"Исламның қорғаушысы"Қазіргі уақытта қарайтын болсақ, жалпы елдің арасында исламофобия деген дүние кішкене ұлғайып келе жатыр. Және адамдардың арасында “біздің шынайы дініміз Ислам емес, тәңіршілдік діні”, тағы басқа нәрсе деп, мұсылмандарды арабқұлдар деп өкінішке қарай белгілі бір деңгейде діннен ұзақ, діннен хабары жоқ адамдарға кері әсерін тигізіп жатыр.
Осындай кезде біз не істеуміз керек? Солардың көтеріп жүрген мәселелерін зерттеп, үйреніп, қарап… Ол кез келген жерде көтерілуі мүмкін. Үйіңізде, ағайын туысқаныңыздың арасында, бір жиында көтерілуі мүмкін. Сол жерде сіз жалғыз намазхан ретінде "исламның қорғаушысы" болып сөз сөйлеуіңіз керек болады.
Сол кезде сіз дініміздің абыройын қорғап шыға аласыз ба? “Білмейді екенмін бұл мәселені”, “Естімеген екенмін” деп сол жерде позицияңыз әлсіз болып көрініп, сомен екінші тараптың күмәні, адастыратын пікірлері сол жерде отырған адамдарға өтеді ме? Сондай жағдайлар көп орын алуы мүмкін. Сол үшін де әрбір мұсылман керекті деңгейде біліммен қарулануы керек, өзінің дінін қорғап шыға алатындай. ӘлхамдулиЛләһ, Алла Тағаланың дінінде ешқандай кемшілік жоқ. Бірақ соны біз тиісті деңгейде үйреніп, адамдарға дұрыс ұсына білуіміз керек. Бұл - әрбір адамға міндет болған нәрсе.
- ұстаз Ерсін Әміре
✈️
t.me/yersin_amire