Leila Erbol


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Салем достар! Есімім Лейла! Қазақ тіліндегі практикующий астрологпын! Астрологияның адам өміріне тигізетін әсері қандай? Аспан әлеміндегі планеталар мен олардың қозғалысын біліп, өзімізге жақсы жағынан пайдаланып үйренейік❤️

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Әр үйдің берекесі мен мерекесі болған ханымдар мерекелеріңіз құтты болсын🌸🌹🌹🌹


ЕГІЗДЕР МЕН МЕРГЕННІҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ:

♊️Егіздер (Ауа)– жеңілдік, зияткерлік, коммуникация және өзгеріс символы. Егіздер ақпаратқа құмар, ойлау жылдамдығы жоғары, бір тақырыптан екіншісіне тез ауысады. Бостандықты, жаңа әсерлерді және идеялармен алмасуды ерекше бағалайды.

♐️Мерген (От)– құлшыныс, энергия, жаңалықтар ашуға ұмтылу. Мерген саяхатты, шытырман оқиғаларды және философиялық сұхбаттарды ұнатады. Оптимистік көзқарасқа ие, айналасындағыларды шабыттандырып, жігерлендіреді.

👫Өзара әрекеттесуі:

Егіздер Мергенді жаңа идеялармен қыздырып, әртүрлі көзқарас ұсынса, Мерген Егіздерге ықпалды іс-әрекет күшін береді. Осылайша олар бірін-бірі толықтырып, ешқашан зерікпейтін, қарқынды жұп құрайды.

Мінез және өзара әрекеттесу ерекшеліктері қандай?

Егіздер: жаңалықтарды, теорияларды, кітаптарды талқылауға әуес, тақырыпты жиі ауыстырады.
Мерген: тереңірек, философиялық талдауларды ұнатады, бірақ жеңіл әңгімеден де қашпайды.

Бұл екеуі кез келген нәрсе туралы ұзақ сөйлесе алады, күнделікті ұсақ-түйектен бастап, ғаламдық мәселелерге дейін. Мерген Егіздерді тереңірек зерттеуге итермелесе, Егіздер Мергеннің санасын кеңейтіп, бір ғана идеямен шектеліп қалмауын қадағалайды.

🌐Өзгерісті және бостандықты сүюі:

Егіздерге бостандық – ақпарат пен әсерлердің көптүрлілігі, жаңа ортаны көріп, әрдайым дамып отыру.
Мергенге бостандық – саяхаттау, шытырман оқиғалар, жеке шешімдерде тәуелсіз болу.

Екеуі де құлыпталып қалғанды жек көреді. Олар үшін әркімнің даралығын сақтау – табысты қарым-қатынастың негізгі шарты.

Оптимизм және икемділік:

Егіздер жағдайға оңай бейімделіп, шешімдерді жылдам өзгерте алады.
Мерген барлық нәрсеге позитивпен қарап, әрдайым жол табуға тырысады.

Қос өзгермелі белгі бірлесіп, қиындықтардың көбін тез еңсеріп шығады.

❗️Қарым-қатынастағы ықтимал қиындықтар:

Тереңдік пен үстірттіктің н/е үстіртіндіктің қайшылығы:

Егіздер кейде үстірттілікке бейім, бір іспен ұзақ айналыспай, зейінін тез ауыстырып жібереді.
Мерген терең мағынаны, рухани дамуды не білімді қажет етіп, тым жеңіл ойды жақтырмай қалуы мүмкін.

Шешім қабылдау қиындығы:
Өзгермелі табиғат екеуіне де тән, сондықтан ұзақ мерзімді жоспарларды нақтылау күрделі болып жатады.

🔞Сексуалдық үйлесімділік:

Екеуі де жаңашылдықты ұнатады, эксперименттен қорықпайды.
Ашық әңгіме арқылы қалауларын айту қиындық тудырмайды.
Мергеннің отты энергетикасы құштарлықты арттырып, Егіздердің ауадай жеңілдігі мен қиялилығы қарым-қатынасқа ерекше сипат береді.

Егер біреуі жалыға бастаса, жаңашылдық енгізіп, мәселені ашық талқылау керек. Өзара түсіністік пен еркіндік – үйлесімді жыныстық өмірдің негізі.

Қарым-қатынасты қалай нығайтуға болады?

1. Бір-бірін тыңдау
Егіздер Мергеннің терең ойларына шыдамдылық танытып, Мерген Егіздердің жеңіл, жан-жақты қызығушылықтарын құрметтеуі қажет.
2. Ортақ шытырман оқиғаларды іздеу
Бірге саяхаттау, ортақ хоббилер, қызықты шараларға қатысу, жалығуды болдырмай, жақындықты күшейтеді.
3. Ұзақ мерзімді жоспарларды келісіп отыру
Болашақтағы негізгі мақсаттар мен қаржылық мәселелерді, өмірдегі басымдықтарды(приоритет) алдын ала талқылау, күтпеген қақтығыстардың алдын алады.
4. Зияткерлік және рухани дамуды бірге қолдау
Егіздер белгілі бір тақырыптарды тереңірек зерттеуге ұмтылып, Мергеннің қызығушылығына жақындаса, ал Мерген Егіздердің түрлі жеңіл тақырыптарына да көңіл бөліп, оларды түсінуге талпынса – қарым-қатынас нығая түседі.
5. Даралықты құрметтеу
Ең басты қағида – серігіңізді өз өлшеміңіз бойынша өзгертуге тырыспау. Өзгермелі белгілер болғандықтан, икемділік оларды біріктірсе де, жеке шекараларды сақтау одан да маңызды.

📌Қорытынды:

Егіздер мен Мерген – ең жарқын әрі өмірге құштар жұптардың бірі. Бірін-бірі шабыттандырып, әлемді бірге тануға, идеяларымен бөлісуге қабілетті. Олардың одағы еркіндікке, өзара дамуға және зияткерлі серіктестікке негізделген. Егер екі тарап бір-бірінің терең қажеттіліктерін түсініп, ұзақ мерзімді міндеттемелерден қашпаса, бұл жұп жарқын эмоцияларға, терең білім мен шынайы түсіністікке толы ерекше әрі табысты қарым-қатынас орната алады.

#үйлесімділік


ШАЯН МЕН ШАЯННЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ:

Шаян + Шаян үйлесімділігі – бұл екі белгі де су стихиясына жатады, екеуін терең эмоцияшылдық, интуитивті байланыс және отбасылық жайлылыққа ұмтылыс біріктіреді. Екеуі де өте сезімтал келеді және серігінің көңіл күйін нәзік сезіне алады.


Негізгі белгілері мен ерекшеліктері:

▫️Сезімталдық. Шаяндар айналасындағы атмосфераға және эмоциялық ортаға аса бейім. Шаяндардың жұбында екі серік бір-бірінің ішкі күйзелістерін жарты сөзден немесе тіпті ымнан ақ түсінеді.
▫️Отбасылық ұяға ұмтылу. Шаяндар үйдегі жайлылықты, жақын адамдарды қадірлейді. Екі Шаян бірге шынайы отбасылық ошақ құра біледі, олардың ортақ дәстүрлері, жылы кештері, жан дүниесін ашатын әңгімелері көп.
▫️Ренішке тез берілу. Жоғары эмоционалдық кейде Шаяндарды болмашы нәрсеге өкпелеп қалуға түрткі болады, сондай сәттерде олар қабықтарына тығылып қалуы мүмкін. Шаяндардың жұбында егер екеуі де ішкі әлеміне шегініп кетсе, бір-бірін үнсіз түсінбей қалатын жағдайлар тууы ықтимал.
▫️Интуитивті байланыс. Шаяндар бір-бірінің көңіл күйін керемет сезінеді, біреуі екіншісінің мұңайғанын, тіпті сөз айтпаса да, байқайды.

