МЕН ЕРТЕҢ ЕНЕ БОЛҒАНДА БҰНДАЙ ЕНЕ БОЛМАЙМЫН…
Осы секілді сөзді қазіргі келіндерден көп естиміз. Бұл сөзге терең үңілсек, ар жағында қиналып, енесінен теперіш көріп жүрген келіннің жағдайы. Иә, қазіргі енелердің біразы қарапайым қатынас жасауда көп қателік жібереді. Адами нормадан ауытқып сөйлеп қояды. Қарапайым мысал, келін тамағына тұзын көп қылса, оны бетіне басса жаман ғой?! Қызығы, ол кемшілігін бетіне басу жақсы ниеттен туындайды. Ол ниет - келесіде тұзды дұрыстап тексеріп жасайды, үйренеді деуі мүмкін. Осындай ата-ене тарапынан қате қатынастар көбейгеннен шыққан қиналып жүрген келіннің “мен ене болсам бүйтем де сүйтем, бұндай болмаймын” - деген жақсы ниетін көреміз. Бірақ, кез келген нәрсе тек оны қалағанмен келе салмайды. Оның нақты ниеті сын сәтінде білінеді. Нақты өмірдегі өзіне келгендей сынақ келгенде шынайы келбеті көрінеді. Оның мысалы, бір келінді білемін. Өзі ата-енесінен сондай жылулықты таба алмай, қанша қызмет қылса да еңбегі еленбейді. Қателік жасаса ата-енесі бетіне басады. “Сол үйде мені түсінетін адам болса, қателігімді елемесе, жәй түсінсе болды” деп жүрген адам ғой. Сол үлкен әулет бір күні үйіне ремонт жасайтын болды. Келін өзі жалғыз үйді жөндеу жұмыстарынан соң жуу ауырға соғады деп сол үйдің адамдары клинингтік компания шақырған еді. Ол кісілер келіп, түнімен жұмыс жасап, бірақ өз жұмысын дұрыс атқармай кей тұстарын жумай кеткен көрінеді. Ертесіне жаңағы келін сол кісілерге хабарласып жұмыстарының қате екенін айтып, қателігін беттеріне басып, видеосымен, жаман отзыв жазамын деп қорқытыпты-мыс… неге олай істедіңіз десе “өз қателіктерін білу керек, сол кезде өздерінің жұмысын дұрыс жасайды”. Ал түпкі ниеті жақсы, ол - “сол кезде клиенті көбейеді” деп тұр.
“Болашақта ондай ене болмаймынның” кішігірім тесті осы… Осыдан болашақта ол қандай ене болатынынан аз-маз хабардар етті…
Адам жақсы жаққа өзгеру үшін жақсы ниет қана жеткіліксіз екен…