Бірге тексерейік!


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Бәрі де тексеріледі!
Байланыс үшін: https://t.me/smaqov
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций






Астық жинау🌾 рекордтық көрсеткішке жетті ме?

Республика күніне орай өткен жиында Қасым-Жомарт Тоқаев халықты мерекемен құттықтай келе, еліміздегі елеулі мәселелерге тоқталды. Көктемдегі су тасқынына қарамастан елімізде 26 миллион тоннадан астам астық жиналғанын әрі бұл рекордтық көрсеткіш екенін айтты. Осы орайда Factcheck.kz редакциясы аталған деректі тексеріп көрді.

Көктемгі тасқынға қарамастан 26 миллион тоннадан астам астық жиналды.
Қасым-Жомарт Тоқаев


Үкім: Шындық✔️
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сай, би
ыл жалпы егіс алқабы 23,3 млн гектар болып, ең кейінгі дерек бойынша 26,5 млн тонна астық жиналды.

Мұны рекордтық көрсеткіш деуге болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев


Үкім: Жалған🚫
Тоқаев келтірген 26 ми
ллион тоннадан астам астық көлемін рекордтық көрсеткіш деуге келмейді, себебі Faostat-тың дерегінше, Қазақстан 1992 жылы 29,6 млн тонна, одан кейін 2011 жылы 26,8 млн тонна астық жинаған. Осы деректерге сүйеніп, биылғы жылғы астық көлемі рекордтық көрсеткішке жетпегенін көреміз.








Қазақстан Еуродақ үшін аса маңызды 34 материалдың 19 түрін жеткізе ме?

Мәлімдеме💭

Бүгінде біз Еуропа Одағының экономикасы үшін аса маңызды сирек кездесетін 34 материалдың 19 түрін өндіреміз. Осыған орай Минералдық ресурстар жөніндегі неміс агенттігі (DERA) мен қазақ серіктестері маңызды шикізат саудасы бойынша консорциум құрып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Техникалық қате🤖

Тоқаевтың Еуроодақ аса маңызды деп тапқан сирек кездесетін 34 материалдың Қазақстанда 19 түрі өндірілетіне қатысты дерек ескірген. Еуроодақтың 2020 жыл бойынша бекіткен маңызды шикізаттар тізіміндегі 30 материалдың 19-ы Қазақстанда өндірілгені рас. Кейіннен жаңартылған маңызды шикізаттар тізімінен бірқатар материалдар алынып жаңа 6 шикізат қосылған.

2023 жылы бекітілген Еуроодақтың аса маңызды деп саналатын сирек кездесетін 34 материалдың 23-і Қазақстанда өндіріледі.


Temirov Live журналистері 5 және 6 жылға сотталды

Қырғызстандағы Ленин аудандық соты «Temirov Live» арнасының журналистеріне қатысты үкім шығарды. «Temirov Live» жобасының жетекшісі Махабат Тәжібек қызы алты жылға, ал «Айт Айт десе» арнасының ақыны Азамат Ишенбеков бес жылға сотталды. Оларға «жаппай тәртіпсіздікке шақырды» деген айып тағылған.

Сондай-ақ, журналистер Ақтілек Қапаров пен Айка Бейшекеева үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Іске қатысы бар қалған айыпталушылар қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды. Бұған дейін прокурор журналистерді алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

«Temirov Live» арнасының қазіргі және бұрынғы 11 қызметкері 16 қаңтарда «жаппай тәртіпсіздікке шақырды» деген айыппен ұсталған еді. Іс бойынша айыпталушылардың барлығы тағылған айыппен келіспейді.








Кейінгі кездегі медиадағы моральдық дүрбелеңге қатысты тағы жазбасқа болмады

Біз телефондағы Schoolboy Runaway ойынының айналасындағы шуға қатысты үнсіз отыра алмадық. Алматыда үш жасөспірім суицид жасағаннан кейін WhatsApp мессенжерінде тараған хабарламаларда бұл ойын «балаларды ата-анасынан қашуға үйретеді» деген ақпарат тарады. Жақында шыққан көлемді мақалада біз ойынды ойнап көріп, одан қандай да бір алаң тудыратын ештеңе таппағанымызды айттық.

Бұл жазбаны жариялауымызға не түрткі болды.

Біріншіден, күні кеше WhatsApp мессенжерінде тараған видеода әкесі баласына осы ойынды орнатқаны үшін ұрысып, осы ойынды ойнайтын ауладағы достарының атын айтуға мәжбүрлейді, олардың бұл ойында не істеп жатқанын сұрайды. Бала қатты қорқып, күйзеліп, ойынның мәнін толық түсіндіре алмайды, ал әкесі мұны өзінше түсініп, қате шешім шығарады.

Екіншіден, баспасөз бетіндегі осы ойын туралы ақпарат қазір медиада желдей есіп жүр. Оның ішінде «Хабар» телеарнасының сюжеті де WhatsApp мессенжерінде тарап жатыр. Олар сюжет соңында мәселе ойында емес, жауапкершіліктен қашу деген психологтың пікірін айтады. Бірақ ең алдымен «қауіпті ойынға» қатысты нарративтерге де көп уақыт арнайды.

Үшіншіден, осы ойын туралы Білім министрлігінің ескертпесі: министрлік таратқан ақпаратта Schoolboy Runaway ойынын «қауіпті» дейді.