Одақтың артықшылықтары:

🔹Терең эмоциялық байланыс. Бірдей белгі оларға ерекше түсіністік береді. Олар бір-бірінің жандүниелік жақындығынан сирек шаршайды.
🔹Ұқсас құндылықтары. Екеуі де отбасыға, сенімділікке, қамқорлыққа және жайлы тұрмысқа бағытталған.
🔹Қолдау мен жанашырлық. Шаяндар бір-бірін баладай еркелетуге шебер, біреуі күйзеліске түскенде, екіншісі жанашырлық танытып, қамқорлық жасайды.

Кемшіліктері және ықтимал қиындықтары:

🔻Өкпешілдік. Суға су қосылғанда, толқын пайда болады, бір Шаян тұйықталып қалса, екіншісі мазасызданып, артық нәрселерді елестете бастайды, нәтижесінде түсініспеушілік туындайды.
🔻Эмоциялық тәуелділіктің шамадан тыс болуы. Екі серік те сезімге қатты бой алдырып кетсе, бұл жеке дамуға кедергі келтіреді, қызғаныш немесе қатты бақылау секілді жағымсыз жағдайлар туғызуы мүмкін.
🔻Тоқырауға бейімділік. Шаяндар тұрақтылықты жақсы көреді, бірақ сыртқы ынталандыру болмаған жағдайда еріншектікке, шамадан тыс тамақтануға не тұтастай селқостыққа түсуі ықтимал.

Татулық пен үйлесім туралы кеңестер:

🔸Тікелей сөйлесуді үйрену. Ренішті іште сақтамай, сезімдеріңізді ашық айтып, айыптау мен агрессиядан аулақ болған жөн.
🔸Сыртқы қызығушылықтарды дамыту. Тұрмыс пен отбасынан бөлек ортақ хобби мен әуестердің болғаны маңызды.
🔸Жеке шекараны сыйлау. Жақындық жоғары болғанымен, шаяндар кейде өзімен өзі жеке қалу қажет, серігі мұны түсініп, құрметтеуі керек.
🔸Жеңілдік атмосферасын қалыптастыру. Бірлескен саяхаттар, романтика, тосын сыйлар қосыңыз, бұл қарым-қатынасқа серпін беріп, тоқтап қалмауға көмектеседі.

📌Қорытынды:
Шаяндардың жұбы ерекше жылылыққа, нәзіктікке және мықты байланысқа ие болуы мүмкін, өйткені екі белгі де сенімділікке, отбасыға және өзара қамқорлыққа ұмтылады. Дегенмен тепе-теңдікті сақтау үшін өз реніштеріңнен шыға білуге және ашық сөйлесуден қорықпауға үйрену керек. Егер серіктер эмоциялық кемелдік танытып, өзара түсіністікке бірге күш салуға дайын болса, бұл одақ берік әрі ұзақ мерзімді болады.

#үйлесімділік


Сатурндарыңыз з жыл бойы қай сферада жүретінін білу үшін, инстаграмда (актуальныйдағы) сотис онлайн сайтына кіріп, анықтайсыздар.

Анықтай алмасаңыздар direct ке жазыңыздар! (Инстаграмға)

Давайте удачи👍




♌️АРЫСТАН мен ♑️ТАУЕШКІНІҢ үйлесімділігі:

Арыстан мен Тауешкі мүлдем әртүрлі элементтерді білдіреді: Арыстан – От, ал Тауешкі – Жер. Бұл екеуінің қарым-қатынасы кейде қиын болуы мүмкін, бірақ егер екеуі де күш салса, табысты одаққа айнала алады.


Оларды не біріктіреді?

1️⃣Амбициялар. Екі белгі де үлкен жетістіктерге ұмтылады, бірақ тәсілдері әртүрлі. Арыстан мақтауға және назарға мұқтаж, ал Тауешкі тұрақтылық пен мәртебені бағалайды.

2️⃣Көшбасшылық. Екеуі де қарым-қатынаста жетекші болуды қалайды және бір-бірін биік мақсаттарға шабыттандыруы мүмкін. Былайша айтқанда екеуі де лидер.

3️⃣Сенімділік. Егер Арыстан мен Тауешкі бір-бірін сенімді серіктес деп тапса, олар ұзақ және берік қарым-қатынас орната алады. Бір біріне тартатын күш, екеуінің де мақсатқа ұмтылғыштығы. (Достигаторство)

Қарым қатынастағы қиындықтар:

1️⃣Өмірге көзқарастарының айырмашылығы.
Арыстан жарқырауды, сән-салтанатты және назар орталығында болуды ұнатады.
Тауешкі ұстамды, практикалық және ұзақ мерзімді нәтижелерге бағытталған. Бұл қаржылық мәселелерде және өмір салтында келіспеушіліктер тудыруы мүмкін.
Арыстан ақша шашуды жақсы көрсе, Тауешкі керісінше жинауды жақсы көреді, осы тұрғысында келіспеушіліктер болуы мүмкін. Арыстан бір күндігімен өмір сүрсе Тауешкі болашағын ойлап болашақпен өмір сүреді. Тауешкінің кейде тым қатылығы мен ұатаңдығы Арыстанның ашуын тиіп түсініспеушіліктер орын алады.

2️⃣Эмоционалдық үйлесімсіздік.
Арыстан мақтау мен эмоционалды қолдауды қажет етеді, олар өмір ритімімен өмір сүргісі келеді, ал Тауешкі кейде салқынқанды және қатал көрінеді. Тауешкі Арыстанды тым өзімшіл деп санауы мүмкін. Арыстан Тауешкіге өмір сүруді, расслабиться етуді үйретеді. Арыстан кішкене мақтаншақтау, ал Тауешкіде мақтану жоқ, ол барлығын тек іспен дәлелдеуді жөн көреді. Ең бастысы Тауешкі Арыстанға сену керек. Оның бастамаларын қолдау керек. (Тауешкі кішкене критик болу мүмкін)

3️⃣Бақылауға талас. Екі белгі де қарым-қатынаста басым болғысы келеді, бұл билік үшін күреске әкелуі мүмкін. Арыстан да Тауешкі де бақылауды өз қолында ұстағысы келеді, сондықтан бұл жерде компромисске келіп, біреуі шегіну керек.

Қарым қатынасты қалай жақсартуға болады?

1️⃣Келісімге келу. Арыстан Тауешкінің байсалдылығына шыдамдылық танытуы керек, ал Тауешкі Арыстанның эмоциялылығын түсініп, бағалауы қажет.

2️⃣Бір-бірінің амбицияларын қолдау. Егер олар серіктесінің мақсаттарын құрметтесе, бірге күшті жұп бола алады.

3️⃣Ашық қарым-қатынас. Арыстан мен Тауешкі арасындағы ашық әрі шынайы әңгімелер келіспеушіліктерді шешуге көмектеседі.

📌Қорытынды:

Арыстан мен Тауешкі одағына күш қажет, бірақ екеуі де түсіністік танытса, бұл қарым-қатынас гүлденуі мүмкін. Олар бір-бірінің ерекшеліктерін қабылдап, қолдау көрсете білсе, бірге үлкен жетістіктерге жете алады. Үйткені екеуінің де амбициялары жоғары.


#үйлесімділік

Лайк❤️


♊️Егіздер

Тема: Қарым-қатынас, нетворкинг, білім алу, жүргізуші билетін алу, көлік айдауды үйрену, жақын орта.
Прогноз: Ойларыңызды бөлісуге, көпшілік алдында сөйлеуге немесе білім беру жобасын аяқтауға қолайлы кезең. Маңызды әңгіме болуы мүмкін.

♋️Шаян:

Тема: Жеке қаржы, өз-өзіңізді бағалау, материалдық ресурстарыңыз.
Прогноз: Кенеттен қаржылай табыстар немесе шығындар болуы мүмкін. Жұмысыңыз сіздің құндылықтарыңызға сәйкес келе ме, ойланыңыз.

