала!" деп құттықтағанда - киеңнен айналдым дейсің.
Бірақ содан бері, асқақ сөздер естісем, әлде жазылған ұранның мысынан жыртылып кеткелі тұрған баннер көрсем... "Лапша! Бұл жолы - итальян паста!" деген Мерқан көкемнің дауысы жаңғырады санамда...