Енді аздап ақылға қонымды нәрсе айтайық: ойынның сюжеті бойынша ойыншының ата-анасынан серуендеу үшін үйінен қашуы керек дегені, ол балаларды өмірде үйден қашуға үйретеді дегенді білдірмейді. Бұл, жалпы айтқанда, тым қарабайыр ойлау.

Түсінуімізше, жұртты аула сыртына қашу үшін жер үйдің шатырынан шөпке секіретін соңғы эпизод алаңдатады. Жоғарыдағы абзацты оқыңыз.

Бұл ойынға қатысты жалғыз ақылға қонымды қарсы пікір – жас шектеуі. Ол, бұрын жазғанымыздай, бір платформада 12-ге толған балаларға арналса, тағы бірінде 17 жастан асқан жасөспірімдерге арналғаны жазылған. Ойынды әзірлеуші, бәлкім, елдің даурыққанын байқап, ойынға 16+ шектеуін қосуға мәжбүр болды. Бұдан бөлек сюжеттің ойдан шығарылғанын, бұл ойынның «шынайы өмірдегі мінез-құлық үлгісі еместігін» жазады.

Шектеу қалай қалыптасады? Контентке қатысты екені анық. Жоғары жас шектеуін алып, оған не әсер ететінін көрейік. Ойынның ішінде әкесі сыра ішеді – бұл ішімдікті көрсету. Баласын ұстап алған кезде анасы мен әкесі оны ұрады (олар оны шапалақпен ұрады, белдікпен сабайды, бірақ мұны ойынның ішінде көрсетпейді) – зорлық-зомбылық көріністеріне сілтеме жасайды. Футбол көріп отырған әкесі бүкіл команданы сынайды – балағат сөздер мен дөрекі әзіл айтады. Күдікті музыка, саспенс, қудалау мен жазалау элементтері – үрей мен хоррор тақырыбы.

Біз ата-аналарды балаларына эмоционалды зорлық-зомбылық жасамауға шақырамыз, өйткені оларда бұл ойын болмаса да осыған ұқсас ойындар да толып жатыр. Балаларға бұл ойынды ойнауына неге әлі ерте екенін немесе неге мүлде ойнамау керектігін түсіндірудің басқа жолдары бар.

Үйден қашу немесе суицид сияқты ауыр және қорқынышты шешімдердің әлдеқайда күрделі себептері бар екенін түсініңіз: ең алдымен, отбасындағы атмосфера, ата-анамен және құрдастарымен қарым-қатынас, баланың дамуының психоэмоционалдық ерекшеліктері. Телефон ойындарының бұл тізімде болуы екіталай.


Репост из: Azattyq - Азаттық
💬 26 қыркүйекте Қырғызстанда Temirov LIVE, "Айт, Айт десе", "Арча Медиа" және "ПолитКлиника" жобаларының бұрынғы және қазіргі журналистерінің үстінен өтіп жатқан сотта прокурор олардың бәрін алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Бішкектегі сотта прокурор үйқамаққа жіберілген журналистерді қамауға алуды сұраған.

Қырғызстан милициясы Temirov LIVE және "Айт, Айт десе" жобаларының қазіргі және бұрынғы қызметкерлерін биыл қаңтардың ортасында ұстады. Кейін Қырғызстан ішкі істер министрлігі оларға "Билік өкілінің заңды талабына бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетуге шақырды" (278-баптың 3-бөлігі) деген айып таққан.

🔸 Журналистерді қамауға алған кезде біразы Temirov LIVE жобасында жұмыс істемеген. Журналистер өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарады.

Temirov LIVE жобасының негізін қалаушы Болот Теміров журналистерді қамауды қызметтерімен байланыстырған.

🔸 Халықаралық және жергілікті құқық қорғау ұйымдары Қырғызстан билігін журналистерді босатуға, сөз еркіндігіне қысым көрсетуді тоқтатуға шақырған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


Енді Telegram корпорациясы қолданбаны заңға қайшы әрекеттер үшін пайдаланатын қолданушылардың IP-мекенжайы мен телефон нөмірін қауіпсіздік органдарына береді. Бұл туралы Telegram желісінің негізін қалаған Павел Дуров хабарлады.

Дуровтың айтуынша, Telegram мессенжерді пайдалану ережелерін жаңартқан. Оның сөзінше, кейінгі аптада модераторлар жасанды интеллекті қолданып, Telegram-ның іздеу жүйесінен зиян деген контенттің бәрін өшірген.

Сот органдарында мессенжердің қызмет көрсету шарттарын бұзатын қылмыстық іс бойынша күдікті екенін растайтын ордер алса, Telegram оны заңды түрде қарап, заң бұзған қолданушының IP-мекенжайы мен телефон нөмірін тиісті органдарға ашып береді.






Қазақстандық банктер ең көп пайда табатын банктер қатарына кіре ме?

2 қыркүйектегі жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі банктер ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер қатарына кіретіні туралы дерек келтірді. Президент жолдауда шын дерек келтірді ме? Factcheck.kz тексеріп көрді.

Халықаралық сарапшылар қазақ банктерін ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер санатына қосады.
Қасым-Жомарт Тоқаев


Үкім: Дәлелденбеген
Дүниежүзілік банктың 2024 жыл маусым айындағы Қазақстан туралы шығарылымында еліміздегі ба
нктері «ресурсқа бай ұқсас елдер» ішіндегі ең көп пайда табатын банктер саналатыны жазылған. Дегенмен редакциямыз бұл қандай «ұқсас елдер» екенін таба алмады, сондықтан дәлелденбеген деген үкім қойдық.

Толығырақ🌐







Показано 20 последних публикаций.