♌️Арыстан:

Тема: Жеке басыңыз, өмір салтыңыз, өз-өзіңізді көрсету.
Прогноз: Сіз назар орталығындасыз! Өз талантыңызды көрсетуге тамаша мүмкіндік. Сыртқы келбетке немесе мақсаттарыңызға байланысты түсініктер ойлар пайда болуы мүмкін.

♍️Бикеш:

Тема: Ішкі әлем, өткен кезеңдердің аяқталуы.
Прогноз: Жасырын қорқыныштарыңыз бен аяқталмаған істеріңізді айқындауы мүмкін. Артық нәрсені жіберіп, рухани өсуге көңіл бөлу керек. Ескі нәрселерге эмоционалды түрде, жабысып алудан аулақ болу, жіберіп үйрену.

♎️Таразы:

Тема: Достар, әлеуметтік топтар, ұжымдық жобалар.
Прогноз: Достарыңызбен қарым-қатынасыңызды қайта қарастыруыңыз немесе арманыңызға қолдау алуыңыз мүмкін. Командамен жұмыс істеуге қолайлы уақыт.

♏️Сарышаян:

Тема: Мәнсап, амбициялар, жетістіктер.
Прогноз: Назарыңыз кәсіби өміріңізде болады. Жетістікке жету немесе бағытты өзгерту қажеттілігі туындауы мүмкін. Ойланып көріңіз нестеуге болатынын.

♐️Мерген:

Тема: Білім алу, горизонтыңызды кеңейту, рухани сенімдер.
Прогноз: Саяхат жоспарлауға немесе білімді тереңдетуге қолайлы уақыт. Өмірге жаңа көзқарас пайда болуы мүмкін.

♑️Тауешкі:

Тема: Трансформация, ресурстар және терең байланыстар саласын жарықтандырады.
Прогноз: Ортақ қаржы, несие немесе мұрагерлік мәселелерінде айқындық пайда болуы мүмкін. Бұл – эмоциялық тазару және ішкі қорқыныштармен жұмыс жасау уақыты. Тәуелділікпен терең жұмыс.

♒️Суқұйғыш:

Тема: Серіктестік, қарым-қатынас және одақтар саласын белсенді етеді. Компромисс
Прогноз: Маңызды серіктестікке қатысты даму немесе аяқталу туралы шешім қабылдауыңыз мүмкін. Жақын адамдармен ашық қарым-қатынас жасау және жеке байланыстарды нығайту кезеңі. Ашық сөйлесу, талқылауға ашық болу керек.

♓️Балықтар:

Тема: Жұмыс, денсаулық және күнделікті тәртіп саласын белсенді етеді.
Прогноз: Сіз жұмыста маңызды жобаларды аяқтауыңыз немесе денсаулығыңызға деген көзқарасыңызды қайта қарауыңыз мүмкін. Бұл физикалық және эмоциялық тазартуға арналған ең жақсы кезең. Артық жұмыстарды тәмәмдау.

Арыстан белгісіндегі ай толуы әрдайым энергия, жарқындық және назарда болу тілегін алып келеді. Бұл энергияны маңызды істерді аяқтап, өміріңізде тепе-теңдік табу үшін пайдаланыңыз.

Сәттілік❤️Лайк


12 ақпанда Арыстан белгісіндегі толған Ай

+- 3 күн әсер етеді, даже келесі туған айға дейін. (28 ақпанға дейін)

Арыстан белгісіндегі толған Ай – бұл шығармашылық, көшбасшылық және өзін өзі мойындатудың энергиясының күшею кезеңі. Бұл уақытта эмоциялар күшейіп, жасырын қалауларыңыз көрінеді, сізді батыл әрекеттер жасауға итермелейді. Өз ерекшелігіңізді айқындап, өзіңізге назар аударту мүмкіндігіңіз жоғары болады.

♈️Тоқты:

Тема: Шығармашылық жобалар, романтикалық қарым-қатынастар және балалар мәселелері.
Прогноз: Бұл шығармашылықпен айналысуға немесе сезімдеріңізді ашуға қолайлы кезең. Жеке өмірде жарқын сәттер болуы мүмкін.

♉️Торпақ:

Тема: Отбасылық мәселелер, жылжымайтын мүлік, жақындармен қарым-қатынас.
Прогноз: Отбасылық шиеленістерді шешуге немесе тұрғын үйге қатысты мәселелерді реттеуге мүмкіндік. Эмоциялық қауіпсіздік маңызды болады.


Зодиак белгілеріне арналған ұсыныстар:

♈️Тоқты: Өзін-өзі көрсету және өзіне қамқорлық жасау кезеңі. Өз қалауларыңыз бен қажеттіліктеріңізге назар аударыңыз. Жаңа қарым-қатынастарда асықпаңыз; әрекеттеріңізді ойланыңыз.

♉️Торпақ: Ішкі өсу мен ойлану уақыты. Өткен қарым-қатынастар немесе аяқталмаған істер қайта пайда болуы мүмкін. Эмоционалдық байланыстарды аяқтап, алға жылжыңыз.

♊️Егіздер: Әлеуметтік белсенділік артады. Достар немесе қызығушылық топтары арқылы жаңа таныстықтар болуы мүмкін. Қарым-қатынасқа және идеялар алмасуға ашық болыңыз.

♋️Шаян: Мансап пен қоғамдық беделге назар аударыңыз. Романтикалық мүмкіндіктер кәсіби салада пайда болуы мүмкін. Жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтаңыз.

♌️Арыстан: Горизонтыңызды кеңейтуге және жаңа әсерлер алуға ұмтылыңыз. Саяхаттар мен оқу романтикалық кездесулерге әкелуі мүмкін. Жаңа мәдениеттер мен идеяларға ашық болыңыз.

♍️Бикеш: Интимдік байланыстар мен эмоционалдық жақындықты күшейту. Қолданыстағы қарым-қатынастарды тереңдету немесе жаңа, терең деңгейде бастау уақыты.

♎️Таразы: Серіктестік қарым-қатынастар басты назарда. Жаңа одақтар немесе қолданыстағы байланыстарды нығайту мүмкіндігі. Ынтымақтастық пен ымыраға келу маңызды болады.

♏️Сарышаян: Денсаулық пен күнделікті істерге назар аударыңыз. Романтика бірлескен жұмыс немесе бір-бірінің әл-ауқатына қамқорлық арқылы көрінуі мүмкін.

♐️Мерген: Шығармашылық өзін-өзі көрсету және ләззат алу маңызды болады. Флирт және жеңіл қарым-қатынастар болуы мүмкін. Сәттен ләззат алыңыз, бірақ салдарын ұмытпаңыз.

♑️Тауешкі: Отбасылық істер мен үй жайлылығы басымдыққа ие. Романтикалық сәттер үйде немесе отбасылық байланыстар арқылы болуы мүмкін.

♒️Суқұйғыш: Қарым-қатынас және ақпарат алмасу күшейеді. Қысқа сапарлар немесе оқу жаңа таныстықтарға әкелуі мүмкін. Жаңа идеялар мен перспективаларға ашық болыңыз.

♓️Балықтар: Қаржылық мәселелер мен жеке құндылықтар басты назарда болады. Романтикалық мүмкіндіктер материалдық істермен байланысты болуы мүмкін. Сіз үшін шынымен маңызды нәрсені бағалаңыз.

✅1 наурыз - 13 сәуір аралығында қарым-қатынаста қайта қараулар және бұрынғы мәселелерді шешу және өзіңіздің құндылығыңызды түсіну кезеңі болады!


Венераның Тоқты белгісіндегі кезеңінде жаңа мүмкіндіктерге ашық болу маңызды, бірақ шешім қабылдауда саналы болып, асықпау керек. Бұл транзиттің құштарлығы мен энергиясы ақыл мен жүрекпен қараған жағдайда қызықты тәжірибелерге әкелуі мүмкін.


