Qazaqparat


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


🗣️ Сараң үйге кісің түспесін,
Парақор биге ісің түспесін.

Майқы би


✅Қыз алып қашқандарға 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылды
🔗Сілтеме

✅Атырау облысындағы Ордабай көлінде мөңке балығының шабағы қырылып жатыр
🔗Сілтеме

✅Сауд Арабиясы 10 ақпаннан бастап қажылар үшін міндетті вакцинация енгізеді
🔗Сілтеме

✅Қазақ күресінен әлем чемпионаты Үндістанда өтеді
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🔴 Жетісу облысында иттер мал мен үй құстарына шауып жатыр

Жетісу облысындағы Көксу бекетінде иттер қорадағы малдарға шауып, қарындарын ақтарып кеткен. Ауыл тұрғындарының айтуынша бұл бірінші жағдай емес. Жылда қой-ешкілерін өлтіріп, қаз-үйректерін тамақтап кетеді екен.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🈂️ ChatGPT арқылы заңгерлерден кеңес алуға болады

Енді заңгердің көмегі керек болса, ChatGPT-ге жүгінуге болады. Әділет министрлігі едімізде құқықтық кеңес беретін жүйенің әзірленетінін мәлемдеді.

📹 Толығырақ Jibek Joly арнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz


📄📄📄📄 Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан құрамасы А тобындағы алғашқы ойында Тайландпен кездесті. 1-кезеңде, отандастарымыз ойын тізгінін бірден қолға алып, қарсылас қақпасына 4 гол соқты. 2-кезеңде, Таиланд құрамасы қорғанысты күшейтіп, қазақстандықтар тек 2 гол ғана соқты. Соңғы кезеңде, Қазақстан құрамасы арадағы есепті ұлғайта түсті.

Хоккейшілеріміз қарсылас қақпасына тағы 6 гол соғып, қорытынды есеп 12:0 болды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


💉 Сауд Арабиясы 10 ақпаннан бастап қажылар үшін міндетті вакцинация енгізеді

Air Astana әуе компаниясы жолаушыларға 10 ақпаннан бастап Сауд Арабиясына кіру үшін менингококк инфекциясына қарсы вакцинация қажет екенін ескертті. 

«Менингококқа қарсы төрт валентті полисахарид вакцина кейінгі 3 жыл ішінде және Жидда, Мәдинаға келерден кемінде 10 күн бұрын салынған болуы керек. Немесе менингококкқа қарсы төрт валентті конъюгаттық вакцина кейінгі 5 жыл ішінде және қалаға келерден кемінде 10 күн бұрын салынған болуы керек», - делінген хабарламада.


ℹ️ @qazaqparat_kz


📄📄📄📄Қысқы Азиада: Керлингтен Қазақстан құрамасы Қатарды жеңді

Керлингтен Қазақстан құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 

🇰🇿 8 кезеңнің қортындысында, отандастарымыз басымдылықты қолдан бермей, 7:4 есебімен жеңіске жетті. 

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Павлодар облысында автожолдарды тексеру нәтижесінде 200-ге жуық ақау тіркелді

Жыл басынан бері Ертіс-Баян өңірінің полициясы 3 031 шақырым жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдардың күйін тексерді. Анықталған олқылықтар бойынша 137 нұсқама берілді. 

Автожолдарды қанағаттанарлықсыз деңгейде ұстағаны, сондай-ақ жолдарда жұмыс жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін 21 лауазымды және заңды тұлға жауапқа тартылды. Оларға 800 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


💬 Атырау облысындағы Ордабай көлінде мөңке балығының шабағы қырылып жатыр

«Кеше, 4 ақпанда оқиға орнына Теңіз балық инспекциясы бөлімінің мамандары, Жылыой аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы барды. Ордабай көліндегі көпір маңында бақылау, қадағалау жүргізілді. Мониторинг кезінде балықтың тұншығу, қырылу фактісі расталды. Инспекция мамандары жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, қырылған балықты жинау, тірі шабақтарды құтқару жұмысын жүргізу туралы шешім қабылдады. Қырылған мөңке балығы шабақтарының салмағы – 4 келі. Балықтың қырылуының болжамды себебі – судағы еріген оттегінің жетіспеушілігі», - деп хабарлады облысаралық инспекциядан. 


