Дайындықсыз үйленбе!


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


• Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін!
📝 Бойдақтардың үйленбестен алдын дайындық жасайтын алаңы.
Кері байланыс: t.me/kerekdaiyndyk_bot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: IQUP
Ислам - махаббатқа қарсы емес, керісінше махаббаттың атымен жасалатын күнәға қарсы.


Жар таңдауға көп әсер ететін сыртқы сұлулық па әлде ішкі рухани құндылық па?

Жан сұлулығы тән сұлулығындай бірден көрінбейді.
(с) Аристотель


Кез келген үйленетін жастардан сұрасаңыз барлығының айтары үйленетін адамда маңызды болғаны тән немесе түр сұлулығы емес, жанның сұлулығы деп оңай сөйлегенімен, нақты таңдау жасау мәселесі мен шешім қабылдауға келгенде бәрі де жан сұлулығынан гөрі тән сұлулығына баса мән береді. Статистикаға сүйенсек, жігіттердің 90%-ы қыз таңдағанда сұлулығына мән беретіні анықталған. Тура сондай қыздар да еркектердің әлдеқайда “тартымды, сымбатты, денелі” болғанын қалайды. Демек, бұл - адам жаратылысының табиғи қажеттілігі. Адам баласы кез келген нәрсенің жақсысын, әдемісін қалауы - оның жаратылысына жазылған заң. Сондықтан үйленетін жастар қателессе де басында тән сұлулығына баса мән беретіні шындық.

Пайғамбарымыз ( оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жар таңдауда қажетті 4 нәрсенің (малы, тегі, сұлулығы, иманы) екеуі тән және екеуінің жан сұлулығының ортасында адам баласы үшін таңдау жасалғанда, әрине, Алла елшісі басымдықты жан сұлулығына береді.
Алайда саудагердің жақсы тауарларын көрінетін жерге қойып, сатып алушыларды өзіне шақырғаны секілді Алла Тағала да адам баласының бір-біріне деген махаббаты мен сүйіспеншілігін оятып, бір-бірін таңдасын, ұнатсын деп оларға берген тән сұлулығы сыйлық ретінде қаралады. Дегенмен тән сұлулығы үнемі, яғни, өмірінің соңына дейін солай болып жалғасуы мүмкін емес.

Адам баласы бір-бірімен тілдесіп, танысқаннан кейін, араласқаннан кейін былайғы жерде
қарым-қатынаста басты рөлде адамның сыртқы сұлулығы емес, қайта
жан сұлулығы
басты рөлге шығады.


Демек, тән сұлулығы адамның көзінің қалауын қанағаттандырса, жан сұлулығы адамның ішкі жан дүниесінің қалауын қанағаттандырады.

«Жұбайлар құпиясы» кітабынан.


Қыздың жігіт таңдауда көп қателіктері ұзын бойлы, спортпен айналысқан, күші мығым болу, адамдарды өзіне қарататын әзілқой, аты-шулы, ақшалы, малтабар, ойын күлкіге жақын т.б.

Тіпті басқалармен үнемі керісу, бұлардың барлығы отбасы құрмастан бұрын қызық, маңызды, күлкілі болуы мүмкін. Алайда отбасы құрып, жауапкершілік арқалап, өмірге бала келгеннен кейін отбасында таңдаған жарымыз қаншалықты жақсы отағасы және жақсы әке бола алады, ол басқа мәселе.

#қарындастарға_насихат
#бір_ағамыздан_кеңес


Еркектердің қыз таңдаудағы басты жіберетін қателіктері - түр-тұлғасы, бойының талдырмаш болуы, күлген күлкісі, киіну стилі, отбасылық тегі, құрбыларының алдындағы беделі т.б.Бұлардың барлығы өткінші. Себебі жар болу, өмірге бала әкелу, оны тәрбиелеп адам ретінде қатарға қосу, ата-анамен, туысқандармен дұрыс қарым-қатынаста болу үшін түр мен келбет маңызды рөл ойнамайды.
Қанша жерден “әлем сұлуына” үйленгеніңмен достарың үйіңе келгенде дұрыстап дастархан жайып, күтіп ала алмаса, ер жігіт үшін тірідей өлгенмен бірдей.