Реакция қалдыруды ұмытпаймыз❤️


4.02-6.06 Венера, махаббат пен сұлулық планетасы, Тоқты белгісінде болады, қарым-қатынастар мен сезімдерге ерекше динамика мен құштарлық береді. Бұл кезең бастамашылдықтың артуымен және жаңа романтикалық оқиғаларға ұмтылумен сипатталады.

❗️Соңғы рет бұндай транзит
2️⃣0️⃣1️⃣7️⃣ жылдың көктемінде болған, сол уақытарды еске түсіріңіз, ұқсас жағдайларға тап болуыңыз мүмкін.

1️⃣Махаббаттағы белсенділік: Адамдар өз сезімдерін білдіруде батыл және шешімді болады. Бастаманы өз қолына алып, серіктестен алғашқы қадамды күтпеуге ұмтылады.

2️⃣Құштарлық пен импульсивтілік: Сезімдер тез және қарқынды пайда болады, бірақ сондай жылдам сөнуі мүмкін. Сондықтан асығыстықтың салдарынан сақ болу маңызды.

3️⃣Жаңалыққа ұмтылу: Жаңа әсерлер мен қарым-қатынастарға деген құштарлық күшейеді. Қолданыстағы байланыстар жаңартуды және жаңа эмоциялар қосуды қажет етуі мүмкін.


♑️Тауешкі мен ♏️Сарышаян үйлесімділігі:

Тауешкі мен Сарышаян — ең жұмбақ әрі күшті одақтардың бірі. Екеуі де эмоциялық тереңдікке ие, бірақ әрқайсысы оны өзінше көрсетеді. Тауешкі – жер элементінің өкілі, тәжірибеге сүйеніп, жоспарлы әрекетке басымдық береді. Ал Сарышаян – су элементі, интуитивті, құпияға толы және ішкі әлемін кез келгенге аша бермейді. Сондықтан бұл екі белгінің бір-бірін түсінуі де ерекше болуы мүмкін.


🌛Жеке қасиеттерінің үйлесімі:

Тауешкі еңбекқор, ұйымдастыру қабілеті жоғары, кез келген істе нақты мақсат қойып, жүйелі түрде соған жетуге тырысады. Ал Сарышаян — ішкі күшке бай, өз эмоцияларын басқаларға байқатпай, ұтымды сәтте ғана қолдана біледі. Екеуінің де рухы мықты болғандықтан, бір-біріне үлкен қолдау көрсетуге қабілетті. Тауешкі Сарышаянның тұрақты, сенімді серік бола алатынын байқаса, оны бағалайды. Өз кезегінде Сарышаян да Тауешкінің жауапкершілікке толы мінезін, сенімділігін жоғары қояды.

❤️Сезім және қарым-қатынас:

Сарышаян қашанда терең эмоцияларымен ерекшеленеді. Оның сүйе білуі де, қызғанышы да шексіз болуы мүмкін. Тауешкі алғашында бұл толқынды сезімдерге таңғалуы мүмкін, себебі өзі көбіне эмоцияны сыртқа ашық көрсете бермейді. Бірақ уақыт өте келе Сарышаян Тауешкінің ішкі берік «дуалын» бұзып, екеуінің арасында мықты байланыс орнайды. Бұл қарым-қатынаста сенім мен адалдықтың орны ерекше. Сарышаянға ашықтық қажет болса, Тауешкіге сенімділік пен тұрақтылық қажет.

Қиындықтар мен қақтығыстар:

Бақылауға құмарлық: Сарышаян көбіне серіктесін бақылауда ұстағысы келсе, Тауешкі өз ережелерін орнатуға бейім. Әркім өзінің «билік аумағын» шектен тыс қорғауға кіріссе, келіспеушіліктер туындайды.
Эмоция мен рационалдықтың балансын орнату маңызды, Сарышаянның сезімге берілуі Тауешкіге артық көрінуі мүмкін, ал Тауешкінің тым салқынқандылығы Сарышаянның көңіліне тиіп кетуі ықтимал.
Ренішті іште сақтау: Екі белгінің де іштей мұңды жинай беруі, оларды уақыт өте түсініспеушілікке әкелуі мүмкін.

🎁Ортақ мүмкіндіктер:

Екі белгінің де табандылығы оларға ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуге көмектеседі. Олар өзіндік «супер жұп» бола алады: Тауешкі — стратег, ал Сарышаян — терең психологиялық сезімталдықтан күш алатын тактик. Бірі жоспар құрып, екіншісі ұтымды сәтті сезе біледі. Бұл оларды іскерлік серіктестікке де, отбасылық өмірге де қолайлы етеді.

💬Қарым-қатынасты нығайтуға арналған кеңестер:

Ашық диалог: Сезіміңіз бен ойыңызды жасырмай, жиі сөйлесіңіз. Сарышаянға эмоциясын жеткізу маңызды, ал Тауешкі оны түсініп, фактылармен жауап берсе, өзара сенім беки түседі.
Ортақ мақсат қою: Жоспарлы түрде ортақ армандар, жобалар әзірлеңіз. Бұл екеуіңізге де ынтымақтастық пен серіктестік сезімін береді.
Шекараны құрметтеу: Сарышаян үшін ішкі әлемге рұқсат етілген аймақ болса, Тауешкіге де жеке кеңістік керек. Бір-біріңіздің даралығын бағалауды ұмытпаңыздар.
Сын мен қызғанышты шектеу: Тауешкі кейде ащы сын айтуы мүмкін, ал Сарышаян қызғанышқа тез беріліп кетеді. Сол себепті жағымсыз эмоцияларды бақылап, орынсыз пікірлерден аулақ болыңыз.
Романтикаға уақыт бөлу: Тауешкі «жұмыс-бизнес» деп жүріп, романды ұмытып кетуі мүмкін. Сарышаян да терең эмоцияны қанаттандыру үшін әдемі сәттерді қажет етеді. Сондықтан бірге романтикалық кештер, демалыстар ұйымдастырыңыз.


Қорытынды түйін:
Тауешкі мен Сарышаян — күшті, жігерлі одақ. Олардың қарым-қатынасынан терең сенім мен берік сезімдер туындайды. Алайда өзара сыйластық пен ашықтықты сақтаса ғана, бұл байланыс шын мәнінде бақытты, нәтижелі бола алады.


#үйлесімділік


♎️Таразы:

✔️Не істеу керек:
Әдемілік пен үйлесімділікке басымдық беріп, мерекелік әшекейлерді талғаммен таңдаңыз. Дипломатиялық қабілетіңізді пайдаланып, достар мен отбасы арасындағы ұсақ түсініспеушіліктерді шешіңіз.

✖️Не істеуге болмайды:
Жаңа жыл қарсаңында шешім қабылдауда екіұшты болып, созбалаңға салу.
Жанжалдан қашамын деп, өзіңіздікі дұрыс болса да, ымыраға келуге мәжбүр болу.

❓Неден сақтану керек:
Көпшілік алдында өз ойыңызды ашық айта алмай, іштен тынып қалу.
Қаржы мәселелерінде теңгерімсіздікке ұрыну (тым көп жұмсау не тым үнемдеп, жақындарыңызды қапаландыру).

♏️Сарышаян:

✔️Не істеу керек:
Табысты талдап, қаржылық мәселелерді нақтылауға уақыт бөліңіз (жыл қорытындылары, қарыздарды жабу т.б.). Жасырын таланттарыңызды көрсетуге талпынып, шығармашылығыңызды ортаға салыңыз.

✖️Не істеуге болмайды:
Ұзақ ренішті көңілге сақтап, жақындарыңыздан алшақтау. Тым күдікшіл болып, адамдарды кінәлаудан немесе сынға алудан сақ болыңыз.

❓Неден сақтану керек:
Өзіңізді жеп, іште бүккен ашу-араздықты сыртқа шығармай, мазасыздану.
Артық қызғаныш немесе байқаусызда айтылған қатты сөздерден келетін кикілжің.

