ҚЫЗДЫ СҰЛУ ЕТЕТІН ҚАСИЕТ
Әр нәрсенің өзіне тән, жарасымды дүниесі болады. Мысалы, тамақтың дәмін тұз келтіреді. Сол секілді қыздың да сәнін келтіретін нәрсе, ол - ұят деп ойлаймын. Иә, өкінішке орай бұл сөздің қазір құндылығын жоғалтудың неше түрлі жолдарын жасап жатыр. Ұятмен, ұялма, ашық бол, айтатын жерде айт, ұятың түбіңе жетеді… деген секілді ұят деген ұғым құдды бір баяғының сипаттары етіп көрсеткісі келеді. Яғни, ұяты бар адам қазіргі заманда бақытты бола алмайтынның, жетістікке жетпейтіннің көрінісін насихаттауда. Кез келген әрекет түпкі бір мотивтен туындайды ғой. Мысалы, бастығыңа қарсы сөйлемеу біреу үшін мотиві - жұмысынан айырылу, жұмыста әр клиенттің неше түрліні айтып кеткенде, боқтап кеткенде соған үндемеу, кейбірі үшін ертең жалақының түспей қалуы. Бірақ, мына нәрсені қоғамда байқаймыз. Иә, бастығына қарсы шығып дауыс көтермейді, бірақ үйіндегі анасына айқайлағанда енді… танымай қаласың… 200/300 мыңдық айлықта құлдай жүгіреміз ғой осы, ал үйдегі енеміздің/анамыздың бір сөзін көтере алмаймыз. Айтқым келгені ішкі мотив дүниемен байланысты болса, оның ғұмыры “одноразовый” секілді болады. Ал ол мотив “ұят” болса ше?! Маған келіп сөйлеген адаммен қырық пышақ болып қырылу мен үшін ұят. Ол менің бастығым болсын, басқа болсын… Пайғамбардың өзіне үстіне өз нәжістерін тастап кеткенде сабыр етті ғой. Неге?! Ол үшін ол әрекеттегі деңгеңге барудан бөлек, оған жауап қайтарудың өзі төмен деңгей. Ол деңгейге мұсылман бола түсуің - ұят.
Басқа қырынан қарайтын болсақ, қыздың ұялуы, көзін төмен ұстауы… көмірдің арасындағы маржан секілді ғой. Жарқырап көзге түсіп тұрады. Өйткені олар өте аз қазір. Абай атамыздың сөзі бар ғой:
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.
Пайғамбарымыздың өзі «Ұят пен иман тығыз байланыста. Егер ұят кетсе, екіншісі де бірге кетеді» деген екен
Егер елдің айтып жүрген Ұятмені осы болса, мен болайыншы сол Ұятмен. Қуану керек қой, ел маған сол атақты өздері сыйлап жатыр. Өздерінде жоқ атақты…
Тағы келесі қасиет бар. Оны келесіде жазармын. Сіздер қалай ойлайсыздар?! Тағы не нәрсе қызды сұлу етеді?