#бір_ағамыздан_кеңес


Махаббатын сақтай алған, бір-біріне деген ілтипаты бітпейтін жарасымды отбасын қалай құрамыз?
Ол үшін отбасы құрмай тұрып, әр адам жеке дайындалу керек. Яғни, отбасылық өмірге дайындалу деген сөз.

Көлік айдау үшін арнайы бірнеше ай бойы оқитынымыз секілді, мектепке бірінші сыныпқа бармай жатып дайындық сыныбына баратын секілді дайындық керек.
Ал отбасылық өмір ше? Ол үшін біз қанша дайындалдық?

Қанша адам дәл сіз секілді кітап бетін ашып отбасы туралы ізденді? Қанша адам арнайы отбасылық семинар, курстарға қатысты? Бар болса, санаулы-ақ болар. Көбісі жоғарыда айтылғандай көз жұмып бағдаршам қызылынан аман өте шығам деп ойлайды. Ал бұл қорқынышты емес пе?
Мүлдем әйел табиғатынан бейхабар жігітке қызыңды беру де қауіпті емес пе? «Қызды күте алмаған күң қылады». Ер адамның кім екендігін, қандай екендігін, онымен қалай қарым-қатынас жасау керегін білмейтін қыз асыл ер азаматтың жігерін құм қылып жібермей ме?


Олай болса, неге дайындық жасайтын санаулы адамдардың қатарына қосылмасқа?! Төрт-ақ жыл оқитын университетке түсу үшін күндіз-түні ұйықтамай тер төккен секілді, неге өлгенге дейін бірге болатын отбасын құру жолында ізденбеске?

«Дайындықсыз үйленбе» кітабынан үзінді.


Тұғырлы отбасы.pdf
3.4Мб
Пайдалы ілім болсын!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Еркекті еркек түсінеді)
Рас айтып жатыр негізі әпке-қарындастарым. Жұбайыңызды шаршата бермей, керісінше тыныштығы бола біліңіз!

Видео Ильяс Амирагаевтың инста парақшасынан алынды.


Қазір көп адам ғашықтықпен үйленеді. Мәселен, отбасын құрмай жүрген қыздар мен жігіттерге үйлен не тұрмысқа шық деп айтсаңыз, әлі дайын емеспін дейді.
Содан кейін дайындалса бір сәрі. Жоқ, сол қалпы жүре береді.

Күндердің күнінде біреуге ғашық болып қалады да, дайын бола қалғандай, бірден отбасын құрып кетеді. Бұл - қатерлі қадам.

(с) Ақан Мергембай ұстаз


Жастардың өмірде көргені аз, тәжірибелері жеткіліксіз болғаннан кейін «той жасасақ болды, бақытты болып кетеміз» деп ойлайды. Олар алғаш танысудан басталған бір-бірін сағынып тұру, ренжітпеу, аялау, сыйлық сыйлау т.б әрекеттер табысқанға дейін, тіпті одан ары жалғаса береді деп ойлайды.
Алайда үй болып, шаңырақ көтерген сәттен бастап, өмірдің қиыншылығы мен жауапкершілігі басталған сәттен бастап кімнің кім екені, шынайы жүзі белгілі болады. Үйлену, отбасы құру деген тек қана ақ көйлек киіп, той жасау еместігін кеш түсінеді кейбір жастар.


Жар таңдау, құдалық, қалың мал, той жасау т.б амалдар осы ұлы мақсаттың іске асуына алғы шарттар ғана. Өкінішке орай, қазіргі заманда екі жастың отбасы құру, болашақ шаңырақ көтеріп, отбасы құру үшін ата-аналары мен тәжірибесі жоқ екі жастан бастап барлығы тек той дайындығы, киім алу, ойын-сауық, думан, қызықтың жетегінде жүріп, екі жастың болашақта болатын қиыншылықтары мен басқа да мәселелерін қыз жақ пен жігіт жақтың көз қарақты, тәжірибелі адамдары бір жерге келіп ақылдасып іс жасау, алдын-ала жастарға болатын сынақтарға қалай шыдауға болатыны туралы кеңес беріп, оны өздерінің қандай әдіс-тәсілдер арқылы жеңіп шыққандарына байланысты тәжірибелерімен бөлісіп, оларға дұрыс жол көрсету жетіспейді.

