Фильтр публикаций


Репост из: NewTimes.kz - Новости Казахстана
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Мы взяли интервью у брата погибшей в Актау спортсменки Алины Жолжан.

Бауыржан рассказал, что его старшая сестра подверглась насилию и избиению со стороны группы молодых людей. Спустя несколько дней после изнасилования девушка спрыгнула с 9-го этажа.

Суд приговорил основного обвиняемого к 20 годам лишения свободы, а четырёх его сообщников — к срокам от 7 до 8,5 лет.

Родные требуют ужесточения наказания.

☝🏻Подробности в видео.


Біз Ақтауда қаза тапқан спортшы Алина Жолжанның ағасынан сұхбат алдық.

Бауржанның айтуынша, оның үлкен әпкесі бір топ жас жігіттің зорлық-зомбылығы мен соққысына ұшыраған. Зорлықтан бірнеше күн өткен соң, қыз 9-қабаттан секіріп кеткен.

Сот негізгі айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды, ал оның төрт сыбайласы 7 жылдан 8,5 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Туыстары жазаны күшейтуді талап етуде.

👇Толығырақ бейнежазбада.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Желіде Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы тарады

Кадрлардан қыздың әзірбайжандық делегацияны көріп еріксіз жылап жібергенін байқауға болады.

Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, стюардессаның аты-жөні Айдана Рахимли. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Айдана - Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан, бірақ Ақтаудан үш шақырым жерде құлаған ұшақтан аман қалған 29 адамның бірі. Стюардессадан бөлек, тағы бір экипаж мүшесі аман қалған.


Ақтауда құлаған ұшақта қаза тапқан екі қазақстандық дос әрі әріптес болған екен, деп хабарлайды ALASH.kz сайты.

Қаза тапқан қазақстандықтың бірі 39 жастағы Бауыржан Жұмағұлов, ол «ӨзенМұнайСервис» компаниясында бұрғылау қондырғысы көмекшісі болып жұмыс істеген. 

«Ол кез келген тапсырманы терең түсіністікпен және мұқият орындайтын, еңбекқорлығы мен табандылығымен ерекшеленді. Бауыржан адал, әділ және жомарт жан еді. Оның достыққа беріктігі, жақындарына қамқорлығы мен қоғам алдындағы жауапкершілігі мәңгі есте қалады. Ізгілікке ұмтылған, адамгершілік құндылықтарды құрметтеген осындай ардақты жанның жарқын бейнесі оны таныған адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады», – деді компания өкілдері.

Ал екіншісі 36 жастағы Сандибек Түлесинов «МұнайФилдСервис» компаниясында механикалық-энергетикалық бөлімнің инженері болып жұмыс істеген.

Инженер көтергіш құрылғылардың жұмысын қадағалаған. Әріптестері марқұмның өте жақсы адам және үздік маман болғанын айтады.
«Жақсы жігіт еді, сабырлы, өз жұмысын жақсы білетін және оны жауапкершілікпен атқаратын. Оның жұбайы және төрт баласы – үш ұлы мен бір қызы бар. Үш баласы мектепте оқып жүрсе, үлкені мектепті бітірген… Олар зейнеткер анамен бірге тұрған. Ол отбасындағы кенже ұл еді, барлығы алты ағайынды», – деді компанияның бас директоры Нұрлан Белшер.

Мұнайшы демалысқа әріптесі әрі досы Бауыржан Жұмағұловпен бірге ұшып бара жатқан.

Қайтыс болған адамның денесі әлі Жаңаөзенге жеткізілген жоқ, себебі сараптама әлі жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта Ақтауда мәйітхана ғимаратының жанында Сандибектің екі ағасы дененің берілуін күтіп тұр.


Ақтаудағы ұшақ апатынан анасымен бірге қаза тапқан астаналық 11 жастағы бала Эльдар Жұмағат туралы оның мұғалімдері айтып берді.

Әуе апаты салдарынан қаза тапқандар арасында 11 жасар Эльдар Жұмағат пен оның анасы да бар.
Мұғалімдердің айтуынша, Эльдар — дарынды, мейірімді, әрі еңбекқор бала болған. Ол барлық таныстарының жүрегінде жарқын із қалдырды
- делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Ведомство қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, қайғыға ортақтасады.

Айта кетейік, елордалық нотариус Гауһар Шаймерденова мен оның 11 жастағы ұлы Эльдар Жұмағат Грозныйға жаңа жылды қарсы алу үшін ұшқан. Өкінішке қарай, олар діттеген жеріне жете алмай, әуе апаты салдарынан мерт болды.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
❗Ақтауда ұшақ апатынан алты адам аман қалды


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. 

Қазір зардап шеккендер туралы ақпарат анықталып жатыр.


🇰🇿Шавкат Рахмонов ирландиялық қарсыласын UFC турнирінде жеңді

Рахмонов пен Гэрридің жекпе-жегі UFC 310 турнирі аясында өтті.

Бұл Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жетінші жекпе-жегі болды, және ол промоушенде 6-0 рекордын сақтап қалды, барлық алты жеңісі мерзімінен бұрын аяқталған.