♐️Мерген:

✔️Не істеу керек:
Көңілді ортада болып, достарыңызбен әңгіме-дүкен құрып, жаңа жылдық жоспарлармен бөлісіңіз. Шытырман оқиғалар мен жаңа тәжірибелерге ашық болыңыз, алайда бүгін шамадан тыс тәуекелге бармауға тырысыңыз.

✖️Не істеуге болмайды:
Ұсақ-түйек міндеттерге мән бермей, тек көңіл көтеруге ғана басымдық беру.
Өзіңізді шектен тыс еркін ұстап, басқалардың шекарасын ескермеу.

❓Неден сақтану керек:
Қаржылық шығындарыңызды бақылаусыз қалдырып, қажетсіз қарыздарға белшеден бату. Қоғамдық ортада күтпеген кикілжіңге ұрыну.

♑️Тауешкі:

✔️Не істеу керек:
Жаңа жыл қарсаңында ұзақ мерзімді мақсаттарды жоспарлап, нақты жазып қойыңыз. Жауапкершілікті ұмытпай, кәсіби не отбасылық міндеттерді уақытында атқарыңыз.

✖️Не істеуге болмайды:
Тым жұмысбасты болып, мерекелік көңіл күйден өзіңізді тыйю.
Өзіңізге сенімсіздік танытып, жетістіктеріңізді елеусіз қалдыру.

❓Неден сақтану керек:
Артық салмақты міндеттемелерді көтеріп, шаршап қалу. Еңбек пен демалыс тепе-теңдігін бұзып, денсаулықты ескермеу.

♒️Суқұйғыш:

✔️Не істеу керек:
Таныстармен, достармен байланыс орнатып, ерекше идеяларыңызды бөлісіңіз.
Шығармашылық, еркін ойлау арқылы мерекеге өзгеше көңіл-күй сыйлауға тырысыңыз.

✖️Не істеуге болмайды:
Топпен жұмыс істегенде тек өз пікіріңізді тықпалау.
Жеке кеңістікке мұқтаж екеніңізді елемей, үнемі адамдар арасында жүре беру.

❓Неден сақтану керек:
Қарбаласта маңызды нәрсені ұмытып кету (құжаттар, есеп-шоттар, т.б.).
Шамадан тыс белсенділік не уайым салдарынан ұйқыны бұзу.

♓️Балықтар:

✔️Не істеу керек:
Интуицияңызға құлақ түріп, ішкі даусыңызға сеніңіз: мереке қарсаңында армандауға, тілек тілеуге қолайлы кезең. Жақындарыңызға жылы сөз айтып, эмоционалдық қолдау көрсетіңіз.

✖️Не істеуге болмайды:
Өткен жылдағы реніштерді есте сақтап, өкпе-назды көтере беру.
Бәрін бірден үлгермеймін деп, уайымға салынып, күйзеліске түсу.

❓Неден сақтану керек:
Айналадағы адамдардың көңіл-күйін сезіп, артық жауапкершілікті мойныңызға алу. Бос қиялға салынып, нақты шаруаларды кейінге қалдыру.


Жалпы кеңестер:

Таңғы уақытта асығыстық пен шалт қимылдарға бейім болмауға тырысыңыз.
Ал күннің негізгі бөлігінде тұрмыс-тіршілікті реттеп, тыныш та жайлы дайындық жасауға көңіл бөліңіз. Жаңа жылды жарқын көңілмен қарсы алыңыз, ішкі үйлесімді сақтау маңызды!


Жаңа жыдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылда әр істеріңіз сәтті болсын! 🩷


♈️Тоқты:

✔️Не істеу керек:
Таңғы уақытта сергек болуға тырысыңыз: жеңіл жаттығу немесе жүгіріс энергияңызды ретке келтіреді. Шұғыл шаруаларды реттеп, жаңа жыл алдындағы мерекелік дайындыққа кірісіңіз.

✖️Не істеуге болмайды:
Ысырапшылдыққа жол бермеңіз: асығыс шешім шығарып, қажетсіз заттарды сатып алудан сақ болыңыз. Ашуға беріліп, ұсақ-түйек кикілжіңге түсуден аулақ болыңыз.

❓Неден сақтану керек:
Өз эмоцияңызды басқара алмай, жақындармен сөзге келіп қалу. Кәсіби не қаржылық міндеттемелерді ұмыт қалдыру.

♉️Торпақ:

✔️Не істеу керек:
Үй-жайыңызды көркейтіп, мерекеге сәндеуге көңіл бөліңіз. Жаңа жыл алдында бюджетіңізді реттеп, ақшаны ақылмен жұмсаңыз.

✖️Не істеуге болмайды:
Тым баяулыққа салынып, маңызды шаруаларды кейінге ысыру. «Бәрін өзім білемін» деген оймен өзгелердің ұсыныстарын елемеу.

❓Неден сақтану керек:
Артық тамақтану немесе қымбат ысырапшылық жасау. Тыныштық пен жайлылықтан бас тартып, асыра жұмыс істеп, шаршап қалу.

♊️Егіздер:

✔️Не істеу керек:
Шығармашылыққа ден қойып, үй безендіру немесе сыйлықтар әзірлеуді қызыққа айналдырыңыз. Қысқа сапарлар немесе дос-жаранға қоңырау шалу, жылы лебіз білдіру көңіліңізді көтереді.

✖️ Не істеуге болмайды:
Телефон, әлеуметтік желілерде тым көп уақыт жоғалту. Бастаған істі тез тастап, бір істен екіншісіне секіре беру.

❓Неден сақтану керек:
Артық ақпараттық шу, әсіресе жанжалдар мен өсек-аяңнан. Шешім қабылдау кезінде асығыстыққа салынып, маңызды ұсақ-түйекті назардан тыс қалдыру.

♋️Шаян:

✔️Не істеу керек:
Жақындарыңызбен отбасылық дастарханға дайындық жасап, жылы қарым-қатынасты нығайтыңыз. Мерекелік көңіл күйге бөленіп, көңілге жағымды істерге уақыт бөліңіз (үйді әшекейлеу, тәтті пісіру).

✖️Не істеуге болмайды:
Көңіліңізге жағымсыз эмоцияларды жасырып қалу: біреу ренжітіп алса, ашық сөйлескен дұрыс. Өз сезімдеріңізді ескерусіз қалдырып, тым көп міндет алуға тырысу.

❓Неден сақтану керек:
Тым алыс сапарлар немесе қауіпсіздік шараларын ескермей, асығыс қадамдар жасау. Бөтен адамдардың ісіне артық араласып, энергияңызды сарқып алу.

♌️Арыстан:

✔️Не істеу керек:
Өзіңізді көрсетіп, креативті идеяларды іске қосыңыз: мерекеге ерекше сән беретін бастамалар қолға алсаңыз болады. Дос-жаран, туыстардың ортасында көңілді басқосу ұйымдастырып, көшбасшы рөліңізді елге танытыңыз.

✖️Не істеуге болмайды:
Тек өз мүддеңізді ойлап, жақындарыңыздың қалауын ескермеу. Көп шығындалып, бюджеттен тыс жұмсалған шығыстарға ұрыну.

❓Неден сақтану керек:
Артық мақтаншақтық немесе сын көтере алмаушылық салдарынан туындайтын реніш. Күтпеген жағдайда туған қызғаныш, мінездің қаттылығы.

♍️Бикеш:

✔️Не істеу керек:
Мерекені жүйелі жоспарлап, әрбір детальді мұқият пысықтаңыз: ас мәзірінен бастап үйдің тазалығына дейін. Таңнан бастап рационалды ойлап, сапалы тауар ғана сатып алыңыз.

✖️Не істеуге болмайды:
Ұсақ-түйек кемшіліктерге қатты назар аударып, көңіл күйіңізді бұзу.
Шамадан тыс сыншылдық көрсетіп, өзгелерді ренжіту.