(с) Қазим Мұстахимұлы


Ұзын ғұмырлы әрі берекелі отбасы құрудың алғы шарты отбасы құруға дұрыс шешім қабылдаудан басталады. Демек, кез келген мәселені шешудің алғы шарты - қойылған мақсатқа байланысты дұрыс шешім қабылдаудан басталады.
«Адамның адамшылығы істі қалай аяқтағанында емес, қалай бастағанында»

демей ме Абай Құнанбайұлы. Ендеше, өмірге адам әкеліп тәрбиелеуді мақсат еткен отбасыны құруда да басынан қателік жібермей, жар таңдаудан бастап дұрыс бастауға әрекет ету арқылы екі жас өз еркімен қабылдаған шешімдерімен болашақ отбасының іргетасын берік қалайды.

Алайда қазіргі заманда ата-ананың қысымы, араласатын ортасының ықпалы және бірге оқыған құрдастарынан қалмау т.б факторлар болашақ екі жасқа мезгілінен бұрын дайын емес болса да, отбасы құруға ерте шешім қабылдауда.

Отбасы адам баласына әрі физиологиялық әрі рухани қажеттіліктен туатын, әрі қоғамдық-әлеуметтік, мәдени өмір үшін отбасы құру, адам баласының адам ретінде басқа жаратылыс иелерінен айырмашылығын көрсететін ең маңызды міндет болып саналады. Демек, осыншама маңызы бар отбасы құруды тек қана ер мен әйелдің арасындағы жыныстық қажеттілікті қанағаттандыру деп түсінгендер отбасында болатын рухани ләззатты бастамай жатып сөндіргендер болып саналады. Өйткені жыныстық ләззат адам ағзасы үшін белгілі бір қысқа уақытқа, яғни адам баласының ұнату сынды сезіміне берілген уақытша сыйлық болып саналады. Бұл қажеттілік жасалғаннан кейін ерлі-зайыптылар қалған уақытын өткізу үшін, отбасына кері әсертін тигізетін бос нәрселермен айналыса бастайды да, ұрпақ жалғау, бала тәрбиелеу, қартайған ата-анаға қарау, қоғамға пайдалы істермен айналысу сынды адамм құндылықтар далада қалады. Демек «жыныстық қажеттілік» отбасы институтын алға сүйреу үшін қажетті құрал әрі жаратушы тарапынан адам баласына отбасыда болатын қиыншылықтарды сездіру үшін ер мен әйелге берген сыйлық ретінде қарау керек.

Олай болса, отбасында сүйіспеншілік, құрмет, сый-сияпат, бір-біріне көмектесу, қуаныш пен қайғыны бөлісу, шыдамдылық, адалдық т.б адами қасиеттер бар.
Отбасы деген алып кемені жоғарыдағы адами құндылықтарды бір жерге топтастырып, бір арман мен мақсатқа тоғыстырғанда ғана алға жылжытуға болады.


#кітаптан


Алла қаласа, Ақан Мергембай ұстазымыздың отбасына қатысты тағы бір кітабы жарық көргелі отыр екен. Кітап – «Қамқоршы: қызды қияға қондырудың сара жолы» деп аталады. Кітап шықса сатып алып, аға-інілерімізге, әкелерімізге сыйлап, оқып пайдаға асырайық!

https://t.me/mergembaiakan

#жақсыны_көрмекке
#ізгі_істердің_таралуына_ат_салыс




Махаббат деген нәрсенің ішінде бір үлкен құбылыс бар. Оны анық білмесек адасамыз.
Махаббатқа ең негізгі нәрседей өте қатты мән беруге болмайды.

Махаббаттың өзі-ақ адамның бойын баурап,толық билеп алып кетеді. Мысалы,сіз теңізге шомыласыз. Махаббат та теңіз сияқты.Теңіздің ортасына барып шомылмайсыз ғой,шетіне шомыласыз. Анау асау толқындар сізге ерік бермей,өзінің тереңіне алып кетуі мүмкін. Махаббат та сол сияқты. Махаббаттың шетіне шомылсаңыз,соның өзі әлдеқайда жеткілікті. Махаббатқа өзіңізді көзсіз тастай салсаңыз,сіз ертең тұншығып,қай жерінде жүргеніңізді білмей қаласыз.

