Қатал редактор


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Медиа сыны: сөз, тіркес, сөйлем, мәтін. Арна журналистерге арналған

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


Сюжеттің қисынына қарағанда, заңсыздықтың бәрін шетел азаматтары істейді: https://www.instagram.com/reel/DFni4hYIg8A/?igsh=MWowM3h2eGZ2MWdzdg==
фу, ксенофобия


"Ол Серік Жұманғарин және Роман Василенкомен кездесті"


"Және" барда Василенко септелсе, Жұманғарин де құр қалмауы керек


Медиадан

қосылған құн салығы көбейсе, тауар мен қызмет түрлері қымбаттайды
немесе
автокөлікті 5-ақ минут қыздырып, айдап кете бергеннен қозғалтқыш тозып, бұзылады
деген сияқты ақпаратты ұғуымыз мүмкін,

бірақ ол бізге мынадай формада жетеді:

"Қосылған құн салығының өсуі тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкеледі";

"5 минут қыздырып, жүріп кету автокөліктің қозғалтқышын тоздырып, бұзылуына әкеледі".

692 0 1 10 10

Азаматтарда өмір сүру қаражатынсыз қалу қорқынышы бар

"Адам өмірін қиюды жүзеге асыру" сияқты ғой бұл да)


17 қаңтарда кешке полиция Бәлен Түгенұлын ұстады

Болып кеткен оқиғаны кешке деп жазбас ем. Кешке деген алда болар оқиғаға қатысты: кешке бір жаққа барамын. Болып қойған, өткен нәрсені кешкісін, кеште деймін.


Репост из: Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
❌ керек емес жерде жүріп

✅ керегі жоқ жерде жүріп

😜


"Қылмыс құрамының бар екендігінің дәлелденбеуіне байланысты..."

керек емес жерде жүріп, өмірден өз орнын таппаған жалғау екен бір, үйбай-ай)


"Министрлік мәліметінше,"

деп жазған кезде бар ғой, иә, ілік қосымшасы түсіп қалмауы керек, өйткені жаңалықта нақты бір министрліктің нақты бір мәліметін айтып отырсыз: "[әлгі] министрліктің [әлгі] мәліметінше,".

Таратып жатқан ақпаратыңыздағы бұл тіркестің (сілтеменің) Сыр күріші, ғылым жолы, өкпе ауруы, күн тәртібі деген сияқты [изафет] тіркестерден айырмасы барын ескеріңіз.


Біреу:

"Ол адам өмірін еріксіз қиюды жүзеге асырып, өз әрекеттерін қажетті қорғаныспен ақтады".

Журналист осыны қалай жазғаны жөн?


бұл арна медиадағы мәтіндер жайында жазғанымен,

одан да маңызды нәрсе бар екенін біледі, ештеңе көрмегендей болып отырмайды!

qaznews24-тегі әріптестерімді, Әсем Жәпішеваны, тәуелсіз медиа атаулының бәрін қолдаймын.

сөз еркіндігі шектелмесін!


Латте және басқа да нәрселер




🙂‍↕️зымыран және дронмен соққы берді

😍зымыранмен және дронмен соққы берді

бірыңғай мүшелер мен "жәненің" қарым-қатынасы сондай қиын өзі)


"айыпПЕН/пікірМЕН/үкімМЕН келіскен жоқ" дейін бе, "айыпҚА/пікірГЕ/үкімГЕ келіскен жоқ" дейін бе деп бас қатырғанда,

былай істеуге болады: зат есімнің орнына заттанатын етістікті — тұйық етістікті қойып көріңіз, айталық, "бірдеңе істеу";

"бірдеңе істеуМЕН келісесіз" бе, "бірдеңе істеуГЕ келісесіз" бе — сонда түсінікті болады-ау деймін.

"біреумен келісу" (келісімге келу) деген мысалда оның мағына жағынан айырмасы барын да осы жерде ескере кету керек.


"Жуырда барлық кинотеатрларда!" Осыны қалай өзгертсек екен?
Опрос
  •   "Жуырда кинотеатрлардың бәрінде көрсетіледі!"
  •   "Жуырда барлық кинотеатрда көрсетіледі!"
  •   "Жуырда кинотеатрларда" көрсетіледі!" (бәрінде дегенді білдіріп тұр)
  •   "Жуырда кинотеатрлар жаппай/тегіс/түгел көрсетеді!"
  •   "Жуырда кинотеатрлар көрсетеді!"
  •   "Жуырда кинотеатр[лар]дың бәрі көрсетеді!"
  •   "Жуырда кинотеатрлардың бәрінде!"
  •   "Жуырда барлық кинотеатрда!"
130 голосов


күдікке ілінбеді
тіркелмеді
қорғалмады
айтпады
қонбады
ештеңе жазбады
фильм түсірмеді
түсініктеме бермеді
анықталмады
қарамады

Жаңалық мәтіндерінде осылай жиі жазылып кетті. Баяғыда Назгүл айтып еді соны. Бір ауық... бір ауық жедел өткен шақ етістігінің болымсыз түрінің бұдан басқа, негізгі формасын (-ған/-ген жоқ, -қан/-кен жоқ) қолданайық.


"наразылық жалғасуда" деп жазған адам

"наразылық жалғасу деген нәрсенің үстінде я ішінде" деп нақтылай жазса,

ол адамға, бәлкім, грамматика жағынан еш әңгіме айтпас та едік).


Репост из: Қазақ Бабыл
осы «несімен» деген сөз бәле болды 🥶

орыс «чем» деп айтады екен деп бүкіл жерге осы бір сүйкімсіз сөзді қыстыра бердік қой. қазақта «несі» деген көбіне негатив коннотацияда жүреді: «несін айтасың? несін мақтайсың?» деп біреуді адам күндейді.

сол «несімен» дегеннен басқа есі дұрыс нұсқа қазақтың құдай бере салған тілінде жетіп жатыр:
• 2024 жыл қалай есте қалады?
• 2024 жылдан не есте қалады?
• 2024 жылдан не нәрселер есте қалады?
• 2024 жылдың ең есте қаларлық тұстары

әлгі «саған бұл фильм/кітап несімен ұнады? бұл фильм/кітап несімен маңызды?» дегендердің орнына да, құдай үшін, кәдімгі адамша, қазақша «саған бұл фильмнің қай тұсы ұнады? саған бұл фильмде не нәрсе ұнады? бұл фильмнің маңызы не? неге бұл фильм маңызды?» деңіздерші.

866 0 2 13 42


733 0 1 12 12

⛔️ өмірді жақсы сүру
👍 жақсы өмір сүру

Показано 20 последних публикаций.