❓Неден сақтану керек:
Денсаулыққа бей-жай қарап, ауыр тамақтану немесе ұйқы тәртібін бұзу.
Жұмыстан алаңдап, маңызды шаруаларды кейінге қалдыру.


♌️Арыстан мен ♐️Мергеннің үйлесімділігі:

Арыстан мен Мерген – Зодиак белгілері арасында ең үйлесімді жұптардың бірі. Бұл екі белгі де от элементіне жатады, сондықтан олардың арасында энергия, құштарлық және өзара түсіністік жоғары деңгейде болады. Олар өмірге деген көзқарастары, қызығушылықтары және бір-біріне деген қолдауы арқылы бір-бірін толықтырады.


♌Арыстан – көшбасшылыққа бейім, өзіне сенімді, жарқын, және қайсар тұлға. Ол әрдайым назарда болуды жақсы көреді, өз құндылығын жақсы біледі және өзгелерден құрмет күтеді. Сонымен қатар, Арыстан шынайы, адал және қамқор жан ретінде ерекшеленеді.

♐Мерген – еркіндікті сүйетін, ашық, мақсатқа ұмтылғыш және оптимистік адам. Ол әрдайым жаңа білім мен тәжірибеге құштар, саяхаттауды және өмірдің әртүрлі қырларын зерттеуді ұнатады. Мергеннің адалдығы және әзілге жақындығы оны ерекше тартымды етеді.

Олардың қарым-қатынасындағы үйлесімділік:

1️⃣Энергия және құштарлық:
Арыстан мен Мергеннің қарым-қатынасында ұшқынды энергия сезіледі. Екеуі де өмірге құштар, белсенді және жаңа нәрселерге дайын. Бұл оларға бір-бірінен шаршамауға және қарым-қатынасты жандандырып отыруға мүмкіндік береді.

2️⃣Өзара қолдау:
Арыстанның көшбасшылық қасиеті Мергеннің еркіндікке деген ұмтылысымен үйлеседі. Мерген Арыстанның амбицияларын қолдай алады, ал Арыстан Мергеннің батыл идеяларына шабыт береді.

3️⃣Қызығушылықтары:
Олардың екеуі де саяхаттауды, жаңа нәрселерді үйренуді және өмірден ләззат алуды жақсы көреді. Бірге өткізген уақыттары әрқашан қызықты әрі ұмытылмас болады.

4️⃣Кедергілер:
Арыстан кейде өзіне көп назар аударуды талап етуі мүмкін, ал Мерген еркіндігін шектеуге жол бермейді. Бұл кейде түсініспеушілікке алып келуі мүмкін. Бірақ егер екеуі де бір-бірін түсінуге тырысса, мұндай мәселелер шешіледі.

Қарым-қатынасқа кеңес:

♌Арыстанға: Мергеннің еркіндігіне құрмет көрсетіңіз және оны шектемеңіз. Оның көзқарастарын бағалап, қолдауға тырысыңыз.
♐Мергенге: Арыстанның көшбасшылық қасиеттерін құрметтеңіз және оған назар аударыңыз. Ол сіздің адалдығыңызды және қолдауыңызды сезінгісі келеді.

📌Қорытынды:

Арыстан мен Мергеннің қарым-қатынасы әдетте үйлесімді және тұрақты болады. Олардың бір-біріне деген сенімі мен қолдауы мықты болса, бұл жұп ұзақ уақыт бойы берік қарым-қатынас орната алады. Бір-бірінің ерекшеліктерін құрметтеп, бірге дамуға дайын болса, олар шынайы бақытқа жетеді.

#үйлесімділік


♑️Тауешкі мен ♓️Балықтардың үйлесімділігі:

Тауешкі мен Балықтар – бір-бірін толықтыратын зодиак белгілері. Олардың одағы берік, сенімді және ұзақ мерзімді қарым-қатынас құруға қабілетті. Бұл екеуінің табиғаты мен өмірлік құндылықтары әртүрлі болғанымен, олар бір-біріне жақсы серіктес бола алады.

1. Мінездерінің ерекшеліктері:

♑️Тауешкі – жер элементінің белгісі, ол тұрақтылықты, тәртіпті және еңбекқорлықты білдіреді. Тауешкілер өзіне және басқаларға жоғары талаптар қояды. Олар өмірде нақты мақсаттарға жетуге тырысады және материалдық тұрақтылықты жоғары бағалайды.
♓️Балықтар – су элементінің белгісі, олар эмоционалдық тереңдікпен, сезімталдықпен және қиялдың байлығымен ерекшеленеді. Балықтар – арманшыл, рухани даму мен ішкі әлемнің үйлесімділігін іздейтін тұлғалар.

2. Негізгі айырмашылықтар:

Тауешкі – практикалық, материалдық жетістікке бағытталған. Балықтар – эмоционалдық және рухани құндылықтарға көбірек көңіл бөледі.
Бұл айырмашылық олардың арасындағы тепе-теңдікті сақтайды. Тауешкі Балықтарды жерге түсірсе, Балықтар Тауешкіге эмоционалдық нәзіктік пен шабыт береді.

3. Махаббаттағы үйлесімділік:

Тауешкі мен Балықтардың махаббаттағы қарым-қатынасы тұрақты және сенімді болуы мүмкін. Балықтар нәзік сезімдерге толы махаббатты іздейді, ал Тауешкі сенімділік пен тұрақтылықты қалайды. Бұл екеуі бір-біріне қажет нәрсені береді.

♑️Тауешкінің махаббаттағы рөлі:
Тауешкі қарым-қатынаста тұрақтылықтың, қорғаудың және сенімділіктің кепілі болып табылады. Ол әрқашан серіктесіне қолдау көрсетеді және материалдық жағынан қамтамасыз етуге тырысады.
♓️Балықтардың махаббаттағы рөлі: Балықтар қарым-қатынаста махаббат, романтика және эмоционалдық қолдау әкеледі. Олар Тауешкіге демалып, ішкі сезімдерін ашуға мүмкіндік береді.

4. Қарым - қатынастағы кедергілер:

Тауешкі кейде тым суық және жұмысқа берілген болуы мүмкін. Бұл Балықтарды ренжітуі мүмкін.
Балықтар кейде шындықтан қашып, арманшыл бола алады, бұл Тауешкіге түсініксіз болуы мүмкін.
Егер олар бір-бірінің ерекшеліктерін түсінсе, олардың махаббаты ұзақ мерзімді және берік болады.

📌Қорытынды:

Тауешкі пен Балықтардың үйлесімділігі жоғары. Бұл екеуі бір-бірін толықтыратын жұп, өйткені олардың өмірге деген көзқарастары әртүрлі болса да, бірге үйлесім таба алады.

-Махаббаттағы үйлесімділік: 90%
-Достықтағы үйлесімділік: 85%
-Отбасылық үйлесімділік: 95%
-Жұмыстағы үйлесімділік: 80%


#үйлесімділік


Каңтар айында ай түйіндері Балықтар мен Бикеш осьына өтеді, ол жерде 1,5 жыл болады:
Біздің қозғалысымызға жауап беретін ай түйіні Балықтар белгісіне кіреді, ал біздің тәжірибеміз бен жүгімізге(багаж) жауап беретін ай түйіні бикеш белгісіне кіреді.


Логикадан интуицияға өту этапы!
Физикалық және психо-эмоционалдық денсаулық

Енді астрологиялық натальный карталарыңызда бұл екеуі қай домда тұрғанын қараңыздар! (Нақты әркім өзінікін қараған жөн, градусы немесе домдардың ұзақтығы әр адамда әр түрлі болуы мүмкін)

Солтүстік ай түйіні Балықтарда - интуиция(түйсік), эмпатия, руханилыққа жол, жіберіп үйрену (не зацикливаться), өмірдің потогына сену, ғаламшарға сену, жоғарғы күшке сену! (Бұл бағыт біздің қозғалу керек бағытымыз, үйрену керек нәрселеріміз бен дамуыту керек қасиеттеріміз. Бұл жаңа және сізге белгісіз нәрселер, бірақ осы жерде сіздің даму эволюцияңыз екенін ұмытпаңыз!