Иә,махаббат деген теңізге өзіңізді бүтіндей тастай салмаңыз.
Махаббаттың толқынын басыңыздан асырып отырмасаңыз, махаббат кейде сізді қор қылатын жігіттің аяғының астына салып беруі мүмкін.


Махаббат сіздің көзіңізді тұтастай жауып тастап, жаныңызда шырылдап тұрған жақындарыңыздың ақылын естіртпей тастауы мүмкін. Пештегі отқа біртіндеп отын салып,маздатып жаққан сияқты махаббаттың да қызуы пайдалы болуы керек. Отты лаулатып жақсаңыз,қазандағы тамағыңыз күйіп кетеді. Ал бабымен жазып отырсаңыз, қазандағы асыңыз балбырап дәмді болып піседі. Махаббаттың да қызуы қазаныңыздың астына жаққан от секілді мөлшермен болуы қажет.

[Мұхамеджан Тазабек ағамыз]
#қарындастарға_насихат


Әйелдер махаббатта ерлерге қарағанда шынайырақ,бұл ерлерді кемсіту емес сондай-ақ әйелдерді мақтау да емес!
Бұл — жаратылыс жалғасын табуы үшін Алла адамдарға берген табиғи қасиет.


Алла Тағала Адамды (оған Алланың сәлемі болсын) балшықтан жаратты, ал Хауаны Адамның қабырғасынан жаратты.
Егер Хауа Адамның бір бөлігі болса, онда Адам — Хауа үшін бүтін.

Ер адам әйелді қанша сүйсе де, оны өмірінің бір бөлшегі етеді, өйткені басынан ол оның болмысының бір бөлігі болды.

Ал әйел ер адамды сүйсе, оны бүкіл өмірі етеді, өйткені ол ер адамды өзінің бүтін болмысы ретінде қабылдайды.

Ер адам әйелге тәуелді болуды ауыр көреді, себебі ол топырақтан жаратылған тіршілік иесі.

Ал әйел ер адамның қамқорлығында болып, оның материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыруына ешқандай ауырсынбайды. Ол мұны әлсіздік немесе кемшілік деп сезінбейді, өйткені ол — жүрекке жақын жаратылыс.

Шейх Әдһам Шарқауи (хафизаһулла)

https://t.me/akhmedovyerbol парақшасынан алынды


Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Отбасы нәпақасын таба алмаудан қорқып үйленбеген адам бізден емес»

,- деген және осы сөзін үш мәрте қайталаған.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «бізден емес» деген сөзі мына мағынаға сай келеді:
Сүннетіміз және жолымызға ермеген. Өйткені біздің сүннетіміз және жолымыз - үйленіп, бала-шағалы болу”

#кітаптан


Неке махаббатқа негізделмейді.

Құран ерлі-зайыптылар арасындағы идеалды исламдық қарым-қатынасты сипаттағанда, «рахма» (мейірім) және «муадда» (терең сезім) терминдерін қолданады. Бір қызығы, Құранда «хубб» (махаббат) сөзі басқа контексттерде, соның ішінде Зуләйха мен Юсуф пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі болсын) қиссасында қолданылады, мұнда Зуләйханың сезімдері құмарлық пен сүйіспеншіліктің обсессивті түрі ретінде сипатталады. «Хубб» пен «муадда» арасындағы бұл айырмашылық Исламдағы берік неке қарым-қатынасының негізін түсіну үшін өте маңызды.

«Хубб» пен «муадданың» айырмашылығы олардың табиғатында. «Хубб» сезімдер мен эмоцияларды, «ғашық болу» күйін білдіреді. Бұл күй бастан өткерген жағдайлар мен эмоцияларға байланысты өзгереді, келеді және кетеді.

«Муадда», керісінше, құштарлықтың тереңірек, тұрақты және күшті түрі. Ол эмоцияларды ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынасты, эмпатияны, мейірімділікті және сүйіспеншілікті қамтиды. Ол дұрыс нәсрлереге негізделген болса, күшті болады: құрмет, қызмет, қамқорлық, өзара түсіністік.

«Хубб» өткінші және кейде елес сезім болуы мүмкін болса, «муадда» эмпатия мен өзара түсіністікке негізделген тұрақты қарым-қатынас болып табылады.

