TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Сәуегей сағыз

5 Jun 2018, 19:53

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

Құрметті EagleZ және жазбаға тап болған жан, WhatsApp арқылы таралып жатқан менингококты жұқпа жайлы жалған ақпарға сенбеулеріңізді сұраймын. Әрине, барлығы оған сеніп қалып жатыр, себебі мемлекет тарапынан ағарту жұмыстары жүргізілмеген, халық қарапайым нәрселерді түсінбейді. Кез келген жазбаға сеніп, соны орындап, керісінше денсаулығыңызға нұқсан келтіріп алмаңыздар. Қандайда бір шара қолданбас бұрын дәрігерге көріну қажет. Жұқпаның белгілері: кенеттен көтерілген дене қызымы (37,1 – 40 °С), назофарингит, яғни мұрынның бітелуі, тамақтың қызарып, қышып, ауыруы, бас ауруы, мазасыздық, тәбеттің төмендеуі. Бұл бастапқы белгілер. Бөртпелердің шығуын немесе мойын бұлшықеттерінің ауруын күтудің қажеті жоқ. Жұқпамен күресудің тиімді жолы – алдын алу, себебі жұқпа профилактикасы емнен көрі жеңіл. ПРОФИЛАКТИКА РЕТІНДЕ АНТИБИОТИК ҚАБЫЛДАУ ДҰРЫС ЕМЕС! Антибиотик болашақта сырттан түсетін бактерияларды күтіп жатпайды, іштегі барын өлтіреді! Ал әрқайсымыздың ішімізде қалыпты микрофлора болады. Ешбір себепсіз антибиотик ішу арқылы біз тек сол микрофлораны өлтіреміз. Сондықтан антибиотик жұқпаның алдын алуда тиімсіз, себебі ол вакцина емес, дәрі! Біздің қолымыздан келетін жалғыз шара: адам көп жиналатын жерге бармауға тырысу, барған жағдайда ұзақ кідірмеу, бетперде тағу (жиі ауыстыру), жоғарыда аталған белгілері бар адаммен байланысқа түспеу, белгілерді анықтаған жағдайда бірден жақын арадағы медициналық ұйымға жүгіну.

816 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot