Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровты зорлады деп айыптаған Анару Құрманали тағы бір жанжалға қатысты болып шықты.
Өткен жылдың жазында бұл қыз Алматыдағы EVA мекемесінде жанжал шығарған. Анару полицейлерді шақырып, телефоным ұрланды деп көпшілік алдында наразылық тудырған, ал кейін кадрлардан телефонының өз қолында екені байқалған.
Видеода қыздың айқайлап, балағат сөздер айтып, басқа біреудің ұялы телефонын алуға ұмтылып жатқанын көруге болады.
Айта кетейік, бұған дейін Анару Құрманалидің басқа адамдарға зорлау туралы осындай мәлімдеме жасағаны белгілі болды. Ол кезде әйел Қонаев полициясына жүгінген.
Естеріңізге сала кетейік, Жанқош Тұраров - белгілі кәсіпқой боксшы. Ол бірінші жартылай орта салмақтағы IBO бокстан әлем чемпионы.
Боксшының өзі атына тағылған барлық айыптарды жоққа шығарады және жалған ақпарат таратушыларды сотқа беруге ниетті.