Qazaqparat


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


🌐 Күннің қорытындысы – қысқа да нұсқа

🔷Министрлік: Әйгілі саундтректер концертін ұйымдастыру үшін рұқсат алудың қажеті жоқ
🔗Сілтеме

🔷Елдегі полигондарда 125 млн тонна қоқыс жатыр: мәселенің шешімі бар ма
🔗Сілтеме

🔷Елордадағы бокс кешіне Махмұд және Төрехан Сабырхан қатысады
🔗Сілтеме

🔷Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне алғыс айтты
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz


❗️Түркияда 2025 жыл ресми түрде ЛГБТ контентімен күрес жылы болып жарияланды

Түркияның Радио және телевидение Жоғары кеңесі (RTÜK) мен елдің Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар басқармасы (BTK) өкілдері Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі комитетінің отырысында баяндама жасады. Онда олар елдегі цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылдап жатқан шаралар туралы айтты.

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚠️ Алматы облысында өздігінен қар көшкіні жүрді.

«Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен атап өткендей, 10 наурыз түскі сағат 15:50-де «Ақбұлақ» тау шаңғы курортында, теңіз деңгейінен 2664 метр биіктікте, көлемі 300 текше метр болатын қар көшкіні өздігінен жүрді. Көшкін сайға түсті», – деп хабарлады ведомстводан.


Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿 Елордадағы бокс кешіне Махмұд және Төрехан Сабырхан қатысады

Бокстан Қазақстан құрамасының сапындағы ағайынды Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан 5 сәуірде кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Ағайынды былғары қолғап шеберлері Астанадағы бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Махмұд және Төреханның қарсыласы кім? Әзірге бұл жөнінде ешқандай ақпарат жоқ. 

ℹ️ @qazaqparat_kz


👶8 наурызда Қазақстанда 769 сәби дүниеге келді, оның ішінде 366 қыз және 5 егіз

Ең көп нәресте Түркістан облысында (126), Алматыда (76), Шымкентте (71) және Астанада (65) тіркелді.

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Астанада таңертеңнен бері 100-ге жуық көлік апаты болды

❗️Қазіргі сәтте Астанадан шығатын барлық автожолдар жабық тұр. 

ℹ️ @qazaqparat_kz


Әлем чемпионаты: Надежда Степашкина Азия құрлығындағы үздік көрсеткішті тіркеді

Бүгін шаңғыдан Тронхейм (Норвегия) қаласында әйелдер арасындағы шешуші 50 шақырымға жалғасқан бәсеке мәресіне жетті.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🌨 Астанада қар күреуге 1600-ден астам арнайы техника шығарылды

Наурыздың 10-на қараған түні коммуналдық қызмет 2726 ауыр жүк көлігімен қаладан 38 524 текше метр қар шығарды.

Қыс мезгілінің басынан бері 570 454 ауыр жүк көлігімен қаладан 7,1 миллион текше метрден астам қар шығарылды. Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🗑Елдегі полигондарда 125 млн тонна қоқыс жатыр: мәселенің шешімі бар ма

Елімізде жыл сайын шамамен 5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылады. Олардың қаншасы қайта өңделеді және қандай мәселе шешімін таппаған күйінде қалып отыр?

🖥 Толығырақ мына сілтемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Алдағы 5 жылда сұранысқа ие болатын кәсіп түрлері белгілі болды

2030 жылға қарай кадрларға сұраныстың жалпы көлемі 1,6 млн адам болуы мүкін. Оның ішінде 875 мың адам біліктілік деңгейі орта, кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге тиесілі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🎶 Министрлік: Әйгілі саундтректер концертін ұйымдастыру үшін рұқсат алудың қажеті жоқ

Мәдениет және ақпарат министрлігі Kazinform елде кино, мультфильм, телетоптама саундтректерінен концерт ұйымдастырудың тәртібі туарлы мәлімет берді.

«Аталған жобаларды өткізу кезінде ұйымдастырушылар ҚР Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар туралы заңын ескеру қажет. Сондай-ақ, уәкілетті орган коммерциялық концерттерді өткізіп ұйымдастыруы үшін рұқсат бермейді», - деп жазылған жауапта.

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Астанада 3 қабатты ғимарат өртеніп жатыр

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы сәтте елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы үш қабатты ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр», — делінген ТЖМ хабарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🌐 Күннің қорытындысы – қысқа да нұсқа

🔷 Жошы және оның ханымдары: Тарихи деректер
🔗Сілтеме

🔷 Көлікке не адамға шатырдан қасат қар құласа, кім жауап береді
🔗Сілтеме

🔷 Қазақстанда фитнес-орталық абонементі қанша тұрады
🔗Сілтеме

🔷 Бостандық пен дәстүрлер арасында: Таяу Шығыстағы әйелдердің өмірі қалай өзгерді
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz


Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿🇮🇹Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелламен кездесті

– Италияға былтырғы сапарымнан жақсы әсер алдым. Сіздің қонақжайлық танытып, нәтижелі келіссөз жүргізуге барынша жағдай жасағаныңыздың арқасында сапарым өте сәтті өтті. Екі мемлекет түрлі салада тығыз қарым-қатынас орнатқан. Біздің нарықта біраз италиялық компания жұмыс істейді. Олардың қатары қарқынды артып келеді. Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз да ойдағыдай дамып жатыр. Сондықтан елдеріміздің арасында берік ынтымақтастық қалыптасқан деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🇮🇹Серджо Маттарелла екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайын жоғары бағалап, өзара стратегиялық серіктестікті кеңейтуге мол мүмкіндік бар екенін атап өтті.

– Біз шын мәнінде барлық бағытта, соның ішінде саяси, экономикалық, сауда және мәдени салаларда тамаша байланыс орнаттық, – деді Италия Президенті.


➤ Мемлекет басшысының айтуынша, Италия Қазақстанның басты сауда серіктестерінің арасында үшінші орын алады, сондай-ақ экономикамызға қаржы құйған бес ірі инвестордың қатарына кіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда айналымы 20 миллиард долларға жуықтаған.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿🇮🇹Италия Президентінің ұшағы елорда әуежайына қонды

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланы қарсы алды. Одан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

📍Президенттер бұған дейін 2024 жылы қаңтар айында Рим қаласында кездескен болатын.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🥉 Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды

ℹ️ @qazaqparat_kz


💼 Кадрлық ауыс-түйіс: Қазақстанда өткен аптада болған тағайындаулар

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды

Ол әуежай қызметкерін кепілге алып, рюкзагында «бомба» бар деп жолаушыларды қорқытқан.

Аталған факт бойынша үш қылмыстық іс қозғалды: Кепілге алу — мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық— 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау — 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🌟 Көлікке не адамға шатырдан қасат қар құласа, кім жауап береді

Биыл қыстың жылы болуынан қаладағы көпқабатты үйлердің шатырындағы қар жылдағыдан ерте еритін сыңайлы. Ал олар көліктің не адамның үстіне түссе, не істеу керек? Қайда жүгініп, залалды қалай өндіріп алуға болады? Kazinform тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

«Егерде қандай да бір азаматтың үстіне үй шатырынан қар немесе мұз құлап, жарақат алған жағдайда, ең алдымен ОСИ немесе сол үйге қызмет көрсететін сервистік компаниялар жауап береді», - дейді заңгер Ардақ Әбеуова.

Толығырақ мына сілтемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Показано 20 последних публикаций.