Жуал Ной Арардың «Sapiens: Адамзаттың қысқа тарихы» атты еңбегінен керемет үзінді:
Табиғи ортада шимпанзелер тобы 20-дан 50-ге дейін дарадан құралады. Топ тым үлкейіп кетсе, тұрақсыздық орнайды; биологтар 100 маймылдан асатын топты өте сирек кездестіреді...
Ежелгі адамдардың, оның ішінде алғашқы Homo sapiens өмірі де осылайша болған деген болжам бар. Әлеуметтік инстинкт адамдардың да дәл шимпанзе секілді достық байланыс орнатып, иерархия құруына түрткі болады: біздің бабаларымыз да бірлесе аң аулап, өзара шайқасқан. Алайда ежелгі адамның әлеуметтік инстинкті дәл шимпанзенікіндей тек кішкентай топтарда жұмыс істейтін. Топ ұлғайған сайын арадағы әлуметтік байланыс ажырап, топ тарайтын. Тіпті 500 ежелгі сапиенсті асырай алатын шұрайлы алқапта осынша бейтаныстар бір-бірімен сиыса алмас еді: топ көсемін сайлау, қай жерде, кімге аңға шығуға болатындығын және кім кіммен шағылысатынын қалай келісер еді?
Когнициялық революция (Cognitive revolution) нәтижесінде сапиенстер біршама ірі әрі тұрақты топтарға біріге бастады. Бұл жерде өсектесу қабілеті үлкен рөл атқарды, – өсектің де өз кемшіліктері бар. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша өсек біріктірген топтардың «табиғи» көлемі шамамен 150 дараны құрайды.
Қазірдің өзінде адамның ұйымдық тіршілігі осы бір тылсым санмен шектелген. Мұндай шектеумен компаниялар, әлеуметтік желілер, қоғамдық ұйымдар мен әскери бөлімшелер жақын таныстық пен өсек негізінде бірге бола алады. Бұл кезде формал иерархия, әскери атақ пен тәртіп сақтау ережелері қажет болмайды. 30 сарбаздан құралған взвод, тіпті 100 адамдық рота да ішкі байланыстар арқылы, еш сыртқы араласусыз қызметін жалғастыра алады. Құрметке ие сержант «патша» болса, оған тіпті офицерлер де бағынатын болады. Отбасылық бизнес еш директорлар, бас директорлар мен бухгалтерия кеңесінсіз-ақ гүлдене береді.
Бірақ 150 адамнан асқан кезде-ақ, аталған жүйе бұзылады. Мың адамнан құралған дивизияны, взводты басқарғандай басқара алмайсың. Сәтті отбасылық бизнес өсіп, қосымша қызметкер жалдау керек болған кезде ол дағдарысқа тап болады. Дәл осы сәтті пайдаланып, қайта құрылмаса, ол бизнес қаусап қалады.
Homo sapiens бұл шекарадан асып, мыңдаған адам тұратын қала тұрғызып, жүздеген миллион тұрғыны бар империяларды құрудың қыбын қалай тапқан екен? Дәл осы жерде фикция іске қосылады. Бірнеше мыңдаған бірін-бірі танмайтын адамдарды миф біріктерсе, сәтті серіктестік құра алады.
Кез-келген кең ауқымды адамзат серіктестігі – заманауи мемлекеттен ортағасырлық шіркеулерге дейін, ежелгі қала мен ежелгі тайпа – тек адамдардың қиялында болатын ортақ мифтерден шыққан. Бірін-бірі танымайтын қос католик Құдай біздің күнәларымызды өтеу үшін адам кейпіне еніп, өзгелерге өзін айқышқа керуге ерік бергендігіне сенетіндіктен, бірге кірес жорығына шыға алады немесе аурухана салдыру үшін қаражат жинауы мүмкін. Ал мемлекеттер ұлттық аңыздарға сүйенеді. Бірін-бірі білмейтін қос серб екеуі де серб халқына, сербтер атамекені мен серб жалауына сенім білдіретіндіктен бірін-бірі жақсы түсінеді. Корпорациялар жеке экономикалық аңыздарын ойлап табады. Таныс емес екі Google қызметкері біргіп, нәтижелі жұмыс істей алады, себебі олар Google компаниясының, акциялар мен доллардың бар екендігіне сенеді. Сот жүйелері ортақ заңгерлік аңыздардың арқасында өмір сүреді. Қос бейтаныс заңгер тіл табыса алады: олар екеуі де заңдардың, әділдіктің және адам құқығының бар екеніне сенеді.
Бірақ бұл тек адам қиялындағы ойдан шығарылған оқиғалардың ішінде ғана бар. Шындығында құдайлар, ұлттар мен корпорациялар жоқ, ақша, адам құқығы мен заң да жоқ, және де әділеттілік тек адамдардың ұжымдық қиялында тірі.