FlyArystan наурыз айында Қазақстан бойынша рейстер санын арттырады 2025 жылдың наурыз айында қазақстандық лоукостер FlyArystan алдағы мерекелерге орай ішкі бағыттар бойынша рейстер санын арттырады. Негізгі өзгерістер Алматы, Астана және Атырау қалаларынан ұшатын басты бағыттар бойынша рейстер санының артуын қамтиды. Бағыттар мен рейстер саны төменде толық көрсетілген:
Алматыдан:• Астанаға және кері – аптасына 33 рейстен 42 рейске дейін;
• Шымкентке – 10 рейстен 12 рейске дейін;
• Қарағандыға – 11 рейстен 15 рейске дейін;
• Қостанайға – 8 рейстен 9 рейске дейін;
• Қызылордаға – 4 рейстен 5 рейске дейін;
• Павлодарға – 9 рейстен 10 рейске дейін;
• Семейге – 7 рейстен 8 рейске дейін.
Астанадан: • Шымкентке – аптасына 18 рейстен 21 рейске дейін;
• Түркістанға – 4 рейстен 5 рейске дейін;
• Оралға – 6 рейстен 8 рейске дейін;
• Қызылордаға – 8 рейстен 9 рейске дейін.
Атыраудан:• Ақтауға – 13 рейстен 15 рейске дейін.
Бұған дейін әуекомпания 2025 жылға арналған көктем-жаз навигациясына билеттерді сату басталғанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар, Астанадан Баку мен Бішкек қалаларына маусымдық рейстерге билеттер сатылымын ашты. Жолаушылар билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасынан, компанияның
www.flyarystan.com ресми сайтынан және басқа да қолжетімді сату арналарынан ең тиімді бағамен сатып ала алады.