BAQ.kz dan repost
🗣 "Кешірім сұрайды": Масаң күйде көлік жүргізген бас имам қызметтен кетті
Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет масаң күйде көлік тізгіндегені үшін ұсталып, 15 тәулікке қамауға алынды.
Сондай-ақ ол 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды.
Істің мән-жайын білу үшін ҚМДБ-ға хабарластық.
Б.Н. Тәжімбет Бурабай кенті Кенесары көшесі «Регион 03» клубтың қасында алкогольдік масаң күйінде көлік басқарған.
Сот отырысында Бахытбек Тәжімбет өз кінәсін мойындамай, алкольдік ішімдік емес, тек қана қымыз ішкенін айтып ақталған.
@baq_kz

ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды. Алла Тағала баршамызды жамандық пен өкінішті істерге жетелейтін нәпсі қалауының кесірінен сақтаған, - деді ҚМДБ.