Оңтүстік ай түйіні Бикеште - артық бақылауды доғару, майда шүйдеге жабысып қалуды, перфекционизмді бәсеңдету керек.
( әр адамның зона комфортасы, белгілі өмірлік жинаған тәжірибесі, әдетері т. б болады, көбінесе осы нәрселер адамды өткен шағынын шырмауында ұстайды, бұл жерден дереу кету немесе тастау керек, бәрінен арылу емес, керек жарамды дегенін қалдырып, болмайтын отживший біткен пайдасы жоқ нәрселерден арылу, ол кез келген нәрсе болуы мүмкін, зат, әдет, қылық, мінез, қарым қатынас, тб.

Балықтар-Бикеш осінің әр зодиак белгісіне әсері:

♈️ Тоқты:
Күнделікті ұсақ-түйек жұмыстардан, шамадан тыс денсаулыққа алаңдаудан бас тарту. Руханилықты дамыту, бақылауды босатып, белгісіздікті қабылдау.

♉️Торпақ:
Жеке қызығушылықтарға және өзіне ұнайтын істерге тым байланып қалудан бас тарту. Қоғаммен қарым-қатынас жасап, әлеуметтік топтармен жұмыс істеу.

♊️Егіздер:
Отбасылық міндеттерге және ішкі қорқыныштарға шамадан тыс байланудан бас тарту. Мансапты дамытуға, кәсіби жетістіктерге жетуге және қоғамдық мәртебені арттыруға баса назар аудару.

♋️Шаян:
Күнделікті байланыстар мен ақпаратқа шамадан тыс көңіл бөлуді тоқтату. Әлемді кеңірек түсіну, саяхаттау және өзін-өзі жетілдіру жолына түсу.

♌️Арыстан:
Ақша мен материалдық құндылықтарға шамадан тыс байланудан бас тарту. Дағдарыстық жағдайлардан сабақ алу және өзін трансформациялау.

♍️Бикеш:
Өзін-өзі бақылау мен эгоизмнен бас тарту. Серіктестік қарым-қатынастарды дамыту, серіктестерге сенім арту.

♎️Таразы:
Жалғыздық пен оқшауланудан бас тарту. Денсаулықты, жұмыс режимін және күнделікті міндеттерді ұтымды түрде басқару.

♏️Сарышаян:
Қоғамдық шеңберден және әлеуметтік белсенділіктен бас тарту. Шығармашылықпен айналысуға, өзін-өзі көрсетуге және қуанышқа назар аудару.

♐️Мерген:
Мансапқа және қоғам алдындағы жауапкершілікке шамадан тыс көңіл бөлуден бас тарту. Отбасымен уақыт өткізуге, ішкі тұрақтылықты дамытуға назар аудару.

♑️Тауешкі:
Жоғары білімге шамадан тыс көңіл бөлуден бас тарту. Күнделікті қарым-қатынастар мен қысқа мерзімді сапарларға назар аудару.

♒️Суқұйғыш:
Дағдарыстар мен өзгерістерге тәуелділіктен бас тарту. Қаржылық тұрақтылықты және жеке құндылықтарды дамыту.

♓️Балықтар:
Серіктестерге деген тәуелділікті босату. Өзін-өзіңізді дамытуға және жеке потенциалыңызды ашуға көңіл бөлу.

Реакция қалдырамыз, үндемей оқып алып отыра бермей😀
Бұл бірінші қадамыңыз деп ойлаңыз!👍




♌️Арыстан мен ♓️Балықтардың үйлесімділігі:

Арыстан мен Балықтар – бір-біріне мүлдем қарама-қайшы жұлдыз белгілері. Бірақ бұл олардың қарым-қатынасы сәтсіз болады дегенді білдірмейді. Әр түрлі табиғаттарының арқасында олар бір-бірін толықтырып, ерекше байланыс орната алады.


♌️Арыстанның ерекшелігі:

Арыстан – от белгісі, ол жарқын, батыл, өзіне сенімді және әрдайым назарда болуды ұнатады. Арыстан жетекші болуды қалайды және серіктесінен құрмет пен қолдау күтеді. Оның мінезі жігерлі, өмірге деген құштарлығы жоғары.

♓️Балықтардың ерекшелігі:

Балықтар – су белгісі, олар сезімтал, эмоцияларға толы және жұмсақ мінезімен ерекшеленеді. Олар көбінесе арманшыл, рухани бай, және өзгелердің жан дүниесін жақсы түсінеді. Балықтар өзгелерді қолдауға және мейірімділік көрсетуге дайын.

Қарым - қатынастағы артықшылықтары:

1️⃣Бір-бірін толықтыру:
Арыстанның қайсарлығы мен күші Балықтарға өмірлік сенімділік береді.
Балықтардың нәзіктігі мен түсінігі Арыстанның жан дүниесін байытады.

2️⃣Энергия мен сезімнің тепе-теңдігі:
Арыстанның қуатты энергиясы Балықтардың сабырлы мінезімен үйлесіп, қарым-қатынаста тепе-теңдік орната алады.

3️⃣Рухани байланыс:
Балықтар өздерінің терең рухани әлемімен Арыстанды жаңа көзқарасқа шабыттандыра алады.

Қарым - қатынастағы қиындықтар:

1️⃣Басымдық пен эмоцияның қақтығысы:
Арыстан басым болуды ұнатады, ал Балықтар кейде тым нәзік болғандықтан, Арыстанның үстемдігін ауыр қабылдауы мүмкін.

2️⃣Өмірлік көзқарастардың айырмашылығы:
Арыстан нақты әрекеттерге және мақсаттарға бағытталса, Балықтар арманшыл және кейде шындықтан алшақ болады.

3️⃣Сезімдерді түсіну:
Арыстан Балықтардың терең сезімдерін толық түсінбеуі мүмкін, ал Балықтар Арыстанның кейде тым тәкаппар немесе эмоционалды салқын болуына ренжуі мүмкін.

Қалай үйлесімді болуға болады?

Арыстан үшін: Балықтардың нәзіктігін бағалап, оларға өздерін қауіпсіз және маңызды сезінуге мүмкіндік беру керек.
Балықтар үшін: Арыстанның батылдығы мен күшіне таңданып қана қоймай, оның өзіне деген қажеттілігін түсініп, қолдау көрсету маңызды.
Екеуіне де түсіністік, шыдамдылық және бір-бірінің ерекшеліктерін құрметтеу қарым-қатынастың ұзақ болуына ықпал етеді.

📌Қорытынды:

Арыстан мен Балықтардың қарым - қатынасы – күрделі, бірақ қызықты. Олар қарама-қайшылықтарына қарамастан, бір-бірін рухани байытып, өзара үйлесе алады. Егер олар бір-бірінің ерекшеліктерін түсініп, бірге үйлесім табуға тырысса, бұл жұптың қарым-қатынасы өте табысты әрі тұрақты болуы мүмкін.

#үйлесімділік


♍️Бикеш пен ♒️Суқұйғыштың үйлесімділігі:

Бұ
л ерекше және күрделі қарым-қатынас. Екі белгі де интеллектуалды және жаңашыл, бірақ олар әлемге және қарым-қатынасқа әртүрлі көзқараспен қарайды. Егер олар ортақ мақсат тауып, бір-бірін түсінуге тырысса, өте мықты одақ құра алады.

Мінез ерекшеліктері:


1️⃣Бикеш - прагматикалық, логикалық және жерге жақын. Тәртіп пен құрылымды жақсы көреді. Жұмыс пен жауапкершілікті бірінші орынға қояды. Кемшіліктерді байқайтын аналитик, ұсақ-түйекке дейін назар аударады.