Қырылған балық шабақтары жиналып, санитарлық нормаларға сәйкес жойылған. 

ℹ️ @qazaqparat_kz


🏛🏛🏛🏛 Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

✔️Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар, 2024 жылғы электоралды кампаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары баяндалды.

✔️Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстыру туралы норма қарастырылып отырған жоқ — депутат

«Көлік салығынан босатып, оны жанармай құнына қосып жатқан мемлекеттер бар. Бірақ оның үлкен кемшілігі бар. Бұл салық жанармайға қосылса, табысы төмен тұрғындарға ауыр болуы мүмкін. Өйткені, қозғалтқыш көлемі үлкен автокөлікті тізгіндеген адамдар мен көлігі шағын жүргізушілер бірдей сомада бинзин сатып алады. Мәселен, қазір таксиде жүріп, отбасын асырап жүргендер үшін қиын болады», - деді Берік Бейсенғалиев.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Қыз алып қашқандарға 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылды

Тиісті түзету жұмыс тобында талқыланып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов айтты.

«Бұл ретте біреуді өз еркіне қарсы алып қашып, үйінде ұстау, психологиялық және физикалық қысым көрсетсе, заң жәбірленген адам жағында болуы керек», - деді депутат.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Танымал әнші Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамалды

Әншіге ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Сотпен К.-ның мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды.

Сотта әнші жағдайдың мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев АҚШ-та заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты пікір білдірді

Еске салайық, АҚШ-та былтыр депортацияға жататын мигранттардың арасында 369 қазақстандық бары туралы ақпарат тараған болатын.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🏛🏛🏛🏛 Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Ержан Сәденов елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берді.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі көтеріледі

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің айтуынша, тұрғын үй төлемдері мен үстемеақыларды белгілеу білікті мамандарды тартуға және олардың тұрақты жұмыс істеуіне, сондай-ақ олардың қаржылық жағдайын жақсартуға көмектеседі.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Үй жанындағы дүкендер мен әлеуметтік тауар сатушылар үшін ҚҚС өспейді – Сауда министрлігі

ℹ️ @qazaqparat_kz


💬 Швецияда оқу орнындағы атыс кезінде 10-ға жуық адам мерт болды

Қалалық полиция басшысы Роберто Эйд Форест оқиға салдарынан «шамамен 10 адамның» мерт болғанын, оның ішінде оқ жаудырған ер адамның да қаза тапқанын растады. Полиция әзірге құрбандардың нақты санын жариялаған жоқ.

Қылмыскер туралы белгілі ақпарат – ол полицияға бұрын таныс емес және ешқандай ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы болған жоқ. Полиция шабуылды әзірге лаңкестік әрекетпен де байланыстырып отырған жоқ.

ℹ️ @qazaqparat_kz


📄📄📄📄 Қысқы Азия ойындары: Қазақстан спортшылары қандай спорт түрінен сынға түседі

📌Керлинг (аралас жұп)

5 ақпан, 7:00. Қазақстан – Корея

5 ақпан, 15:00. Қазақстан – Қатар

Амина Сейтжанова және Азизбек Надирбаев

📌Шайбалы хоккей

5 ақпан, 17:00. Қазақстан – Қытай (Ерлер)

ℹ️ @qazaqparat_kz


🗣️ Ең табысты адамдар – сүйікті ісімен айналысатын адамдар

Уоррен Баффет


🔷Тасқын мен қуаңшылықтың алдын алатын су қоймалары салынады
🔗Сілтеме

🔷Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
🔗Сілтеме

🔷«Трансгендер операсынан» Ауғандағы көкнәрге дейін: Вашингтон USAID-ты неге айыптады
🔗Сілтеме

🔷Хакерлік шабуылға ұшыраған Сыртқы істер министрлігінің жүйесі тексеріліп жатыр
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Мамандар ұшақтың артқы бөлігінде, килде және стабилизаторда, биіктік пен бағытты басқару рулдерінде әртүрлі өлшемдегі және пішіндегі көптеген тесік және тұтас емес зақымдануларды анықтады.

Ұшақтың сол жақ қозғалтқышы мен сол жақ қанатында, сондай-ақ ұшақтың агрегаттары мен компоненттерінде ұқсас зақымданулар табылды. Кейбір жерлерде зақымданулар төртбұрышты пішінге ие.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Показано 20 последних публикаций.