«Үш ересек адам жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, сол жақ жамбас сүйегінің сынығымен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Төртінші зардап шеккен 15 жастағы бала сол жақ аяқ сүйектерінің сынуы диагнозымен №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі», – деп мәлімдеді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.