"Жүзім" аударма тобының ережелері!
Осыны мұқият оқып,есте сақтауларыңызды сұраймыз.
1. Боқтық сөздерді қолдануға тиым салмаймыз, алайда біреуді қор қылу - каналдан қуылуға тең(бан)
2. Ескерту! Белгілі бір тайтл(маньхуа/-хва/-га, комикс) қашан шығады деп спам жасамаңыздар! Тобымыздың өзінің шығу кестесі бар, біз соны ұстанамыз. 1 рет ескерту, 2 рет - бан
3. Ұрыспау! Біз достықты, ұйымшылдық және ынтымақтастықты қолдаймыз. 1 рет ескерту, 2 рет - бан.
4. Аудармамызды біздің рұқсатымызсыз өзге әлеуметтік желіге таратпау. Өйткені, аудармамыз тегін оқуға арналған.
5. Админдерге, басқа оқырмандарға, аудармашы тобының мүшелеріне дөрекі сөйлемеу! Тәртіпті үйретпейміз. 1 рет ескерту жасалады, 2 рет - бан.
6. "Мен орысшасын оқып қойдым/Орысша атауы/Орысшасы анау-мынау" деген тәрізді сөздерді қысқартсаңыздар, бірден - бан. Біз орыс аудармашылары сияқты тайтл шыға сала аудармадық, құрылғанымызға 1 жыл ғана болды, сондықтан аз уақытта көп тарауды бітіру мүмкін емес, ақырын-ақырын, уақытымен шығарып жатырмыз. Орысша аударма туралы мүлдем сөз қозғамаңыздар.
7. Пікір алаңында(комментарии) жарнама жасауға болмайды. Ескертпейміз, бірден бан.
Жарнама мен взаимный пиарға жауапты админдер бар.
@zhu_zim 8. Бұл канал ЛГБТ-ы қоғам болғандықтан, ЛГБТ манга/-хва/-ьхуалар шығарылатыны түсінікті жайт. "Фу, гейлар" "ЛГБТ-ма не" деген сияқты пікірлер жазбасаңыздар. Ұнамай ма? Сіздерді ұстамаймыз. Не болмаса ауыздарыңызға, пернетақталарыңызға ие болыңыздар. 1 ескерту, 2 рет - бан.
9. Дін, дінге шақыру туралы сөз болмасын. "Исламға шақырам, бұл күнә" деген сияқтыны естісек - бан. Неге? Себебі, әр адам бөлек бір тұлға, өз таңдауы, бас бостандығы бар.
10. Тобымызға қосылатын ниеттеріңіз болса, алдағы "ірікеу"-лерде қосыла аласыздар. Ал егер, іріктеу уақыты бітсе, онда ол туралы (пікір алаңына, админдердің жекесіне) жазудың қажеті жоқ.
11. "Мына маңга/хва/хуаны аударыңыздаршы" деп жазбаңыздар. Біздің алған 15-тен аса тайтлымыз бар, түсінесіздер деген ойдамыз.
12. 18+ GIF, сурет, видео, файл, сілтеме жібермеу. 1 рет ескерту, 2 рет бан