Иэн Гэрри UFC-де сегіз жекпе-жек өткізіп, 8-0 рекордына ие болды. Бұл оның мансабындағы алғашқы жеңілісі болды.

Айта кету керек, жекпе-жек барысында қос спортшы да жоғары шеберлік деңгейін көрсетті, бір-біріне дес бермеді. Төрешілердің бірауызды шешімімен үш раунд Шавкат Рахмоновқа, ал екі раунд Иэн Гэрриге берілді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Шавкат Рахмоновтың кезекті жеңісі👏

Құттықтаймыз🎉


Уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 160 млн тг жұмсалуы мүмкін😱

Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, бұл – үш жылдық бюджет.

Іс жүзінде сома аз болуы мүмкін – шамамен 90-100 млн теңге.

«Қазір зерттеуге байқау жарияланып, нақты құнын ұлттық ғылыми кеңес анықтайды», - деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, дәрігерлер сағат белдеуінің өзгерісі қазақстандықтардың денсаулығына қалай әсер еткенін зерттейді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Талғарда қаскөйлердің қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың үйін өртеп кетті.

Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 
Куәгерлер өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан, үйдің толығымен жанып кеткенін жазуда.
Аталған оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
«Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынуда, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары мен оған әкелуі мүмкін себептері анықталуда», - делінген хабарламада.


Тоқаевтың Қостанайға сапары қалай өтті?

Қасым-Жомарт Тоқаевқа шойын қорыту және қалыпқа құю, сондай-ақ бұйымды өңдеу секілді жұмыстардың толық процесі көрсетілді.
Зауыт барлық заманауи талапқа сай келеді. Автоматтандыру және энергиялық тиімділік деңгейі жоғары болғандықтан, қоршаған ортаға әсері аз. Қазір мұнда 30 робот бар. Олар анағұрлым күрделі әрі ауыр технологиялық операцияларды орындайды.
Мемлекет басшысының жұмыс сапары «KamLitKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шойын құю зауытымен танысудан басталды. Аталған кәсіпорын өңірдің индустриялық аймағында орналасқан.
Президент жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орнын аралап көрді. Серіктестіктің бас директоры Дмитрий Гуртовой зауытта жылына 45 мың тонна шойын құймасы өндірілетінін айтты. Құны 78,2 миллиард теңге болатын жобаны іске асыру нәтижесінде 500 жұмыс орны ашылды


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Астанадағы мешіттердің бірінде шапан киген ер адам өзін-өзі қанжоса етіп, пышақтап тастады.

Бейнежазбадағы оқиға бойынша, оны оншақты полиция қызметкері қоршап, пышағын тартып алуға әрекет жасауда. Полицияның біреуі қолына орындық ұстап алған.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, азаматтың жасы 36-да. Алдын ала болжам бойынша ер адам психикалық диспансерде есепте тұрады.

«102 каналына белгісіз ер адам қолына пышақ алып, адамдарға қауіп төндіргені туралы ақпарат тарады. Оқиға орнына полиция дереу жетті. 36 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне түсті. Оның пышағы тәркіленді. Тексеру кезінде анықталғандай, азамат 2006 жылдан бері психологиялық диспансерде есепте тұрады», - деп хабарлады полиция департаменті.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровты зорлады деп айыптаған Анару Құрманали тағы бір жанжалға қатысты болып шықты.

Өткен жылдың жазында бұл қыз Алматыдағы EVA мекемесінде жанжал шығарған. Анару полицейлерді шақырып, телефоным ұрланды деп көпшілік алдында наразылық тудырған, ал кейін кадрлардан телефонының өз қолында екені байқалған.

Видеода қыздың айқайлап, балағат сөздер айтып, басқа біреудің ұялы телефонын алуға ұмтылып жатқанын көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін Анару Құрманалидің басқа адамдарға зорлау туралы осындай мәлімдеме жасағаны белгілі болды. Ол кезде әйел Қонаев полициясына жүгінген.

Естеріңізге сала кетейік, Жанқош Тұраров - белгілі кәсіпқой боксшы. Ол бірінші жартылай орта салмақтағы IBO бокстан әлем чемпионы.

Боксшының өзі атына тағылған барлық айыптарды жоққа шығарады және жалған ақпарат таратушыларды сотқа беруге ниетті.


🥇 Нұрбек Оралбай — Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласын ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты.


🇰🇿Нұрбек Оралбай финалда!!!

Ол доминикандық Кристиан Пиналесті жеңді. Енді ол Олимпиаданың алтынына таласады!


⚡️Нариман Курбанов 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері!

Спорттық гимнастикадан Қазақстан тарихындағы тұңғыш медаль! Құтты болсын, қазақ елі 🇰🇿🇰🇿🇰🇿


Назым Қызайбай жартылай финалда!

50 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы колумбиялық Ингрит Валенсияны жеңді.


Өкінішке қарай, Бибосынов жартылай финалға шыға алмады.

3:2 есебімен өзбекстандық Дусматов жеңіске жетті.

Показано 20 последних публикаций.