Postlar filtri


Адам қайтыс болар шағында қатты шөлдеп жатады екен. Сол кезде жанына шайтан су толы кесе әкеліп, көрсетеді екен де : “менің артымнан ерсең, мына суды берем”,- дейді. Сондықтан қайтыс болар адамның жанында аузына қасықпен су тамызар жақыны болуы керек. Әрі сол жақын адамы кәлима шаһаданы ( Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі) қайталатып, айтқызып отыруы жөн екен.

Айтқым келгені, Құдайдан шайтан уақыт сұрап, берген уәдесін орындауға соңына дейін күреседі. Адамзатқа да белгілі бір мерзім берілген, соған дейін ол да берген уәдесін орындауы тиіс. Алланың лағінетіне ұшыраған, Тозаққа апаратынын біле тұра шайтан өз мақсатының жолында ақырғы мүмкіндікке де жармаса, жанталасады. Ал біз Алланың разылығына, Жәннәтқа апаратынын біле тұра, қаншалықты ізгі амалдарды орындап, өлшеулі ғұмырымызды адам деген атқа лайықты түрде өткізіп жатырмыз?




2025 тен емес, Алладан үміт етеміз…




✅ «Жұма күні сондай бір уақыт бар, егер мұсылман адам дәл сол уақыт ішінде намаз оқып, Алладан бір нәрсені тілеген болса, Құдай Тағала міндетті түрде оның дұғасын қабыл етеді»

(Бұхари мен Муслимде келген хадис)


Фурқан сүресі, 70-аят:

إِلَّا مَنْ تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ عَمَلًا صَالِحًا فَأُولَٰئِكَ يُبَدِّلُ اللَّهُ سَيِّئَاتِهِمْ حَسَنَاتٍ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا

«Тек кім тәубе етіп, иман келтіріп, ізгі амал істесе, міне, солардың жамандықтарын Алла жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.»




Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Теңіздің тап ортасында шөлден қаталап өлген қандай жаман десеңізші?! Сол секілді өмірде өте көп нәрсеге ие бола тұрып, ең керектісі бойыңда болмауынан өкінішті не бар?!

#біркемдүние




Біреуге айтып жүрген ақылың кейде өзіңе керек болады)


Алладан алыстағандар не тапты, Аллаға жақындағандар не жоғалтты?

Алыстағандар - бос дүние тапты, жақындағандар - бос нәрсені жоғалтты.

Аллаға жақындағандар өмірдің мәнін тапты, нағыз бақытты тапты, тыныштықты тапты.., көркем өмірді тапты, кім үшін істеп жатқанын тапты…


Өзгермейді деп ойлаған дүниеңді Алла бір сәтте өзгерте алады. Аллаға сен!


🤲🏻🤲🏻🤲🏻

”Қазынасы кең Раббым! Өзіңе тәуекел етіп әрекетімді жасаудамын, ең берекелісімен ең қайырлысын білетін өзіңсің. Мен өзіңнен келетін кез келген нығметке мұқтажбын! Өзің берген тағдырға иман келтірдім. Әрбір ісімде өзіңнің разылығыңды сұраймын”




Есіңде болсын, Екінің бірі ғана болады!

Намаз сені не арам істерден тыяды…

Не арам істер сені намаздан тыяды…

Ал, сен қайсысын таңдадың?


Шаршасаң да, ерінсең де,
қаншалықты маңызды
екенін түсінбесең де,
жиі қаза қылып жүрсең де,
Намазыңды тастама!🙂


дәл қазіргі сәттен😍

Мекке қаласы 25.11.2024 21:43


- бес жылдан кейін өзіңізді қалай елестетесіз?

🌙сауабы көбірек, күнәсі азырақ;
🪷шүкірі көбірек, шағымы азырақ;
🪽дұғасы көбірек, бос сөзі азырақ;
⚖️Құраны көбірек, құр әні азырақ;
☺️жымиысы көбірек, мұңаюы азырақ;
❤️‍🩹мейірімі көбірек, өзімшілдігі азырақ;
🎈берері көбірек, алары азырақ;
⌛️жауапкершілігі көбірек, уақыты азырақ;
🔑сенімі көбірек, күдігі азырақ;
🔆жылуы көбірек, аязы азырақ;
❔сұрауы көбірек, ақылы азырақ;
⚓️сабыры көбірек, ашуы азырақ;
✅бақыты көбірек, аспаны көгірек, түні жарықтау, мақсаты анықтау, жолы да қолы да ашықтау адам болатын шығармын, Алла қаласа…



20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.