2️⃣Суқұйғыш -еркіндік пен тәуелсіздікті бағалайды. Креативті, жаңашыл, кейде эксцентрик. Қоғамдық өзгерістер мен идеяларға құмар. Жеке кеңістікті сүйеді және эмоциялардан гөрі идеяларға көбірек мән береді.

Қарым-қатынастағы үйлесімділік:

1️⃣Интеллектуалды байланыс - екі белгі де ақылды және білімге құмар. Олар ұзақ әңгімелер мен идея алмасуды жақсы көреді. Бикештің аналитикалық ойлауы мен Суқұйғыштың шығармашылық қиялы бірін-бірі толықтыра алады.

2️⃣Жеке көзқарастар - Бикеш нақты мақсаттарға ұмтылса, Суқұйғыш болашақ туралы үлкен идеяларды армандайды. Бұл жерде түсініспеушіліктер туындауы мүмкін, Бикеш Суқұйғышты арманшыл деп ойлауы мүмкін, ал Суқұйғыш Бикешті тым ұсақ-түйекке назар аударатын адам ретінде көруі мүмкін.

3️⃣Эмоциялар - Бикеш эмоцияларын іште сақтайды, ал Суқұйғыш кейде суық әрі алыстағы адамдай көрінеді. Эмоциялық жақындық орнату қиын болуы мүмкін, бірақ ортақ мүдделер бұл мәселені шешуге көмектеседі.

4️⃣Тәуелсіздік - Суқұйғыштың еркіндікке деген сүйіспеншілігі кейде Бикешті мазасыздандыруы мүмкін, өйткені ол қарым-қатынастағы тұрақтылықты бағалайды. Егер екі жақ та өз шекараларын құрметтесе, бұл қарым-қатынасты нығайтуға болады.

5️⃣Күнделікті өмір - Бикеш тәртіп пен ұйымды жақсы көретіндіктен, кейде Суқұйғыштың жоспарсыз және еркін мінезіне сын көзбен қарауы мүмкін. Суқұйғыш, өз кезегінде, Бикештің ұсақ-түйекке көп көңіл бөлетінін түсінбей қалуы мүмкін.

Қарым-қатынасын қалай жақсартуға болады?

1️⃣Сабыр мен түсіністік - екі жақ та бір-бірінің мінез ерекшеліктерін құрметтеуі керек. Суқұйғыш Бикештің тәртіпке деген қажеттілігін түсінсе, ал Бикеш Суқұйғыштың еркіндігін қабылдай алуы қажет.

2️⃣Ортақ қызығушылықтар - олар ортақ жобалар, саяхаттар немесе идеялар арқылы қарым-қатынасын нығайта алады. Мысалы, экология, технология немесе әлеуметтік жобалар олардың назарын аудара алады.

3️⃣Эмоциялық қолдау - екі жақ та эмоцияларын ашық көрсетуді үйренуі керек. Бұл жақындықты арттырып, түсіністікті күшейтеді.

4️⃣Шекараларды сақтау - Бикеш тұрақтылықты жақсы көрсе, Суқұйғыш тәуелсіздікті қалайды. Екі жақ та өз қажеттіліктерін нақты білдіріп, шекараларды сақтау арқылы тепе-теңдік орната алады.

📌Қорытынды:

Бикеш пен Суқұйғыштың қарым-қатынасы кейде қиын болуы мүмкін, бірақ бұл одақ өте ерекше және пайдалы болуы мүмкін. Екі белгі де бір-біріне интеллектуалды қолдау көрсетіп, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерге жол аша алады. Ең бастысы – түсіністік, сабырлылық және бір-бірінің ерекшеліктерін құрметтеу. Бұл жағдайда олардың қарым-қатынасы ұзаққа созылып, берік болады.

#үйлесімділік


Плутон - күн жүйесінің шетінде жалғыз қалған жартылай жарық әлемді бейнелейтін планета. Бұл шектен тыс жағдайлардың планетасы, ол адамды сәттілік пен бақыт шыңына көтеріп те, үмітсіздікпен терең құдыққы құлата да алады.

Плутонның сипаттамасы: өзгеріс, жою, жаңару, трансформация


1️⃣ "Психологиялық дағдарыстар мен ішкі өзгерістер"

Белгілері: бақылауды жоғалту сезімі, өзгерістерден қорқу, терең мазасыздық. Адам билікпен, ескі нанымдарды жоюмен немесе басу сезімімен байланысты ішкі қақтығыстарға тап болуы мүмкін. Себебі Плутон бізді санамыздың ең терең қабаттарына батырып, жарақаттарды анықтап, оларды емдеуге мәжбүр етеді. Мысалы бұл: орта жастағы дағдарыс, ажырасу, жұмысты немесе жақын адамды кенеттен жоғалту, деген сияқты түбегейлі өзгерістер болуы мүмкін

2️⃣ "Қорқыныш пен басылған эмоциялар"

Белгілері: белгісіздіктен қорқу, паранойя, өзін-өзі жоюға деген бейімділік. Адам өзін тығырыққа тірелгендей сезінуі.
Себебі Плутон біз елемеген немесе басып тастаған барлық нәрсені "тартып шығарады" және оны өңдеуге мәжбүр етеді. Бұл өлімнен қорқу, өмірдің шектеулілігін түсіну, өткір эмоциялық қорқыныштар болуы мүмкін.

3️⃣ "Тәуелділіктер мен құмарлықтың шектен шыққан формасы"

Белгілері: бақылауға деген шексіз ұмтылыс, басқаларды бағындыру ниеті, тәуелділіктерге бейімділік (ішімдік, есірткі, улы заттар, токсикалық қарым қатынастар). Билікке ұмтылуы, адам деструктивті қарым-қатынаста немесе тәуелділіктің замкнутый циклында болуы мүмкін.

4️⃣ "Жаңару үшін жою"

Белгілері: барлығын жоғалтып алу сезімі, өмірді нөлден бастау қажеттілігі.
Себебі Плутон ескірген құрылымдарды "жояды", олардың орнына жаңа, құрылымдарды әкеледі, мысалы күрт өзгерістер, көшу, мамандықты өзгерту, қарым-қатынасты бұзу, бұл ақырында жақсы өмірге жаңаруға апарады.


Плутонның "ауруларын" қалай емдеуге болады?

✔️Біріншіден өзгерістерді қабылдау. Өте ауыр болса да, өзгерістер өсудің және жаңарудың бір бөлігі екенін түсіну қажет.

✔️Екіншіден түпсана жұмысымен айналысу. Медитация жасау, күнделік жазу, психологпен жұмыс істеу. Өз көлеңкелі жақтарыңды мойындау.

✔️Үшіншіден бақылаудан бас тарту. Өмірге сенуді және белгісіздікті қабылдауды үйрену. Әрдайым бәрін бақылау мүмкін емес.

✔️Төртіншіден ескіні жіберуге өз өзіңе рұқсат беру, жаңаны қабылдау үшін, оған орын босату. Бұл қиын процесс, бірақ жаңаруға апаратын жол.

✔️Бесіншіден басқаларға қызмет ету көмектесу. Плутон емдеу және трансформациямен байланысты. Өз күшіңді басқаларға көмектесуге бағытта, бұл өміріңе жаңа мағына беретін болады.

Қорытынды:

Плутон — өзгерістерден қорықпауға, оларды қайта туылуға апаратын қадам ретінде қабылдауға үйрететін күш. Оның энергиясы күрделі, бірақ ол бізге иллюзиялардан арылып, шынайы еркіндікті табуға көмектеседі, тіпті бұл жолда дағдарыстардан өту қажет болса да. Егер сен өз өміріңде Плутонның әсерін сезінсең, бұл терең ішкі ойлану мен трансформацияның белгісі болуы мүмкін. Оның сабақтары ауыр, бірақ олар қайта туылуға және ішкі күшке жетелейді.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.