TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Сәуегей сағыз

6 Jul 2018, 16:33

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

Сіздерді Мазақ Отарлығы атты егемендігін 1990 жылы, ал тәуелсіздігін тек 1991 жылы алған мемлекетпен таныстырғым келеді. Бұл мемлекет өте қызық мемлекет. Олай деуіме себеп көп. Бұл мемлекетті бүткіл әлем орысша атайды. Неге десеңіз кезінде Сор Одағының көсемі – Жүсіп Болат бұл елді мазактардан айыру үшін мазахтар деп атаған. Сол кезден бастап бұл мемлекеттің әлемдік аренадағы атауы – Mazakh Otarlygy. Мазақ Отарлығы жер көлемі бойынша әлемде 9 орын алғанымен, халқының саны небәрі 18 мелінге жетер-жетпестей. Игерілмеген жер несиеге, оның ішіндегі байлық сатылымға кетіп, ал сол шикізат өнімдері Рұс Елінен, Жұңғолықтардан қып-қызыл ақшаға қайта сатылып алынады. Бір сөзбен айтқанда Мазақ Отарлығы – әлемдегі нөмірі бірінші арзан шикізат базаларының бірі әрі бірегейі. Отарлықтың тұңғыш әрі мәңгілік Отарбасы – Лайыт Ешкетпесұлы. Отарлықта тек бір партия жұмыс істейді – Лайыт Отан. Елде "Лайыт" сөзі өте танымал. Лайыт Плаза, Лайыт жол, Лайыт Ешкетпесұлы атындағы әуежай мен көше, бірнеше ескерткіш бар. Отарбасының жүргізген саясатына баға бергендердің барлығы оны «XXI асыр диктаторы» деп атайды. 27 жыл бойы ел тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырған Ешкетпесұлы әлемдік аренада беделді екендігін жасыра алмаймын, десе де елдегі халық ахуалы мәз емес. Отарлықта оппозиция мүлдем жоқ, халық толқулары болмағандай басылып, БАҚ өкілдерінің тарапынан жасырылып қалады. Халқының не саяси, не діни, не құқықтық сауаты жоқ. Саясатқа араласудың орнына жезөкшелерді сабаумен, мазақ қыздарының бұтын аңдумен, өнер жұлдыздарының шаштары мен сырғалары жайлы сөз қозғаумен, өзгені ғайбаттаумен айналысады. Отарлық университеттерінін дипломы ешбір елде бағаланбайды. Мектеп түлектерінің білімін тестпен бағалайды. Мазақ Отарлығының төл жазу жүйесі жоқ, әзірге Сор Одағының құрамында болған кезде қабылданған керіл әліпбиінде жазады, алайда 2025 жылға дейін латын жазуына көшпек жоспары бар, алайда ол жоспарлары Мазақ Елін Сайқымазақ еліне айналдырмақ. Болашақ әліпбидің Microsoft Word кестесі арқылы жазылған нұсқасы 3 рет өзгерді. Ал бүгін Мазақ елінің елордасы – Сатананың 20 жылдық мерейтойы. Сатана – елдің ең бай қаласы. Мемлекеттік қазнаның түгелі дерлік осы қаланың инфрақұрылымына жұмсалатын сынды. Қаладан сәл алшақ кетсеңіз, Мазақ Елінің шынайы бейнесін көресіз.

1k 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot