Беріктігі сақалдың ұзындығы мен тұмшаланған беттің көлемімен есептелетін иманның қажеті жоқ!
Байқайсыздар ма? Жаһандық исламизация үдерісі байқалады. Оны еліміздегі дінге бет бұрғандардың санының күннен-күнге артуынан да байқауға болады. Ал әлемдегі ең бір айқын көрінісі – Біріккен Патшалық патшайымы ІІ Елизаветаның Мұхаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тікелей ұрпағы деген жаңалықтың тарауы. Бұл жерден аңғаруға болатын жайт: қазақ даласына Исламның күшпен енгендігі бәрімізге мәлім. Х ғасыда қарулы соғыспен ұстанушыларын жинаған Ислам қазіргі кезде ақпарлы соғысқа көшті. Бейдәстүрлі ағым өкілдерінің де миссиясы – халық назарын дінге аударту деуге болады, себебі кезекті террористік акт жайлы жаңалықты естіген кез-келген адам бұл тақырыпқа қызығушылық танытып, Исламмен танысуы мүмкін. If you know what I mean. Сондай-ақ еліміздегі орамал даулары да исламизацияның көрінісі. Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды. Ешқашан. Әрбір істің астарында үлкен бір саясат жатады. Жаһандық исламизацияның тағы бір көрінісі – Америкалық Marvel Comics баспасының комикстеріндегі алғашқы мұсылман супер-кейіпкер Kamala Khan'ның пайда болуы. Кейіпкерге хиджаб кигізбесе де (авторлардың шешімі бойынша) мойнында орамалы бар. Бұл сияқты мысалдарды тізе берсем, ұзақ айта беруге болады. Жаһандық исламизацияның мен байқаған басты көріністері осы. Бір қызығы – бұл үдерістің болуы Исламда да айтылып кеткен, айтпағым, жаһандық исламизация – ақырзаманның белгілерінің бірі. Мұхаммед пайғамбар «Үлкен шығынмен аяқталатын, сондай-ақ бір сенімді уағыздайтын қос әскердің қақтығысы болмайынша, ... , қиямет күні орнамайды» деп айтып кеткен.