BAQ.kz dan repost
⚡️Алматыда тұрғын үй тарифі 1 шаршы метр үшін 40 теңге болуы мүмкін
Алматы қаласының мәслихаты «2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» шешімін әзірледі.
Бұрын ең төменгі тариф – 1 шаршы метр үшін 25 теңге болатын және Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен бір жыл мерзімге белгіленген болатын.
@baq_kz

Бүгінгі таңда жалақының өсуін және тауарлар мен қызметтер құнының өсуін, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкінің нашар жай-күйін ескере отырып, төмен тарифке байланысты жаңа ең төменгі тариф – 1 шаршы метр үшін 40 теңге. 2023 жылдан бастап аулаларды күтіп ұстау жергілікті бюджеттен қаржыландырылатынын, ал күрделі жөндеу жұмыстары жеке жинақ шотынан жүргізілетінін ескеру қажет, - делінген негіздемеде.
Бұрын ең төменгі тариф – 1 шаршы метр үшін 25 теңге болатын және Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен бір жыл мерзімге белгіленген болатын.
@baq_kz