Голливуд пен Болливуд махаббаттың романтизацияланған және шындыққа жанаспайтын концепцияларын дәріптейтін эмотивизм дәуірінде біз эмоционалдық қарқындылықтың төмендеуіне байланысты көптеген ажырасуларды көріп жатырмыз. Көптеген адамдар, ұзақ жылдар бойы некеде болғаннан кейін, тіпті нақты некелік проблемалар болмаса да, жұбайын «сүймейтінін» айтады. Көбінесе бұл олардың неке туралы тұжырымдамасы өткінші «хубб» сезіміне негізделген. Эмоциялардың қарқындылығы басылғанда, өмірлік қиындықтар басталады, олар жұбайымен тығыз эмоционалдық байланысты сезінбейді және қарым-қатынасты тоқтатады, содан кейін өкінеді.

Ислам «мууадда» мен «рахмаға» негізделген ұзақ және терең некені ұсынады. Бұл қасиеттер өткінші сезімдерге байланысты емес, бір-біріне деген қамқорлық, қызмет көрсету, мейірімділік және жауапкершілік сияқты дәйекті әрекеттерге байланысты. Осы айырмашылықты түсініп, қарым-қатынастарында «муадданы» күшейте отырып, ерлі-зайыптылар тек қуанышты сәттерге ғана емес, қиындықтарға да төтеп бере алатын берік отбасылар құра алады. Мұндай жанұялар қазіргі романтикалық идеалдар көтерген уақытша жалт өткінші эмоционалды сезімге қарағанда әлдеқайда мағыналы қарым-қатынастарға негізделеді.

Доктор Абдуллаһ Хасан.

https://t.me/ImanKuanyshqyzy


“Ей, жастар жамағаты! Кімнің үйленуге күші жетсе, бірден үйленсін. Өйткені үйлену көзді (харамға қараудан) қорғаушы және (жыныс) мүшесін (зинадан) қорғаушы. Ал кімнің бұған күші жетпесе, ораза ұстасын. Өйткені ораза (шәһуатты) басушы”

(Бұхари 6-том, 117 бет;
Мүслим 4-том, 128 бет)


Бір ұстазымыз айтқан еді:
“Әйелге ерді басқарып кету үшін білім керек емес, еркекке әйелді басқару үшін білім керек”…


https://t.me/bauyrganasikhat


Бала 80% нағашыға тартады, сондықтан бойдақтарға алатын қыздың отбасысына жақсылап қара дейміз.Марқұм Бауыржан Әлиұлы ұстаздың
Перзенттеріңізге жақсы нағашы жұрт таңдап беріңіздер"

деген сөзін естіп білдім.
Имам Таһауидің нағашы көкесі Исмаил Музанидің Имам Таһауидің үлкен ғалым болуына ықпал еткен екен.

(с) Арсен Шади бауырымыздың жазбасы
https://t.me/Shlounak


Бойдақтар, мына алты мақалды түсініп барып үйленсеңдер, жаман болмайсыңдар:
1. Бойдақта ес жоқ (Сондықтан есі барларды тыңда)
2. Қатын алма, қайын ал (Алатын жарыңның өзіне ғана емес, оның шыққан тегіне, өскен ортасына қара, таны, зертте, тексер)
3. Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық (Болашақ жарыңның түрінен де маңызды сипаты бар. Ол-тегі. Түр-сыртқы форма, тек-мазмұн)
4. Тексіз жерден қыз алсаң, перзентің толмас аршынға (Тек өз нәпсіңді ғана емес, болашақ ұрпағыңды да ойла)
5. Анасын көріп қызын ал (Қазақта көргенді, көргенсіз деген сөз бар. Қыз қанша ақылды, қанша сұңғыла болғанмен, ертең көрген үлгісінің шеңберінде өмір сүреді. Ол үлгі жақсы болса, жақсы, жаман болса, түзеу қиын, тіпті мүмкін емес)
6. Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан (Бала-шағаның нағашыға тартатыны- бабалар тілімен айтылған ақиқат. Сен тек жар таңдамайсың, болашақ ұрпағыңның генін, бір жұртын таңдайсың)

(с) Абай Қалшабек ағамыздан насихат

Показано 20 последних публикаций.