Тимурдан Инфо | it&tech dan repost
ChatGPT- осы заманның айфоны.
Ал OpenAI компаниясы - Apple секілді.
Неліктен?
Өйткені, техно-әлемде 1-ші болу - өте маңызды. Ең қызығы - бұл компаниялар сол біріншілікті ұстап келе жатқанында.
Қазір енді нарықтағы ірі екі өзге ойыншы - Meta мен Google - қуғыншы рөлін атқарып келеді.
Мәселен, Apple компаниясы жаңалығын жарияласа, артынан Samsung жариялайды. Бірақ, оны ешкім елемейді (әдетте).
Қазір OpenAI компаниясы 12 күн қатарынан 12 жаңалық жариялаймыз деді. Бұған дейін ондай тарихта болмаған. Ойлап қараңызшы, 12 күн бойы 12 жаңалық. Әдетте, OpenAI ChatGPT-ге қатысты бір жаңалық жарияласа, артынша не Google, не Мета компаниясы іле-шала өздерінің қалтасында бар бір дүниені жариялайтын. “Біз де құр жатқан жоқпыз” дегендей.
12 күндік жаңалықтың алғашқы күні OpenAI компаниясы ChatGPT-дің о1 деген моделін preview деңгейінен шығарды да соған арнап ChatGPT Pro деген айына …$200 АҚШ теңгесі тұратын тарифін ұсынды. Әрине, эксперимент жасап көрмекке далада жатқан $200 жоқ (Ұлттық банкімізге мың алғыс!), жұрттың көкезу боп мақтап жатқанына ғана сенуге тура келеді. Айтуларынша, әлемде бұрын-соңды болмаған, ғаламдық деңгейдегі ЖИ боп шыққан.
Бүгін 2-ші күні олар мына суретте көрсетілгендей, “Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” демекші, әркімнің файнтьюниңге таласы барын бақылап, программист емес қаражаяу кез-келген адам файнтьюниң жасай алатындай функцияны іске қосқанын айтты. Яғни, білімі мен білігіне, тәжірибесі мен резюмесіне қарамай, енді әрбір пенде тек өзінің бір қажеттілігіне бағытталған модельге қойны-қонышында бар мәліметті енгізіп жіберіп, өзінің төл моделін оқытып-тоқыта алады.
Басында айтқанымдай, OpenAI компаниясының әр қадамын қарап отыратын Мета компаниясы алғашқы күнгі жаңалыққа орай өздерінің Llama 3.3 70B деп аталатын жаңа моделін таныстырды. Айтуларынша, бұл - Llama 3.1 405B моделімен парапар деңгейде қуатты.
Қызықтың көкесі енді басталды. Google мен Meta-ның 12 күндік жаңалығына басабас жариялайтын 12 жаңалығы қоржындарында бар ма екен? Болса, былтырлары “Хайп осымен аяқталды” деген әңгіменің шеті келесі жылы да тоқтамайтын сияқты…
А, иә, бір жарым ғасыр бұрын “Өнер-білім бар жұрттар…” деп тамсанғанымыз секілді, біздің халықтың маңдайына біткен дүние - елге тамсанумен ғана өтетін сияқты…
@timurdaninfo