Qazaqparat


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


🗣️ Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі.

Ахмет Байтұрсынұлы


⚫️Қазақстанда газет-журналдар неге өлместің күнін кешіп жүр
🔗Сілтеме

⚫️Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сақтандыру құны қанша тұрады
🔗Сілтеме

⚫️Қазақстан кітап оқу бойынша үздік 50 ел қатарында
🔗Сілтеме

⚫️Қарағанды облысында вагон рельстен шығып кетті
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz


🚕 65 жыл такси қызметін көрсетіп келген 83 жастағы қария бірде бір рет жол ережесін бұзбаған

Тілеуқор Қанапияұлының көзі 100 пайыз көреді. Жолдағы шұрық тесікті алыстан аңқарады. Көлігінің іші жылы, жолаушы үшін жайлы. Қажет десеңіз жанды дауыста ән де шырқап береді.

«Егер мен үйде отырсам, ауырып қаламын. Кейін көлігіме барып, рөлге отырғанда бірден энергия мен көңіл-күй пайда болады. Маған осылай жеңіл. Балаларым осы күнге дейін жолда жүріп келдің, енді демал деп айтады. Бірақ бұл ісімді қалдыра алмаймын»,- дейді қария.


ℹ️ @qazaqparat_kz


💼 Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

ℹ️ @qazaqparat_kz


📰 «KAZINFORM» халықаралық ақпарат агенттігі шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады

📰Өзбекстан мен Қазақстан Парламенті комиссияның төртінші отырысы өтті — «ӨзА»

📰Олжас Бектенов Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад-Реза Арефпен кездесті — «ParsToday»

📰Түркия мен Қазақстан арасында әскери ынтымақтастық нығайды — TRT

📰Қытайда осыдан 8000 жыл бұрын күріш егілгені туралы дерек табылды — «Халық газеті»

🖥 Шолудың толық нұсқасын сілтемеге өтіп оқыңыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚡️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу

ℹ️ @qazaqparat_kz


😓 Алакөл ауданында ауызсуды өзеннен тасып, ішіп отырғандар бар

Лепсі ауылының тұрғындары 50-60 жылдан бері ауызсуды тасып ішіп отыр. Құдықтан алыс тұратындары өзен суын пайдаланады.

«Сұмдық қой. Ауылға спорт кешендерін салып жатыр. Ол әрине керек шығар, бірақ халыққа ең бірінші су мен жол керек қой. Аудан әкімі де, ауыл әкімі де мұны көрмейді. Жылда жиын жасайды да келесі жылы, келесі жылы деп кетеді. Уәделеріне тойдық, 15 жыл болды. Көшенің арғы басынан суды күнде шанамен тасып ішеміз. Үйімізге кіргізіп бермей-ақ қойсын өз көшемізге құдық қойып берсінші ең болмаса. Жеткізіңіздерші жоғарыдағыларға, бізге көмектессін», — деді ауыл тұрғыны, зейнеткер Валерий Ливинский.


ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
💍Оралдық сарбаз Ақтауда ант қабылдау кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 200-ден астам жас жауынгер ант берсе, солардың ішінде Орал қаласының тумасы Артур Сәрсенғалиев үшін бұл күн аса маңызды болды.

💍Ол салтанатты рәсім барысында сүйіктісі, оралдық Гүлназға көпшілік алдында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.

Гүлназ еш ойланбастан:
— Иә, — деп жауап берді.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🚗 Еліміздің шығыс өңірінде күн райына байланысты жолдар жабылды

2025 жылғы 2 ақпан сағат 15:30–да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрі қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 3 ақпан сағат 06:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.  

ℹ️ @qazaqparat_kz


🍸 Энергетикалық сусындарды сатуға лицензия беру керек пе — заңгер пікірі

Kazinform агенттігінің «Біздің орта» подкастында елімізде 21 жасқа толмаған жасөспірімдер мен жастарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салу мәселелері талқыланды.

«Лицензия енгізуге болады, бірақ әртүрлі салаларға тым көп лицензия беру тиімсіздікке алып келуі мүмкін. Сол себептен қарайды, қандай нәрсеге лицензия беру керек, темекіге акциздер бар. Бұл жерде энергетикалық сусындарға акциз жоқ, сол себептен де лицензия жоқ шығар. Бұл жағын ойлану керек, лицензия жасөспірімдерге энергетикалық сусынды сатпаудан сақтайды ма, оның тиімділігі қандай болады», — деді Аржан Сәдуақас.


