Мен Назарбаевқа қалай келдім?
Тұрақсыздықпен қорқыту арқылы. Бәлкім бұл есейгенде іштей қарсылықтың туындауына әкелген шығар деп ойлаймын.
Жеті сегізінші сыныпта үлкен әпкемнің бірі сразу Нұр Отанға кіріп кетті.
Сол кісі ауылға келгенде маған Назарбаев туралы айтатын еді. Өте радикалды жолмен. Видеолар қосатын.
Бәрі ұлт көсемі және тұрақтылық, революциядан кейін кедей өмір сүріп, мемлекеттілігін жоғалтқан халықтар туралы
Саралау білмейтін психологиялық күйіме қатты сынақ болды. Мен үшін Назарбаев тек тұрақтылықтан тұратын.
Бекболат Тілеухан, Жолдасбековты тыңдап жүрдім. Сол бағытта кітаптар оқыдым.
Мектеп бітіріп ортам өзгерді. Саяси көзқарасым сай келмейтін отандастармен кезіктім. Бір билік, бірақ екі түрлі ойлаулар.
Солай оппозиционерге айналдым. Бәлки бірнеше жыл.
Кейін суық ақылмен өз Назарбаевымды таптым. Ол бала күнгі Назарбаев сияқты диктатор, самовлюбленный емес.
Мен Назарбаевпен саудаласпаймын, осыны істедім қашан жақсы өмір сүрем деп сұрамаймын.
Мені мақта тек бас ұрып жалбарына бер демейді. Мен бармын, әрекетіңе қарай беремін, әлемді таны, ойлан дейді. Ойлансаң мен бармын дейді.
Билік қорқынышты болмауы керек деп ойлаймын.
Қорқынышпен сүю шын махаббат па?!
https://t.me/shylgau/4232