⚡️“Жетісу” ӘКК қолдауымен Талдықорғанда екі әлеуметтік дүкен ашылды
✅Талдықорғанда екі әлеуметтік дүкен ашылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) төменгі үстеме бағамен бағамен сатылады.
✅Дүкендерде сиыр етінен басқа әлеуметтік маңызды тауарлардың 18 түрі ұсынылған. Мұнда Жетісу облысының тұрақтандыру қорының және «айналым схемасына» қатысушы өндірушілердің тауарлары сатылады.
✅Дүкендердегі сату бағасы нарықтық бағадан орта есеппен 10%-ға төмен. Мысалы, қант құны 425 тг/кг (нарықтық – 483 тг/кг), күнбағыс майы 740 тг/кг (нарықтық – 931 тг/кг), күріш 340 тг/кг (нарықтық – 496 тг/кг).
«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ басшысы Данияр Айқынбаевтың айтуынша, азық-түлік дүкендерінің форматы «әлеуметтік дүкенге» ауыстырылды. Жақын арада облыс орталығында тағы да осындай дүкендер ашу жоспарлануда.
🗣️«Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру маңызды міндетіміз және бұл мәселе облыс басшылығының ерекше бақылауында. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қала әкімдігімен бірлесіп, Талдықорғанның басқа да аудандарында қосымша әлеуметтік дүкендер ашуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда 2022-2023 жылдарға арналған ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін облыстық бюджеттен тұрақтандыру қорын қалыптастыруға және «айналым схемасын» жүргізуге 4 млрд теңге бөлінді. Маусымнан тыс уақытта көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін 736 тонна картоп пен 169 тонна сәбіз жеткізу туралы келісімге қол қойылды. «Айналым схемасы» шеңберінде 9 тауар өндірушімен және 2 сауда субъектісімен сауда желілеріне азық–түлік тауарларын өндіру және жеткізу бойынша шарттар бар», – деп атап өтті Данияр Айқынбаев.
🔰Толығырақ
t.me/zhetysubusiness