Postlar filtri


Reminder 💌


жүректің жазбалары dan repost
егер қиналсаң, досыңның есігін қақ.
есік ашылмаса, көзің ашылар.


Аллаһым, егер тілім дұғамда не қалайтынын білмей тұрса, Сен менің жүрегімдегіні естіші


Tabigat Kautay dan repost
Иманды болсаң ақыл айта берме, хәлін түсін, ая, жұмсақ қара, түсін, мәселесін шеш, шеше алмасаң көмектес, шеше алатынды ізде, ол үшін дұға ет...

Әлем қамқоршыларға мұқтаж, кітап кемірген ақылгөйлерге емес...


Сүйсем егер ғұмырлық сүйіп кетем.
Жұртқа менің жүрегім - тұйық мекен.

— Фариза Оңғарсынова


Бізге келіп жатқан ризықтың барлығы ол біздікі емес екенін түсінсек деймін. О баста Алла бәрімізге ризық бергенде, оны артығымен береді. Біздің қолымызда өзгенің ризығы да тұрғанын ұмытпау қажет. Аяқ асты алдыңнан көмек сұрап шыққан пенденің, тіпті мейлі, сұрамай, ақшаға мұқтаж болып тұрған жанға сенің ет бауырың елжіреп, ақшалай көмек бергенің, “мен оған көмектестім” деп нәпсіңді тойдырмасын. Ол ақша ол мұқтаждың Алладан тілеп, сұрап алған ақшасы. Оны беруші - Алла. Сен емес. Түбі келгенде сенің сол берген ақшаңның берушісі де Алла ғой.

Біреудің ризығын дер кезінде өз иесіне табыстай алмай, дүниеге деген махаббаттың әсерінен жәрдемдеспеуді ұмытып, жұрт ақысына кіріп кетпейік.

(Өзіме де, өзгеге де айтарым)


«Алла беріп сынайды, алып емдейді»

Қатты өткен сөз болды


Ақырын күту - бір орында тұру емес, көрегендік. Сабыр деген не? Тікенге қарап, раушан гүлін, түнге қарап, күндізді елестете алу. Алланы сүйгендер сабырды бал қаймақтай көріп, еме түскісі келеді, бойына сіңіреді. Олар көктегі орақ ай толғанға дейін де уақыт керегін жақсы біледі.

— Тоғызыншы қағидадан.


Galam meniń kózimmen dan repost
«беруді» қаламаса,
«қалау» деген сезімді бермес еді.


көңілге бір арманның ұялауы, жүректің бір нәрсені қалауы – бұл бекер емес. әрбір қалау – берудің алғышарты, әрбір сұрау – уәденің бастауы. кейде уақыт керек, кейде шыдам, бірақ ешбір шынайы сұрау жауапсыз қалмайды.

қалау жүрекке тегін салынбайды.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
«Мен сол күннен бастап анамды күтуді доғардым, бірақ жүрегім сағынуын тоқтатқан жоқ»

Бүгінгі «Болмаған балалық шақ» қойылымынан 🕯️


Кезінде бір кісі:
— Сені тыңдамайтын жерде дауысыңды қатты шығарып сөйлеудің қажеті жоқ

деп еді, сол сөз маған әлі көмектеседі


“Дүниенің қайғысы ақ жауындай үзілмей жауса да, қуаныш анда-санда найзағайдай жарқ етеді де өшеді, бұл неліктен? Бұл адам баласынын, қиянатының көптігі — мейірімінің аздығынан.”

Мейірімді болайық. 🌱


Жүректегі мұңды тек сол жүректі Жаратушы ғана түсінеді


«Уа, Алла тағалам! Ұлы қорғаныңнан пана сұраған мына әлсіз құлыңды есігіңнен қуар болсаң, мен басқа қай есікке барып пана тілеймін?»


«Махаббат нәзік, ұзақ өмір сүрмейді, әсіресе оны көз жасымен суарса»

Әшімов күнделігінен 📝


Дулат атамыз қайтқаннан кейін мендегі жаңа мақсат - осындай әр кездесуден қалмау, біліп қалу, естіп қалу, естелікке алып қалу.
Бауыржан Момышұлы атамыздың келіні Зейнеп Ахметова әжемізден естелікке 🕯️


Біз «лайықты» болғандықтан емес,
Ол мейірімді болғандықтан. 🤍


Құндылықтар сыйыспаған жерге - бас сыйыспайды


Адам адамның есінде мәңгі қалу үшін үлкен бір ерліктің керегі жоқ шығар. Мәңгілікке татитын бір әрекет жетіп жатыр.

“Ай мен Айша”


Адам әлсіздігімен сұлу

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.