ℹ️ Толығырақ сілтемеге өтіп оқыңыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz


📰 Қазақстанда газет-журналдар неге өлместің күнін кешіп жүр

Бүгін – Қазақстанда баспасөз күні. 1913 жылы 2 ақпанда «Қазақ» газетінің тұңғыш номері жарыққа шықты. Қазіргі ғаламдық трендке сай цифрлы заманда елдегі көптеген мерзімді басылым көштен қалмаудың қамын жасап жатыр. Осы жерде бір сұрақ туындайды. Бірнеше ұрпақ жата-жастана оқыған газеттен неге бас тартуымыз керек? 

🖥 Толығырақ сілтемеге өтіп оқыңыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🥈 Анастасия Городко фристайл-могулдан күміс медаль еншіледі

Жарыс барысында Городко жартылай финалда Францияның олимпиада чемпионы Перрин Лаффонды жеңді, деп хабарлайды Olympic.kz.

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық басылым күнімен құттықтауы

Қадірлі баспасөз қызметкерлері!

Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі.

Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді.

Елімізде түрлі кезеңде жарық көрген басылымдар қашанда ұлт мүддесіне адал қызмет еткен. Аға буынның сара жолын қазіргі кәсіби журналистер лайықты жалғастырып келеді. Олар шынайы ақпарат таратып, жалпыұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға белсене атсалысып жүр.

Газет-журналдарымыз алдағы уақытта да жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға және ел бірлігін нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін.

Баршаңызға шығармашылық шабыт, бақ-береке тілеймін!

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿🥇Алина Дауранова Италияда өткен Әлем чемпионатының жасөспірімдер кезеңінде алтын жеңіп алды

Конькимен жүгіруші Алина Дауранова Коллалбода өткен әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті. Ол 1000 метрге жүгіруде бірінші болды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


💬 Барсакелмес барса келетін жерге айналды

Кезінде Арал теңізінің ортасында орналасқан Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Kazinform тілшісі қорықтағы қоршаған ортаны қорғау жұмысына зер салып көрген еді.

🖥 Толығырақ сілтемеге кіріп оқи аласыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🐏 Той мен соғымға: Қазақстан қалаларында қой бағасы қанша тұрады

Қазақстанда кейбір отбасы айына бір қой сатып алады. Кейбірі өздері бағады, ал енді бірі сенімді адамдардан алғанды жөн көреді. Kazinform әр қалада қой бағасы қанша тұратынын білді.

🖥 Толығырақ сілтемеге өтіп оқи аласыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz


💬 Дикий Арман өзіне қол жұмсамақ болды

«Бұл сотталған (Арман Жұмагелдиев — ред.) өзіне аздаған жарақат келтірді. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Сотталған ерекше бақылауда. Онымен мекеме психологтары жұмыс жүргізуде», — деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.


Мәліметке сай, осы факті бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.

ℹ️ @qazaqparat_kz




⚡️Ұлттық құрылтайдың IV отырысы наурыз айында Бурабайда өтеді

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бүгін Астанада өтіп жатқан Ұлттық құрылтай кеңесінде айтты.

«Ұлттық құрылтайдың кезекті IV отырысы наурыз айында Ақмола облысында Бурабайда өтеді. Нақты күні әлі белгісіз. Осы уақыт аралығында бүгін сіздер көтерген ұсыныстарды талқылауға уақыт болады», - деді жиында Ерлан Қарин.


ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️1 ақпаннан бастап Қазақстанда автомобиль газының бағасы өсті

Бүгін ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрығымен қосылған құн салығын қоса есептегендегі автомобиль газының еліміздің барлық өңіріндегі бағасы бекітілді. 

• Астана — литрі 102 теңге (бұрын 82 теңге болған);
• Алматы — 102 теңге (бұрын 89 теңге болған);
• Шымкент — 90 теңге (бұрын 70 теңге болған)

🖥 Толығырақ сілтемеге өтіп оқи аласыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🛩 АҚШ-та ұшақ тұрғын үйлерге құлады

Филадельфияда Jet Rescue санитарлық авиация компаниясының Learjet 55 жедел жәрдем ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ әуежайдан ұшып шығып, 30 секундтан соң құлаған.

Бортта 6 адам болған: 2 пилот, дәрігер, фельдшер, науқас және оның анасы. Бәрі Мексика азаматы. Пациент АҚШ-та емделіп, анасымен үйіне қайтып бара жатқан.

Жергілікті билік мәліметінше, тірі қалғандар туралы ақпарат әзірге жоқ. Апаттың себебі де белгісіз. Қазір оқиғаға қатысты тергеу басталды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Показано 20 последних публикаций.